Жолы болғыш адам мен қырсық айналдырған адам

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

инвестиция-1Біреулер өмірде ойлаған мақсаттарына жетіп, үнемі биіктерден көрініп жүрсе, енді біреулер қырсықтан құтыла алмай, жолы болмай үнемі бақытсыздық басынан арылмай жатады. Бұның бәрін адамдар – тағдыр солай деп белгісіз күшке артып, оның астарын білуге және өз өмірлерін өзгертуге еш құлық танытпай, «тағдыр салды біз көндікпен» өмірлерін өткізеді.

Табысты адам деген кім?

Жолы болғыш, бақыт құсы басына қонақтаған табысты адам кім? Неге ондай адамдардың жолы болғыш келеді және ойларына алғандары әрдайым орындалып жатады? Бұның сырын білу үшін сондай табысқа жеткіш адамдардың мінез-құлқы мен сөзіне, іс-әрекеттеріне, өмірлік ұстанымдарына назар аударсақ  құпияның бетін ашу қиын болмайды. Табысты адамдар қалай ойлайды, қалай сөйлейді, не істейді, мінез-құлықтары қандай?  Енді осыған нақтырақ назар аударып көрелік.

Ең алдымен, мұндай адамдар көп оқиды. Қазақ «оқымаса ой тоқырайды» дегендей, көп оқыған адам көп ақпарат, көп білім алады. Ал, білім кез-келген мақсатқа жетуге жол ашады. Екінші ерекшелігі – жаңа нәрсеге әрдайым бейім тұрады. Ондай адам жаңалыққа кіржие қарамай, керісінше соны тез меңгеріп алуға күш салады.

Үшіншіден, олар кешірімді болып келеді. Қазақ «жақсы адамның ашуы шәйі көйлек кепшкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше» деп текке айтпаған. Кешірімшіл адамның жауы болмайды, ол айналасындағы барлық адаммен жақсы қатынас жасайды. Төртіншіден, ондай адам жауапкершілікті мойнына алудан қашпайды. Өзі жасаған қателіктен олқылық кетіп жатса, ол жауапкершілікті мойынан алып, сол үшін жауап беруге әзір тұрады.

Бесіншіден, тәубешіл болады, яғни Жаратқанның берген несібесіне қанағат тұтып, соған тәубе етеді және сәл ғана біреудің жасаған жақсылығы үшін алғысын айтып, оны қайтаруға асық болады. Алтыншыдан, ондай адамдардың өмірде алдарына қойған нақты мақсаттары болады. Сол мақсатқа қалай жетуге болатынын бағамдап, ойына алған мақсатына жету үшін күн сайын қажетті шаруаларды атқарып жүреді.

Жетіншіден, ондай адамдар өмірлерін өзгертуден қашпайды, тіпті жайлы тұрмыс, жақсы орта болса да, ол адам қажет болған жағдайда соның бәрін тастап, өмірін жаңадан басқа ортада бастаудан қашпайды. Міне, осындай жеті түрлі қасиет бойыңыздан табылып жатса, сіздің өзіңіздің ойыңызға алған мақсатыңызға жетіп, өмірде бақыт ауылының тұрақты тұрғыны болатыныңыз даусыз.

Табыссыз адам қандай болады?

Жолы болмайтын, қырсықтан көз ашпай, өмірден орнын таппай жүретін пенденің бойында да жоғарыда аталғандай негізгі жеті қасиет болады. Енді соларға жекелеп тоқталып көрейік.

Ең алдымен, мұндай жандар теледидар алдында жатып, күндіз-түні телесериалдар мен басқа да пайдасыз хабарларды тамашалаудан жалықпайды. Екінші қасиеті: өзгелерді сынауға әрдайым бейім тұрады. Олардың аузынан үнемі айналасындағылардың бойындағы кемшілікті іздеп, соны жұртқа жария ететін сөздер шығады.

Үшіншіден, жаңа өзгерістерден қорқады. Олар күнделікті қалыптасқан өмір әуенін өзгерткілері келмейді. Тіпті, ол өмірлері ит байласа тұрғысыз дейтіндей ауыр және азапты болса да соған әбден көндігіп алып, содан айрылса құрып кететіндей көреді. Төртіншіден, іштеріне үнемі ашу-ыза, өкпе-ренішті жинап жүреді. Ондайлармен кездесе қалсаң-ақ, айналасындағы адамдарды, онан қалды атқарушы билікті, үкіметті ит терісін басына қаптап сынай бастайды.

Бесіншіден, олар өздерін бәрін білетін данышпандай көреді. Кез-келген тақырыпта бірдеңе айтып, өздерін бәрін білетін жандай көрсетуге бейім тұрады, тіпті ештеңе білмесе де бірдеңе айтып қалуға тырысады және білмеймін деп онысын өлсе де мойындамайды. Алтыншыдан, өзгелерге қатаң талап қоюға бейім. Ондайлар әдетте өздеріне еш талап қоймайды, бірақ айналасындағыларға қатаң талап қойып, соны орындауды талап етеді. Жетінші қасиеті – мұндай пенделердің алдарына қойған нақты мақсаттары болмайды. Оларда ешқандай мақсат жоқ. Мақсаттары – машинам болса, үйім болса, жақсы қызмет болса деген сияқты тұманды, жалпылама бірдеңе болып келеді.

Егер сіздің бойыңызда осындай қасиеттер болса, онда одан тезірек арылуға барынша тырысыңыз. Әйтпеген күнде, бұл қасиеттер сізді құрдымға құлатып, бақытсыздық ауылының тұрақты тұрғынына айналдырады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика