
Қызметтің бәрі, оның ішінде денсаулық сақтау қызметі түгел ақылы шет елдерде «ауру – бұл қымбат игілік» деген сөз бар екен. Сондықтан да, шет елдің адамдары таң атпай шолақ дамбал киіп алып жүгіреді, қыста мұздай суға шомылады, таза ауада серуендейді – әйтеуір ауырмаудың амалын жасайды.
Жемқорлық жайлаған сала
Соңғы рет ауруханаға 2008 жылы барған екенмін. Содан кейін анау-мынау ұсақ ауруларға өзімше ем-дом жасап, емханаға ат ізін салған емеспін. Соңғы рет емханаға барғанымда құлағыма суық тиіп, сол үшін барғанмын. Отит деген бала кезден жабысқан құлақ ауруы анда-санда бір ұстап қалатыны бар-ды.
Құлағым күп болып ісіп, қатты қиналған соң амалсыз емханаға бардым. Құлақ емдейтін орыс әйел бірден ота жасау керек, медициналық тексеруден өтесің деді. Жазған құлда шаршау бар ма, жанымды көзіме көрсеткен ауруға қарамай үш күн жүріп тексеруден өттім. Тексеру қағазын алып дәрігерге кіргенімде ол тағы бір жерлерден анықтама әкелесің деді.
(далее…)






