Декабрь 2014

Ресейдегі инфляцияның бізге әсері бола ма?

Нарық жағдайында ақшаның құнсыздануы үнемі және тұрақты түрде қайталанып отыратын құбылыс. Бұны күтпеген жерден ұстап, құтыңды қашыратын ұстамалы аурумен салыстыруға болады. 1992 жылдың қаңтарында Қазақстан нарыққа көшкеннен кейінгі кезеңде талай ақшаның құнсыздануын бастан кешірді. Инфляция ең алдымен, қарапайым жұртшылыққа ауыр соққы болып тиеді.

Ақша неге құнсызданады?

Егер ақылға салып қарайтын болсақ, ақша ешқашан құнсызданбауы тиіс. Мәселен, бір тауарды өндіру үшін сіз белгілі бір қуат, шикізат және уақыт жұмсайсыз. Оның бағасы соған орай белгіленеді. Ғылым мен техниканың дамуы тауарды өндіруге жұмсалатын қуат пен уақытты азайтып, соған орай өнім бағасын арзандатуға ықпалын тигізеді. Яғни, ғылым дамыған сайын тауар құны кеми түспек.

Шындығында жағдай бұлай болмай отыр. Керісінше, бұрын арзан болған тауардың бағасы қазір бірнеше есеге өсіп кеткен. Оған жұмсалған шикізат сол күйінде қалды, ал уақыт пен қуат көлемі біршама кеміді. Соған қарамастан, баға аспандап шыға келді. Неге?

Мұның астарында ең басты және негізгі себеп – адам факторы тұрғаны белгілі. Нарық жағдайында бағаны базар нарқы белгілейді. Егер сұраныс көбейсе, баға көтеріле береді. Ал бір заттың бағасының көтерілуі Прочитать остальную часть записи »

Жүрек қан тамыр аурулары неден пайда болады?

Бүгінде әлемде жүрек қан тамыр ауралары жыл сайын қырық миллионнан астам адамның өмірін жалмап жатады екен. Қазақстанның халқы 17 миллион екендігін ескерсек, жыл сайын біздің еліміздей екі мемлекеттің халқы осы дерттен қайтыс болады. Жүрек қан тамыр аурулары жыл санап өршіп барады. Әзірге медицинаның оны ауыздықтауға қауқары жоқ.

Қан қысымы неге ауытқиды?

Қан қысымым жоғары немесе төмен деп шағынатындар көп. Олардың арасында жасамыстар да, жастар да аз емес. «Давлением көтеріліп, басым сынып тұр» деп күнара мазасы қашып жүретіндерді қай-қайсымыз да көріп, естіп жүреміз. Бұл адамды төсекке таңып қоятын дерт болмаса да, қан қысымының ауытқуы әліңді құртып, басыңды ауырлатып, дел-сал күйге түсіреді. Мұндайда жұмыс істемек түгілі, жәй отырып демалу да мүмкін болмай қалады.

Қан қысымының ауытқуын бүгінгі медицина нақты тұжырымдап дәл себебін айтып бере алмайды. Бұның себебін «Секрет» фильмінің жалғасынан тапқандай болдым. Квантты физиканың дамуы соңғы кезде материалдық әлем туралы ой-пікірімізді түбегейлі өзгертіп жатыр. Айналамыздағы жанды-жансыз Прочитать остальную часть записи »

Мықты көшбасшы мың жылда өмірге бір келеді

 

Ертегілерде айтылған халықтың қамын ойлап, халыққа қызмет еткен, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» дейтін қоғамды орнатқан әділ және қайрымды басшылар туралы оқиғалар қарапайым халықтың қиял-арманынан туған дүние сияқты. Мына жалғанда қиындық пен тауқыметті көп тартатын қарапайым халық елдің қамын жейтін адал да әділ ерлер туралы армандап, соны ертегінің кейіпкеріне айналдыратын сыңайлы.

Мықты және әлсіз адамның баяны

«Қазақстан» телеарнасында «Бейбарыс сұлтан» атты сериал жүріп жатыр. Өз басым бірінші сериясынан бастап тамашалап келемін. Қарадан шығып хан болған, бала кезінде құлдыққа сатылып, содан өз күшімен, ақыл-парасатымен билікке жеткен Бейбарыс бабамыздың өмірі халықтың қамын жеген мықты көшбасшы кім деген сауалға жауап беретіндей.

Крестшілердің қалың қолы анталап келген сәтте кенеттен қайтыс болған Мысырдың сұлтаны Аюптың қазасына қарамай, оның тақ мұрагері Аббас шах келгенше елді, қалың қолды басқарып, жауды жағадан алдырмаған мықты қолбасшылар Ақтай мен Бейбарыстың еңбегін бағаламай, олардан тағымды тартып а Прочитать остальную часть записи »

Денсаулықты сақтаудың сенімді және қарапайым тәсілі

«Бірінші байлық – денсаулық» деп тектен текке айтылмаған. Ауырған адамға кең дүние тарылып, тірліктің қызық-қуанышы қалмайды. Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі денсаулықтарының жайын тек ауырған кезде ғана ойлайды, сондай-ақ, олардың денсаулықтарын сақтау тәсілі – емханаға барып, дәрігерге көріну, оның жазып берген дәрісін сатып алып ішумен шектеледі. Шындығында бұлай денсаулықты сақтау мүмкін емес.

Күн тәртібін сақтаудың көмегі көп.

Мыңдаған жылдық тарихы бар ежелгі үнді халқының денсаулықты сақтау ғылымы – аюрведа күн тәртібін сақтау арқылы ғана адам бойындағы жазылмас дерттерінің жартсынан астамынан дәрісіз жазылады екен. Аюрведа іліміне сай күн тәртібі дегеніміз, тек бір мезгілде жатып, ояну және тамақтану емес.

Аюрведа ғылым 24 сағаттан тұратын тәулікті үш элементтің шеңберінде қарастырады. Бұл элементтер: от, су және ауа. Осы үш элемент әрбір төрт сағат сайын кезектесіп келіп отырады және осы табиғи элементтердің өзіне тән қасиеттері бар. Міне, соны біліп және тиімді пайдалану арқылы денсаулықты Прочитать остальную часть записи »

Нәтижеге жетудің құпиясы

Адамдардың басым көпшілігі, тіпті бәрі дерлік жұмысты тек нәтижесі үшін жасайды. Олар жұмысты қолға аларда, оны орындап жатқан кезде сол істі атқару оған қанша игілік әкелетінін, яғни нәтижесін ойлаумен болады. Өкінішке орай, біз істің нәтижесін ойлап, соған жетуді қанша армандасақ та, іс жүзінде нәтиже біз күткендегідей болмай жатады.

Нәтижеге жетуге не кедергі?

Кез келген шаруаны қолына алған адам ең алдымен сол арқылы қандай пайда табатынын ойлайды. Ойын сол жұмыстың нәтижесіне шоғырлаған пенде өзі атқарып жатқан жұмыстың өзін онша ойлай қоймайды. Жан-жағыңызға зер салып қараңызшы, тіпті көлік рулінде отырған жүргізушінің өзі әлденені ойлап отырады. Біз жүріп келе жатып, тамақ ішіп отырып, түрлі жұмыстарды жасап жатқан кезде – үнемі сол іске мүлдем қатысы жоқ жайлар туралы ойлап жүреміз.
Медитациямен немесе иогамен айналысатындарда «самадхи» деген түсінік бар. Самадхи – бұл иогтың ақыл-ойын шоғырлаған нысанға бар назарын аударуы арқылы соған толық енуі. Самадхи деңгейіне жету арқылы адам ақиқатты таниды деген түсінік бар. Яғни, сіз бірдеңе жайлы тереңірек білгіңіз келсе, сол нысанға ақыл-ойыңызды барынша шоғырлап, ол жайындағы ақпараттарға бар зейініңізбен назар аударуыңыз шарт.
Егер сіз бір жұмысты жасап жатқан кезде басқа нәрсе туралы ойлап отырсаңыз, жұмысыңыздың сапасына бұл Прочитать остальную часть записи »

Жалқаулықтан қалай құтылуға болады

Қазақта «жалқаулық деген жақсы екен, жатып ішер ас болса» деген мақал бар. Әрине, жатып ішер ас тек өте бай-бақуатты адамда ғана болатыны белгілі. Бірақ та, бұрынғы замандағыдай бүгінде байлық негізінен ата-бабадан мұра болып қалмайды, оған көп адамдар өз еңбегімен, ақыл-ой, қабылетімен жетулеріне тура келеді. Ал ондай жағдайға жету үшін жалқаулыққа бой алдырмай, керісінше тер төгіп еңбектену қажет болмақ.

Адамның бір дұшпаны – жалқаулық.

Алға басқан қадамды кері кетіретін адамның бойындағы ең жаман қасиеттердің бірі – жалқаулық. Бұндай қасиетті бойына дарытқан пенде өзіне де, жақын туыс-таныстарына да, өзі өмір сүретін қоғамға да еш пайда әкелмей, уақытын текке өткезеді. Ондай адам тұрмысын түзеп, бақуатты бола алмайтыны өз алдына, қызметте де, білім алып, интеллектуалдық жағынан өсуде, рухани дамуда да еш ілгері баспай, құрдымға құлайды. Яғни, бұндай пендеге екі дүниеде де бақыт жоқ.
Егер шындыққа тура қарайтын болсақ, жалқаулық деген қасиет адамдардың көбінде, тіпті бәрінде бар. Дегенмен, біреулер сол жалқаулықты аз да болса тізгіндеп, пайдалы жұмыс атқаруға ерік-жігерін Прочитать остальную часть записи »

Сезім нысанына шектен тыс байланудың зардабы

Әрнәрсенің өз мөлшері болады, ал мөлшерден асып кетсе, оның пайдасы емес, залалы тимек. Адам сезім нысаны арқылы фәни дүниенің игіліктеріне байланады. Бұл – табиғи және заңды құбылыс. Дегенмен, сезім нысанына шектен тыс байлану – адамға үлкен залалын тигізеді.

Рухани азаттық дегеннің мәні қандай?

Эзотерикалық шығармаларды оқи қалсаңыз, азаттық деген сөзді жиі ұшыратасыз. Рухани азаттықтың мәні – фәни жалғанның игіліктеріне байланбай, бәрінен бос болу. Әрине, бұл екінің бірінің шамасы жетпейтін биік мақсат. Дегенмен, барлық фәни игілікті тәркі етуге шамаңыз жетпегенмен, тым болмағанда сезім нысандарына шектен тыс байланбауыңыз шарт.
Қожа Ахмет Яссауи бабамыз 63 жасқа келгенде дүниені тәркі етіп жер астына өз еркімен түсті. Сөйтіп ол қалған ғұмырын жарық дүниені көрмей, қара су мен кепкен жемісті қорек етіп, күндіз-түні Аллаға құлшылық етумен өткізді. Дәл осындай тәркі етушілікті бүгінгі пенде жасай ала ма? 63-ке келген кез-келген кісіден жер астына түсіп, дүниені тәркі етесіз бе деп сұрасаңыз, сізді ақыл-есінен айрылған есуасқа балайтыны анық.
Мың жылдан астам ғұмыр кешкен Қожа Ахмет Яссауидің есімінің әлі күнге ел сақталуы, оған барша мұсылман Прочитать остальную часть записи »

Адамзаттың алжасуы

Адам ең саналы тіршілік иесі, адам Алланың жердегі орынбасары, адам мына әлемнің қожасы – осындай пікірге біздің қай-қайсымыз да еш күмәнданбай келісеміз. Шындығында, адам деп аталатын екі аяқты пенденің жан-жануарлардан, тіпті құмырсқа, ара секілді жәндіктерден де ақыл-санасының төмен екендігін сіз білесіз бе?

Адам баласының ең үлкен қателігі.

Адамды екі дүниеде де қайғы мен қасыретке ұшыратып, қиындықтан көз ашырмайтын себеп – оның өзін рахаттанушымын деп түсінуінен болады. Иә, адамның ең үлкен қателігі – осы. Ал жан-жануарлар, басқа тірі мақұлықтардың ешқайсы өзін рахаттанушымын деп санамайды, олар Жаратқанның бергенін қанағат тұтып, табиғат белгілеп берген заң шеңберінде өмір сүреді.

Өзін рахаттанушымын деп санайтын адам болса, Жаратқанның бергенін ғана емес, бермегенін де аламын, қайтсем көп рахатқа бөленемін деп өле-өлгенше арпалысуымен болады. Сіз көз алдыңызға мынаны елестетіп көріңізші: егер адам өзін рахаттанушы деп санамай, Жаратқанның бергенін қанағат етіп, басқа да тіршілік иелері сияқты табиғат заңына сай өмір кешсін делік. Ол кезде не болады?

Бұл жағдайда бай-кедей, бастық-бағынышты, дос-дұшпан сияқты екіжарылу доғарылып, барша адамзат бір Прочитать остальную часть записи »

Денсаулықты сақтаудың екі тәсілі

Бүгінде адамдардың арасында кең тарағын денсаулықты сақтаудың негізгі екі тәсілі бар. Ол – ауырған кезде емханаға барып дәрігерге көріну және дәрігердің жазып берген дәрісін сатып алып ішу, екіншісі – салауаттылықты ұстану, ұйқы мен тамақтану ережесін сақтап, дене жаттығуын жасау, бір сөзбен айтқанда денсаулықты күту.

Дәрімен аурудан айығуға бола ма?

Таяуда «миллионерше ойлау» атты өзін өзі жетілдіру курсының авторы Алекс Яновскиидің бір сабағын тыңдадым. Онда Яновскии  «дәрігер үшін науқас табыс түсіретін клиент, сондықтан дәрігер күнкөрісі үшін науқастың ауруынан түбегейлі жазылып кетуіне мүдделі емес» дегенді айтты. Дәрігерге  науқас адамның  бір дертінен жазылған соң екіншісімен ауырып, қайта-қайта келе беруі тиімді.

Қазақ «өлеңді жерде өгіз, өлімді жерде молда семіреді» дейді. Яғни, дәрігерге адамдардың неғұрлым көп ауырып, емханаға жиі баруы, дәріні күнде сатып алып ішуі тиімді. Міне, сондықтан да, денсаулықты сақтаудың алғашқы тәсілін ұстанғандар ешқашан ауруларынан толық айықпайды және олар емхананың тұрақты Прочитать остальную часть записи »

Ақша үшін ар-ұяттан айрылуға бола ма?

Кеңес заманында адамдар «байлық – мұрат емес, кедейлік – ұят емес» деген қағидамен қоңырқай тірлік кешті. Қазір адамдардың тұрмысы да, мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы да түгел өзгерді. Байлық қазір ең басты мұратқа айналды. Ешкімнің де кедей болғысы келмейді. Ақша әлемнің ең құдыретті әміршісі болып отыр. Ақшаға тәнін, арын, тіпті жанын сататындар көп, өте көп…

Ақша үшін әке мен бала соттасуда.

Көкшетауда үлкен бизнесмен болды. Ол барлық бизнесін өз қолымен және адал еңбегімен жасады. Демеушілік жасап, ақша сұрап келгендерге де қолдан келгенше көмектесіп тұратын. Өкінішке орай, сол кәсіпкер әйелімен тіл табыса алмай, ажырасты. Бар дүниесін, кәсібін түгел баласына қалдырып, өзі басқа жаққа кетті.

Таяуда облыстық сот жариялауға жіберген сот шешімдерінің ішінен әлгі кәсіпкердің туған баалсымен соттасқан шешімді көзім шалды. Бар дүниесін баласына қалдырып кеткен ол енді бұрынғы компанияның басшылығы қызметіне қайтып келмек екен. Мені заңсыз шығарды деген мазмұнда сотқа шағым берген. Шындығында ол компанияның қожайыны және басшысы болатын. Енді оның иесі — баласы.

Осылайша әкелі-балалы екеуі дүниеге таласып соттасуға кірісіпті. Алғашқы сот сатысында әкесі жеңілген. Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика