Бүгінде жасы 88-ге келген Бекболат Сәдуақасов ақсақал денсаулықты сақтау, ауырмау, ұзақ жасау әр адамның өз қолында деп санайды. Биылғы жылдың тамыз айында 88-ге толып, 89-ға аяқ басатын ақсақал ауру дегенді білмейді, емханаға бармайды және дәрі-дәрмек ішпейді.
Мен қалай арақтан тиылдым
1928 жылдың 17 тамызында дүниеге келген Бекболат ақсақал соғыс біткенде 18-ге толмағандықтан, соғыс сұрапылын көрмеген. Бірақ ол Ұлы Отан соғысының отты жылдарында бұғанасы қатпай ерте еңбекке араласып, ұлы жеңіске өз үлесін қосты.
Еңбек жолымды Зеренді аудандық прокуратурасында қызмет істеуден бастадым, -дейді ақсақал. –Ол кезде жұрттың бәрі (далее…)








