Жер туралы не білеміз

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруӨзіміз өмір сүріп жатқан Жер деп аталатын планета туралы не білеміз? Бар білетініміз – ол домалақ шар сияқты, төрттен үшін су басқан, бес құрлықтан тұрады деген сияқты ғылыми түсінікке негізделген болымсыз тұжырымдар ғана. Шындығында, бүгінгі материалистік ғылым Жер туралы тек көрініп тұрған бөлігіне қатысты ғана толымсыз түсінік береді. Іс жүзінде, Жер біз ойлағаннан әлдеқайда басқаша және күрделі планета екен.

Білімді беделді көзден алғанда ғана ақиқатты танимыз

Бүгінгі материалистік ғылымға сенуге болмайтынын мына жайдан анық бағамдауға болады: біз мектепте оқып жүрген өткен ғасырдың 70-ші жылдарында химияда «атом дегеніміз одан әрі бөлшектеуге келмейтін заттың ең ұсақ бөлшегі» деген ереже болатын. Ол кезде ғылым атом ең ұсақ бөлшек деп санайтын. Кейін ғылым дами келе атомның өзі әрі қарай бөлшектенетінін, заттың ең ұсақ бөлшегін табуға әзірге ғылым дәрменсіз болып отырғанын дәлелдеді. Осылайша, материалистік ғылым уақыт өткен сайын өз ұстанымдарын үнемі өзгертіп отырады. Яғни, тұрақты нақты тұжырым жоқ. Ендеше осындай ғылымға сенуге бола ма?

Толымды білімді біз беделді көзден ғана ала аламыз. Ал, барша әлемді Жаратушы Алла – ең беделді білім көзі. Ендеше, Алланың өзі айтқан Жер туралы түсініктерді толымды және нақты ақиқат деп қабылдауға болады.

Веда ілімі Жер туралы не айтады

Құранда да, Інжілде де Жер туралы толымды ақпарат жоқтың қасы. Керісінше, веда ілімінің қаймағы саналатын Шримад Бхагаватамда Жердің жаратылуы, оның көлемі мен орны, табиғаты жайында жан-жақты және толымды түсінік берілген. Бұл кітаптың бедел болатын себебі, ол бастан аяқ Жаратушы Алланың сөзінен және Ол туралы періштелердің баяндаған әңгімелерінен тұрады. Енді соған назар аударып көрейік.

Жердің атауын санскрит тілінде Бхумангала деп атайды. Ол біз ойлағандай домалақ шар сияқты емес, жалпақ екен және қашықтығы 4 миллиард шақырымды құрайды. Бхумангала аталған біздің планетамыз 7 аралдан тұрады дейді веда ілімі. Аралдардың арасын су бөліп тұр. Біз тұрған арал – Джамбудвипа деп аталады және 9 бөліктен тұрады. Ол бөліктердің арасын биік таулар бөлген.

Сол 9 бөліктің өзіміз өмір сүріп жатқан бөлігін – Бхаратаварша деп атайды. Оның бір шетінен екінші шетіне дейінгі қашықтығы 1,2 миллион шақырым. Ал, енді осы тұжырымды бүгінгі ғылым анықтап отырған жердің ғылыми тұжырымдамасымен салыстырып көрелік. Бізге көрініп тұрған Жер планетасының жалпы диаметрі 12,8 мың шақырым. Мысалы сіз бір мекеннен шығып, жер шарын дәл сол бойлықпен аралап шығу үшін 12 мың шақырым жүресіз.

Ал, веда ілімі бойынша жердің біз өмір сүріп жатқан кішкентай бөлігі – Бхарата варшаның өзі 1,2 миллион шақырым болса, онда біздің ғылыми тұжырымымыз қайда қалады?

Әркім әлемді өз сана деңгейінде таниды

Қасиетті Құранда «жын» деп аталатын сүре бар. Бізге көрінбейтін оттан жаратылған жын атты тіршілік иелері болатынын қасиетті кітап растайды. Ал, сол жын-шәйтан дегендер қайда өмір сүреді? Бұл бізге де, біздің ғарыш жылдамдығымен дамып жатқан ғылымымызға да жұмбақ.

Бала кезімдегі мынадай оқиға есімде қалып қойыпты. Ол кезде жасым 3-4-тер шамасы болса керек. Өзімнен бес жас үлкен әпкем және оның қатарлас бірнеше құрбылары бар бәріміз құмның басында ойнап отырдық. Биік құмның бергі жағында ауыл, шеткі үй – біздің үй. Ал құмның арғы жағы үлкен тақыр жайпауыт жер болатын.

Содан құмның арғы жағына қарасам, жайқалған жасыл шалғын, ағып жатқан шағын өзен, оның жағасындағы жайпақ үй, сол үйдің маңында жайылып жүрген мал мен аулада әңгімелесіп отырған бірнеше ересек адам, ойнап жүрген бір-екі баланы көрдім. Сол-ақ екен бұл туралы қасымдағы әпкеме айтып, анаң қара балалар ойнап жүр деймін. Мұны естіген әпкем «бісміллә де, көзіңе шайтан көрінген ғой» деп мені тиып тастады. Бірақ «бісміллә» дегенмен, әлгі көрініс жойылмады.

Шындығында, құмның арғы жағы елсіз дала болатын, бірақ маған көрінген әлгі көріністің  себебін материалситік мектепте оқыған мен түсіне алмай жүрдім. Тек кейін ведалық іліммен танысқан соң ғана, өзіміз өмір сүріп жатқан жердің бетінде параллель өмірдің барлығын ұғындым.

Енді жоғарыда айтқан Жердің көлеміне келейік. Шындығында, жер біз ойлағандай емес, алып планета және онда бір мезгілде паралель өлшемдерде сансыз көп тіршілік иелері өмір сүреді. Оны қазақтар жын, пері, сайтан, жезтырнақ, албасты, т.б. атаулармен атаған. Ондайларды адамдар анда-санда көріп қалады. Бұның себебі адам санасының деңгейіне байланысты болады екен. Сана деңгейі жоғарылаған сайын, таным көкжиегіміз де кеңи түспек. Міне, сол кезде қасымыздағы паралель әлемдер ашылып, көріне бастамақ.

Жерде қанша әлем бар?

Веда ілімінде жер бетінде қатар өмір сүретін 64 әлем бар дейді. Ол 64 өз кезегінде тағы екіге бөлініп, ол бөлшектер онан әрі төртке жіктелмек. Міне, осылайша, жер бетінде бір мезетте жүздеген өлшемдерде әртүрлі тіршілік иелері қатар өмір кешеді. Алланың құдыретімен олар бірін-бірі көрмейді және кедергі жасамайды. Дегенмен, сана деңгейі жоғарылаған данышпандардың таным көзі ашылып, олар жанымыздағы паралель өлшемдерді көріп, олармен араласа алады.

Ер Төстік ертегісінің кейіпкері жер астына түсіп, өзге әлемге тап болмай ма. Паралель әлемдерді жалғастыратын түрлі есіктер болатынын бүгінгі ғылым да растап отыр. Сондай есіктен абайсызда өзге әлемге еніп кеткендер, кері қайта алмай, із-түзсіз жоғалып жатады.

Гималайда саяхаттап жүрген бір ағылшын тау басында белгісіз мекенге тап болады. Онда өзгеше тілде сөйлейтін адамдар тұрады екен. Сол адамдармен араласып, бірнеше жыл тұрған ол кейін әлгі есік арқылы тағы да кездейсоқтықтан өз әлемімізге оралады. Қызығы сол, ол әлгі әлемде бірнеше жыл ғана болдым деп санайды, ал бұл кезде жерде ондаған жылдар өтіп кетіпті. Оның қатарластары қартайып, көбі дүниеден озыпты. Өкініштісі сол, әлгі кейін қанша іздесе де тау басындағы мекенді таба алмайды.

Түйін: біз өзіміз өмір кешіп жатқан Жер планетасы туралы жарытып ештеңе білмейміз. Өзімізбен қатар қаншама тіршілік иелерінің өмір сүріп жатқандығын, олардың тұрмысы мен жетістіктерінен де бейхабармыз. Адам санасының тұйықтығы сонша, олар тіпті, өздерін барша әлемдегі жалғыз тіршілік иелері санайды. Өзге әлем туралы әңгімелердің бәрі ойдан шығарылған ертегі деп түсінеді.

Жер туралы, қатар орналасқан әлемдер жайлы толығырақ білгіңіз келсе, блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз. Бұл тақырыпқа қайта оралып, толығырақ жазатын боламыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика