Жеке басқа табынушылық қайдан шығады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қасиетті Құранда «Мен  жын мен адамзатты Өзәіме құлшылық етулері үшін жараттым» деген аят бар. Яғни, Аллаға құлшылық ету немесе табыну адамзаттың бойына туабітті біткен табиғи қасиеті. Дегенмен де, көп адамдар сол табиғи қасиеттерін өзінің негізгі мақсатында, яғни Жаратқанға құлшылық ету үшін пайдаланбайды.

Аллаға табынбаған пенде өзі сияқты адамға табынады

Алла барша әлемді жаратушы, барша әлемді қорғаушы және тіршілік иелерін жарылқаушы, асыраушы. Бойларында туабітті табынушылық қасиеті бар пенделердің жүрегінде Аллаға деген сенім аз болғандықтан, олар қолдарында биліігі, байлығы бар немесе атағы шыққан, болмаса  басқа да жұртты тамсандырып, таңғалдыратын қасиеттері бар адамдарға табынуға бейім болады. Бұны бүгінгі ғылыми тілмен – кумир деп атап жүрміз.

Біреулер кумир ретінде атақты әнші немесе әртісті алады, екіншілері спорт жұлдыздарын кумирге айналдырып, соларға табынады. Қолында байлығы бар немесе биік мансапқа қол жеткізген адамдарға табынатындар да аз емес. Әдетте ондайлар кумирлерінің суреттерін төріне іліп қойып, солар туралы кітаптарды оқып, киноларды көреді, әрдайым солардың істерін сілекейлері шұбырып айтып, мақтап жүреді.

Кумирге табыну дегеннің қандай болатындығын бүгінгі әнші жұлдыздар жақсы біледі. Бір ресейлік әнші  жігіт өзіне құдайдай табынатын қыз туралы айтады. Әлгі қыз әнші қай қалаға өнер сапарымен барса, сонда барып, ең алдыңғы қатарда отырады екен және концерт біткен соң қыр соңынан қалмай жүріп қолтаңба алатын көрінеді.

Ертеректе француз актері Ален Делонға құдайдай сыйынатын бір қыз оған тұрмысқа шығуды армандайды. Бірақ атақты жұлдызға қолы жетпеген ол өзін сүйген жігіттің түрі сол актерге ұқсауын талап етеді. Ақырсында мұрыны Ален Делонға сәл-пәл ұқсайтын жігітті тауып, соған тұрмысқа шығады.

Табынушылық адам санасын соқыр етеді

Әлдекімді кумир тұтып, соған құдайдай табынатын адам әлгі кумирінің кемшіліктерін көруден қалады және оған өзі табынған пенде  бар кемшіліктен ада нағыз ҚҰДАЙ сияқты көрінеді. Осылайша, бұндай пенделер ет пен сүйектен жаратылған өзі сияқты адамды ҚҰДАЙҒА айналдырып алады.

Табынушылықтың ең классикалық үлгісі ретінде пайғамбарларға, әулиелерге табынушылықты айтуға болады. Мәселен, христиан дінінің негізін салған Иса пайғамбар Інжілде ешқашан өзін ҚҰДАЙМЫН деп атамаса да, оның ізбасарлары пайғамбарды қолдан ҚҰДАЙ жасап алды. Олар енді Құдай Әке, Құдай Ұл және Киелі Рух деп бір құдайды үшке бөліп, үшеуіне сыйынды.

Ал ислам дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамдарды АЛЛАНЫҢ ДОСЫ дейтіндер де пайғамбарды Алланың жанына апарып, Онымен теңестіріп қойғандарын сезбегендей.  Шындығында Пайғамбар ешқашан Алланың досымын деп айтпаған, ол әрдайым өзін Алланың мәңгі құлы екендігін айтып жүрген. Бірақ  жүректерінің дерті бар, білім нұрымен сусындамаған ізбасарларының арасында Пайғамбарды Алланың досы санап және Пайғамбарлардың сұлтаны атап, ислам дінін барша діндерден жоғары қоятындар шықты. Сөйтіп олар Пайғамбарды Алланың жанына отырғызып, досы етіп, теңестіріп қойды. Осылайша, ислам дініндегі ең үлкен күнә саналатын Аллаға серік қосушылықты қалай жасағандарын сезбеді.

Соқыр сенімнің жемісі – фанатизм

Өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған пендені Құдай санап, соған табынушылық адамды көрсоқыр етіп, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, шындық пен жалғанды ажырататын зердеден айырады. Зердесі жоқ пенде өзі табынатын кумиріне  күмәнсіз сенеді. Бұл – фанатизм деп аталатын дерттің белгісі.

Гитлерге құдайдай табынған фашист фанатиктері Германия жеңілген кезде өздеріне қол салып, көсемдерінің соңынан о дүниеге аттанып жатты. Сталинге табынған кеңестік адамдар да аз болмады. Ондайлар Сталиннен ақылды адам жоқ деп санап, оның әрбір ісіне тәнті болып, таңдай қағып, тамсанып айтып жүрді.

Кеңес заманында коммунистік идеяға құлай сенгендер еш ойланбастан, бастарын өлімге байлайтын. Тіпті, мектепте оқып жүрген, жастары кәмелетке толмаған балалар еріктілер қатарында соғысқа аттанып, бастарын ажалға  өз еріктерімен байлады. Бұның бәрін олар ақылмен емес, соқыр сенімнің ықпалымен жасады.

Түйін: Егер сіз Аллаға сенбейтін болсаңыз және Аллаға құлшылық етпесеңіз, онда міндетті түрде өзіңіз сияқты ет пен сүйектен жаратылған бір пендені кумир санап, соған табынатын боласыз. Өйткені, бұл сіздің табиғатыңыз. Алла адамдарды Өзіне құлшылық етулері үшін ғана жаратқан. Яғни құлшылық ету, табыну әр пенденің табиғи қасиеті. Оны өз мақсатында пайдаланбаған пенде теріс жолға түсіп, кумирге табынушылыққа бой алдырады.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика