Ғылым мен техника шарықтап дамыған 21-ші ғасырда да надандық құрсауында жүрген пенделер жетіп артылады. Білімділік бітірген оқумен, диплом атты қатырма қағазбен немесе ғылыми дәрежемен өлшенбейді. Бірнеше жоғары оқу орнын бітірген, ғылыми дәрежесі бар адамдардың арасында да надандар аз емес.
Надандықтың бір сипаты – фанатизм
Өткен ғасырда Гитлер деген бір қаскүнем немістерге «сендер арий нәсілінің ішіндегі ең таза ұлтсыңдар, сондықтан әлемнің басқа халықтарға немістерге құл болуы керек» деді. Халықтың көбі бұған имандай ұйып, құлай сенді. Осындай соқыр сенімді (далее…)







