Архив рубрики «Денсаулық»

Денсаулыққа ақша салу

Бүгін денсаулығы үшін бес теңге салуды қымбатсынған адам, ертең ауырғанда жүз теңге салуға мәжбүр болады. Десе де, «сараң екі есе төлейді» деген халық даналығын естен шығарып, денсаулықтың жайын тек ауырған кезде ғана ойлайтындар көп. Емханаға барсаң, қай уақытта да иінтіресіп кезекте тұрған адамдарды көресің. Олардың арасында егде адамдармен бірге, қылшылдаған жас қыз-жігіттер де қаптап жүреді.

Дүмбілез дәрігер, қымбат дәрі

Тәп-тәуір қызмет істейтін бір танысым біраз ауырып жатып, жұмысына шықты. Ауырып қалыпты дегенді естігенім болмаса, жақын араластығымыз болмағасын, көңілін сұрап бармаған едім. Жұмысына шыққан соң бір шаруамен кіре қалдым. Денсаулығы жайын сұрағанымда ол: «қазіргі дәрігерлер сау адамды ауру етеді екен, құдай мұны енді басқа салмасын» деді.

Әлгі кісі ауырып, Көкшетаудағы арнайы емханаға барып емделеді. Үлкен лауазымды қызмет ететін оған жеке палата беріп, білікті деген дәрігерлер ем-домын жасапты. Бірақ ауруы асқынғаны болмаса, жазылатын болмапты. Содан бір күні оның көңілін сұрап, Астанада тұратын танысы телефон шалады. Бұл жағдайын айта бастағанда ол «Астанаға кел, мен сені мықты емханаға орналастырамын» дейді.

-Содан Астанаға бардым. Ондағы дәрігерлер мүлдем басқаша диагноз қойды және басқаша ем жасады. Содан бір жетіде аяғымнан тұрып, дертімнен айықтым. Егер Көкшетауда жата берсем, өледі екенмін, -деді Прочитать остальную часть записи »

Денсаулықты нығайтып, жасартады

Қазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп текке айтпаған ғой. Қазір денсаулықтарынан айрылып, әртүрлі дерттер бойларын жайлаған адамдар көп. Олардың арасында кәрілер де, жастар да бар. Егер емханаға бара қалсаңыз, иін тіреске кезекті көресіз. Бұл барлық емханаларға тән көрініс. Осыдайда «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген ұстанымды ұстанса, адамдар көп уақытын емханада кезек күтіп өткізбес еді-ау деген ойға қаласың.

Жайнестің жасартатын  өнімдері

Америкалық Жайнес компаниясы нарықта он жылдан астам уақыт бойы адам ағзаларын жасартып, иммундық қуатын арттыратын және денсаулығын нығайтатын препараттар жасаумен айналйсып келеді. Компания қазіргі күні әлемнің 141 еліне тауар сатады екен. Тауар айналымының көлемі 1,5 миллиард доллардан асады.

Компанияның өз өнімдерін ышғаратын зауыты мен зертханалары бар. Онда әлемге танымал микробиолог ғалымдар еңбек етеді. Компания желілі маркетинг жүйесімен жұмыс жасайтындықтан, оның өнімдерін дүкендер мен дәріханалардан таба алмайсыз. Тек Прочитать остальную часть записи »

Дәрігерге сенуге бола ма?

ниши жаттыгуыБәрі ақшаға сатылатын нарық билеген қазіргі заманда бірнеше жоғары білімі, ғылыми атағы бар, оқыған-тоқыған лауазым иелерінің көбі пара алып, мемлекет қаржысын ұрлап, жемқор атанып сотталып жатыр. Қазір қай салада болмасын, жемқорлық деген белең алып, арыны қатты асау аттай бой бермей тұр.

Гиппократ антын аяққа таптағандар

Осыдан біраз жыл бұрын құлағым ауырып, емханаға бардым. Күп болып ісіп кеткен құлағымды көрген дәрігер орыс келіншегі «ота жасау керек» деді. Сөйтіп, қағаз жазып беріп, медкомиссиядан өтесің деп жіберді. Құлағым ауырып түні бойы ұйықтай алмай жүрген мен амалсыз кезекке тұріп үш күн медкомиссиядан өттім. Ол аз дегендей, әлгі келіншек маған тубдиспансерден және бір мекемеден барып анықтама әкел деп және жұмсады. Содан қаным басыма шапқан мен бас дәрігерге барып болған жайды айтып едім әлгі өзіме дүрсе қоя берсін. «Не, сен дәрігердің үстінен шағым жасамақпысың қалай емдеуді ол өзі біледі» дейді.

Прочитать остальную часть записи »

КӨЗІЛДІРІККЕ БАЙЛАНҒАН ШЕРМЕНДЕЛЕР

көзілдірікБүгінде көзілдіріксіз өмірді көз алдымызға елесете алмайтындай болдық. Оны бес жастағы баладан бастап, тоқсандағы қарияларға дейін киеді. Біреу сән үшін, енді біреу күн көзінен қорғайды деп, ал басқалары көру қабілетінің нашарлығынан киеді. Қалалар мен үлкен елді мекендерде қаптап кеткен оптикаларды былай қойғанда, көзілдірік сатып тұрғандар қара базарларда да жыртылып айрылады. Ағы, қарасы, көгі, жасылы дейсің бе, көркі көз жауын алатын бірінен бірі өтетін тамаша көзілдіріктерді көргенде еріксіз қызығасың. Қызығасың да бағасы онша қымбат емес сондай көзілдіріктің бірін сатып аласың. Бірақ, оның ақырының денсаулығымызға қаншалықты қатер төндіретіндігін екінің бірі елеп, ескере бермейді.

Ғалымдардың айтуынша қазір өткен ғасырға қарағанда көзге түсетін салмақ 40 пайызға артқан. Ұйқыдан көзін аша сала теледидарды қосып, жаңа күнін қаптаған телеканалдардан беріліп жатқан түрлі хабарларға қадала қараудан бастайтын адамдар көздеріне  қаншалықты салмақ Прочитать остальную часть записи »

Ерте тұрудың пайдасы

денсаулыкҚазақта «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің жұмысы артық» деген нақыл бар. Мұсылман дінінде де ерте тұру міндеттеледі, яғни әрбір мұсылман ерте тұрып таң намазын оқуы тиіс. Жалғыз ислам емес, барлық дәстүрлі діндерде ерте тұрып, құлшылық ету сол дінді ұстанушыларға міндет болып саналады.

Ерте тұру не береді?

Өкінішке орай, бүгінде әсіресе, қалада тұратындар күн шыққан соң, кеш оянуды әдетке айналдырған. Жұмыс күндері амалсыз сәл ертерек тұрғанымен, демалыс күндері жасыратыны жоқ тал түске дейін ұйықтайтындар аз емес. Кеш ұйықтап, кеш тұрудың қандай залалдары бар?

Ежелгі веда өркениетінен бастау алған адам денсаулығын нығайту жөніндегі байырғы ілім – аюрведа жердегі уақыт үш элементтің ықпалында болатынын айтады. Ол: от, су және ауа. Әрбір төрт сағат сайын қайталанып тұратын осы элементтердің әрқайссының өз ерекшеліктері бар. Прочитать остальную часть записи »

Сумен ашығу

ашығуАшығудың пайдасы туралы аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Десе де, көп адамдар осындай арзан әрі қолжетімді денсаулықты нығайтудың тәсіліне көңіл бөлмей жатады. Бүгінде белең алып кеткен жүрек, қантамыр ауруы, рак, асқазан аурулары, стресс, басқа да дерттердің бәрі дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болатыны медицина қызметкерлеріне ғана емес, көкірек көзі ашық әрбір жанға жақсы белгілі.

Сумен қалай ашығуға болады?

Ашығудың әр түрі бар, ең залалсызы және пайдалысы – сумен ашығу. Оның мәні мынада: сіз тамақ ішіп-жемейсіз, тек суды ғана тұтынасыз. Бұның бір жақсы жері: су ішіп жүргендіктен, аштықты онша сезінбейсіз және аштық салдарынан болатын әлсіздіктен де аулақ боласыз. Сумен ашығу қиындықсыз өтеді және адам ағзасына көп пайдасы бар.

Прочитать остальную часть записи »

Миыңыз тынық болсын десеңіз

интуицияМи адам тәнінің басты ағзаларының бірі және оның тәннің қызметінде атқаратын рөлі өте зор. Әсіресе, ой қызметінде мидың сергек болып, қалыпты жұмыс істеуінің маңызы ерекше. Осы орайда, миды жалқаулыққа жетелейтін жеті себеппен таныс болудың артықтығы жоқ. Ол себептердің қатарында мыналар бар:

Ұйқының қанбауы. Созылмалы ұйқысыздықтың денсаулыққа келтірер зияны аз емес. Дұрыс ұйықтамаған адам ұйқы басып шаршап жүреді және зейіні мен ми жұмысы әлсірейді. Адамдарға жақсы тынығып, дұрыс жұмыс  істеу үшін  күн сайын кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау  қажет. Дегенмен, кейбіреулер үшін  үш-төрт сағаттық ұйқы да жеткілікті.

– Стресс. Бүгінде белең алған дерттің бірі саналатын стрессті мойныңызға мінгізсеңіз, құтылу қиын болады.  Стреспен күресудің ең қолжетімді тәсілдерінің қатарында күнделік жазып отыру, психологтың кеңесін тыңдау, дене жаттығуларымен айналысу, ұйықтау мен тамақтану ережесін сақтау сияқты шаралар бар.

Прочитать остальную часть записи »

Қарапайым денешынықтырудың пайдасы

ниши жаттыгуы«Бірінші байлық – денсаулық» деген нақылды білмейтін адам жоқ шығар. Дегенмен де, осындай қарапайым ақиқатқа күнделікті өмірде мән беріп жатқан жандар аз.  Адамдар денсаулықтың қадірін тек аырғанда ғана біледі және олардың негізгі  денсаулықты сақтау тәсілдері – емханаға барып, дірігер жазып берген дәріні сатып алып ішумен шектеледі. Содан болар, бүгінде емханаларда кезек күткен адамдар легі жылдан жылға көбеймесе, азаяр емес.

Денешынықтыру жаттығулары не береді?

Күнде таңертеңгілік 15-20 минут денешынықтыру жаттығуын жасау адамға не береді? Бұл жөнінде медициналық терминдермен ғылыми тілмен баяндаудың еш пайдасы болмас, өйткені ондайларды көбіміз әржерден оқып, естіп жүрміз. Осы жайды қарапайым  ұғынықты тілмен, қисынға (логика) салып Прочитать остальную часть записи »

Ақыл-оймен аурудан айығуға бола ма?

медитацияБүгінде емі жоқ дерттер қатары көбейіп барады. Мәселен, қант диабеті деген ауру ешқашан жазылмайды екен, оны тек дәрінің көмегімен аздап әлсіретуге, сөйтіп адамның өмір жасын ептеп  ұзартуға ғана болады. Сондай-ақ, обыр аталып жүрген рак, жүрек-қантамыр аурулары – бұлардың бәрі өмірде жиі кезедсетін және жыл сайын мыңдаған адамның өмірін жалмап жатқан жазылмас дерттер.

Ақылымен аурудан айыққан адам

Қазір әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Секрет» фильмінің бір кейіпкерінің бастан кешкен оқиғасына назар аударып көрелік. Қол-аяғы балғадай орта жастағы әлгі кісі жекеменшік  ұшағымен ұшып келе жатып, апатқа ұшырайды. Жерге құлаған ұшақтан аман қалғанымен, ауруханаға  аса ауыр Прочитать остальную часть записи »

Жүз жас шек емес

шынығуБүгінде жасы 88-ге келген Бекболат Сәдуақасов ақсақал денсаулықты сақтау, ауырмау, ұзақ жасау әр адамның өз қолында деп санайды. Биылғы жылдың тамыз айында 88-ге толып, 89-ға аяқ басатын ақсақал ауру дегенді білмейді, емханаға бармайды және дәрі-дәрмек ішпейді.

Мен қалай арақтан тиылдым

1928 жылдың 17 тамызында дүниеге келген Бекболат ақсақал соғыс біткенде 18-ге толмағандықтан, соғыс сұрапылын көрмеген. Бірақ ол Ұлы Отан соғысының отты жылдарында бұғанасы қатпай ерте еңбекке араласып, ұлы жеңіске өз үлесін қосты.

Еңбек жолымды Зеренді аудандық прокуратурасында қызмет істеуден бастадым, -дейді ақсақал. –Ол кезде жұрттың бәрі Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика