Архив рубрики ‘Денсаулық’

су құйынуӨзім тұратын Көкшетаудың «Бурабай» деп аталатын мөлтекауданында бес дәріхана, бір емхана мен екі дәрігерлік амбулатория бар. Емханалар мен ауруханалар, дәріханалар саны жыл сайын көбейіп барады. Бірақ соның бәріне қарамастан аурулар саны азаяр емес, керісінше қай уақытта барсаң да емханада иін тірескен кезек күткендерді көресің.

Дәрі-дәрмек ауруды жазбайды, тек уақытша тоқтатады

Бірде дәрілік шөптен жасалған фито шәй алайын деп дәріханаға кіре қалдым. Бірнеше адам кезекте тұр екен. Олардың әрқайссы бірнешеден дәрі-дәрмек сатып алды. Ал менің алдымда тұрған жас (далее…)

табысДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам денсаулығын төрт түрлі өлшемде алып, бағалайды. Бұл өлшемдер: тәннің саулығы, яғни. ауру-сырқаудан аман болу; әлеуметтік жағдайыңыздың дұрыстығы (жұмысыңызға, алатын жалақыңызға көңіліңіздің толуы, отбасында, ұжымда тіл табысып жақсы қатынаста болу, тұрмыс жағдайдың дұрыстығы); психологиялық ахуалыңыздың дұрыстығы және рухани жағынан дамуға көңіл бөлу. Осы төрт шарт түгел орындалған жағдайда адамның денсаулығын жақсы деп бағалауға болады. Ал егер аталмыш өлшемдердің бірі талапқа сай болмаса, онда сіздің денсаулығыңызда кінәрат бар деген сөз.

Әлеуметтік саулық.

Денсаулық дегенді жұрт көбіне тәннің саулығы деп біржақты түсінетіні белгілі. Ал шын мәнінде тәннің саулығының өзі жоғарыда аталған өлшемдер түгел болғанда ғана толымды болмақ. Дерт көп (далее…)

рухани білімҚазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп бар байлықтың басына денсаулықты қойған. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деген сөз бар. Адам болған соң ауырмай тұрмайды. Дегенмен, сол дерттен айығудың амалын таппасаң, кішкене дерттің өзі асқынып, өміріңізге қауіп төндіретін қатерге айналуы ғажап емес.

Ауру қайдан шығады?

Қазір аурудан айығудың амалын әркім әр тараптан іздейтін болды. Біреу бұрынғыша үйренген әдетпен емханаға барса, екінші біреулер емшіні дұрыс көреді. Әлдекімдерден естігенін істеп өз бетінше ем-дом жасайтындар да бар. Бірақ та, біз қай тәсілді пайдаланбайық, дерттен құлан таза (далее…)

денсаулық«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар. Ауырмаудың ең сенімді және қолжетімді тәсілі- тәнді шынықтыру. Шынықтыру дегеніміз – бұл адам ағзаларын суыққа немесе ыстыққа, тағы да басқа сыртқы ортаға ақырындап бейімдеу арқылы оның түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыру жолындағы әрекеттер.

Шынығудың түрлері

Тәнді шынықтыру – денсаулықты жақсарту жолындағы тәжірибе арқылы анықталған тәсіл. Шынықтырудың негізі суық, ыстық немесе салқын темпаретураға күнделікті қайталанып отыратын жаттығулар арқылы тәнді бейімдеу болып табылады. Күнделікті жаттығу барысында адам тәні (далее…)

табандылықКейбір адамдар табиғатынан қол-аяқтары балғадай, бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнаған сымбатты болып жаратылады. Өкінішке орай, мұндай бақыт екінің біріне бұйырмаған. Салмағы қалыпты жағдайдан ауыр немесе тыриған арық болу кімге ұнайды дейсіз. Дегенмен, тағдыр жазды, біз көндік деп жүре бермей, белгілі жаттығулар жасау арқылы бұлшық етті жетілдіріп, сымбаттылыққа қол жеткізуге болады дейді сарапшылар.

Кез-келген адам атлет бола алады.

Бұл сөзді осыдан бір ғасырдан астам бұрын өмір сүрген әлемдегі ең күшті адамдардың бірі болған Георг Лурих айтқан. Жаурыны жерге тимеген палуан, онан қалды көрген жұртты таң-тамаша қалдыратын ақылға сиымсыз небір нөмірлердің авторы атанған Георг Лурих қазақтың «сегіз қырлы, (далее…)

медитация-1Иога туралы түсінік алғаш рет елімізге өткен ғасырдың ортасына қарай келе бастады. 1980 жылы «Наука и жизнь» журналында Воронин дегеннің хатха иога туралы сериалы мақалалары жарияланды. Сол тұста хатха иога туралы деректі фильм аударылып, одақ кинотеатрларында көрсетілді. Алғашында жұрт хатха иога деген дененің түрлі мүмкіндіктерін ашатын гимнастикалық жаттығу сияқты көріп жүрсе, кейін келе оның адамның денсаулығын жақсартуға зор ықпалы тиетінін түйсіне бастады.

Хатха иоганың түпкі отаны – Индия, бірақ оның қай заманнан бастау алатыны және кім ойлап шығарғаны белгісіз. Хатха иоганың мыңнан астам жаттығулары бар екен. Қызығы сол, ол жаттығулардың бәрі де адамның белгілі бір ағзасының жұмысын жақсартып, денсаулығын нығайтуға игі ықпалын тигізеді. Денсаулықты нығайту хатха иоганың бір бағыты ғана, екінші бағыты адам бойындағы прана деп аталатын қуаттың еркін ағып, бойыңды тік ұстап ұзақ уақыт отыруға, яғни медитациямен айналысуға мүмкіндік жасау.

Мықты денсаулық кепілі.

Иогамен айналысатындар әдетте жаттығудан кейін өздерін өте сергек, бойларына күш құйылғандай тың сезініп, көңіл күйлері жақсара түсетінін айтады. Мұның себебі неде? Иог данышпандардың айтуынша, адамның бойында прана деп аталатын қуат ағыны бар. Прана немесе тіршілік қуаты (далее…)

су құйынуОл кезде Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде қызмет істейтінмін. Редакцияға зейнеткер қариялар жиі келіп тұрады. Бұрын билік тұтқасын ұстап, тәп-тәуір қызмет атқарған зейнеткерлер қолы бостықтан зеріге ме редакцияға келіп қызметкерлермен түрлі әңгімелер айтып уақыт өткізеді. Олардың арасында бірдеңе жазып жүретіндері де болатын.

86-ғы жігіт

Аласа бойлы ашаңдау келген бір кісі өзінің мақалаларының қашан шығатындығын сұрап, редакция қызметкерлерімен сөйлесіп жүретінін талай көрдім. Жүзтаныс болғаны болмаса, дегенмен оны жете танымайтынмын. Бірде әңгімеден әңгіме шығып, ол кісінің салауатты өмір салтын ұстанатынын (далее…)

48«Ауру астан» деген сөз бар. Бойымызды жайлаған дерттің көбі дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болатынын көбіміз сезіне қоймаймыз. Артық салмақ деген бүгінде ең көп таралған дерт болып алды. Арықтаудың небір ақылға симайтын түрлерін ойлап тауып, сонымен күректеп ақша тауып жатқандар бар.
Мен 1987 жылы университет бітірген соң жолдамамен Торғай облысының Жангелді ауданында бір жылдай мұғалім болып қызмет істедім. Шалғай ауыл. Оңтүстіктің қазағы үшін мұндағы қысқа соғым сойып алу деген таңсық нәрсе. Күнде кешкілік қанаққа шақырады. Түн ортасына таман үлкен астауға салынған үйеме табақ ет келеді.
Содан тамақты тоя жеп, шәй ішесің де үйге келіп жатасың. Таңертең, түсте шәймен жүрек жалғап, бар тамақты кешкілік жатар орынға жейсің. Осылай бір жылдай уақыт өткізген мен асқазанымнан айрылып қала жаздадым. Жеңіл-желпі тамақ ішіп, көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек тұтынатын аймақта өскен маған еттен басқа тамақ жемейтін қыр елінің әдеті жақпады.

Вегетариан болу – уақыт талабы

Сол мен қызмет еткен ауылда қатерлі ісік (қылтамақ) деген ауру өте көп екен. Өзім жұмыс істеген бір жылдың ішінде көптеген адам сол аурудан көз жұмды.

(далее…)

шынығуПайғамбарымыздың хадистерінде «денсаулықты сақтау мұсылман баласы үшін уәжіп, өйткені барлық тағат ибадаттар сол арқылы жасалады» делінген. Мұның өзі ислам дінінде денсаулықты сақтауға үлкен мән берілетіндігін анық көрсетеді.

Денсаулығың болмаса, сенің байлығыңнан, атақ-мансабыңнан еш пайда жоқ. «Қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» дегендей-ақ, денсаулыққа көңіл бөлмесе, әсіресе жас келген сайын денсаулығыңыз нашарлай бермек. 35 жасқа дейін адамның тәні күшті болады, яғни ауру-сырқауға бой алдырмайды. Одан кейін ақырындап әлсірей бермек. Қырықтан асқан адам денсаулығын күтуге жете көңіл бөлмесе, бойына мысқалдап енген ауру, кейін келе апталап, айлап аурухана төсегіне таңып, аурухана сіздің екінші үйіңізге айналатын болады. Үнемі дәрі ішіп, жылына кем дегенде екі-үш рет ауруханаға түсіп шығатын адамдарды білемін. Мұның бәрі денсаулықты дұрыс күтпеудің салдары екендігі айдан анық.

Денсаулықты сақтаудың қарапайым тәсілі

Денсаулықты сақтаудың ең қарапайым және жұрттың бәріне қолжетімді тәсілдерінің бірі – мұздай су құйыну. Мұздай су құйыну туралы бүгінде әртүрлі кереғар пікірлер айтушылар бар. Шындығында, мұздай су құйынудың пайдасынан басқа еш залалы жоқ. Өз басым, міне біраз жылдан бері мұздай су құйынуды берік әдетке айналдырып келемін, нәтижесінде бұрын қыр соңымнан қалмайтын біраз аурулардан атқұла айықтым.

(далее…)

су құйынуҚазір ақпарат құралдары бірқатар африка елдерінде «түйе тұмауы» (карона вирус) деген емі жоқ ауру шығып, адамдардың өміріне қатер төндіруде деп ел-жұрттың зәресін алуда. Осыдан біраз бұрын «шошқа тұмауы», ал одан да ертеректе «құс тұмауы» дегендер бас көтеріп, халықтың құтын қашырғаны белгілі. Жалпы, соңғы кезде емі жоқ аурулар қатары өсіп барады.

Калачидегі жұмбақ ұйқы ауруы

Бұл туралы қазақстандық барлық дерлік ақпарат құралдары айтып, жазды. Қызығы сол, дәрігерлер мен ғалымдар Калачи тұрғындарын маужыратып ұйқыға батырған бұл аурудың қандай дерт екендігін, қайдан келгендігін, оны қалай емдеуге болатынын біле алмай әлекке түсті. Елбасының өзі бір алқалы жиында «ауруды анықтауға шамаларың жетпесе, шет елден неге маман шақырмайсыңдар» дегенді айтты.

(далее…)

Яндекс.Метрика