Салауаттылықтың басты жауы — жалқаулық

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

су құйынуОл кезде Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде қызмет істейтінмін. Редакцияға зейнеткер қариялар жиі келіп тұрады. Бұрын билік тұтқасын ұстап, тәп-тәуір қызмет атқарған зейнеткерлер қолы бостықтан зеріге ме редакцияға келіп қызметкерлермен түрлі әңгімелер айтып уақыт өткізеді. Олардың арасында бірдеңе жазып жүретіндері де болатын.

86-ғы жігіт

Аласа бойлы ашаңдау келген бір кісі өзінің мақалаларының қашан шығатындығын сұрап, редакция қызметкерлерімен сөйлесіп жүретінін талай көрдім. Жүзтаныс болғаны болмаса, дегенмен оны жете танымайтынмын. Бірде әңгімеден әңгіме шығып, ол кісінің салауатты өмір салтын ұстанатынын естідім. Содан газетке мақала дайындамақ болып, әлгі кісімен арнайы сөйлестім.
Сол кезде оның жасы 82-де еді, бүгінде 86-ға келді. Аты-жөні – Сәдуақасов Бекболат екен. Өзі ұзақ жылдар прокуратура саласында қызмет атқарған.

-Оқу бітірген жылы бұрынғы Көкшетау облысының бір ауданына прокуратураға қызметке бардым, -дейді ол. –Жас, әлі үйленбеген бойдақ кезім. Ол кезде жұрттың бәрі арақ ішеді. Бір күні арақ ішіп, жұмыстан аздап кешігіңкіреп қалдым. Содан прокурор кабинетіне шақырып алды. Көзім ісініп, кеше арақты біраз сілтегенім түрімнен байқалып тұрса керек, жасы жерортадан асқан прокурор жер-жебіріме жетіп біраз ұрсып алды. Содан кейін «енді арақ ішетін болсаң, қызметтен кетесің» деп қатаң ескертті. Сол әсер етсе керек, содан былай арақты ауызға алуды қойдым.

Сөйтіп, 22 жасында арақты қойған ақсақал темекіні мүлдем ауызға алмапты. Оның есесіне күнде таңертең дене жаттығуын жасауды, кейін келе жүгіруді, онан кейініректе мұздай су құйынуды берік әдетке айналдырады. Күніне 15-20 шақырымды жәй жүгіретін ол қолын алдына ұстап 500 рет отырып, тұрады. Ол аз десеңіз, иығына 16 келілік кірдің тасын қойып, 100 рет отырып, тұрады. Оның күнде жасайтын кешенді дене жаттығулары бар екен.

Алғаш денешынықтырумен айналысып жүрген кезімде өкпеме суық тиіп, бір айдай ауруханада жатып емделдім, -деп есіне алады ол. –Күн суықта терезенің желдеткішін қатты ашып қойып дене жаттығуын жасағандықтан, өкпеме суық тигізіп алыппын. Ал осыдан бірер жыл бұрын ауладағы турникке тартылып, шыр айналып жатқанымда бір орыстың кемпірінің сүзіле қарап қалғанын көрдім. Содан үйге келген соң денем дірілідеп, температурам көтеріліп ауырып қалдым. Не ауру екенін білмеймін, әйтеуір ауруханада екі жетідей жатып шықтым. Неден ауырғанымды естіген бір дәрігер «көз тию деген болады, ендігі уақытта жұрттың көзінше турнике тартылмаңыз» деп ақыл айтты. Өмірімде сөйтіп екі-ақ рет ауырып, ауруханаға жатыппын.

Денсаулық сақтаудың сенімді жолы

Ауру дегеннің не екенін білмейтін ақсақал сексеннен асқан жасында қаланың сыртындағы қорымда жатқан әйелінің қабірінің басына жұма сайын жүгіріп барып, құран бағыштап тұрады. Ол кісінің желе жортып, марафон жүгіріспен жағажолда кетіп бара жататынын талай көрдім. Қысы-жазы автобусқа мінбейтін қария спорт костюмін, ал қыстың аязды күндерінде жұқалау күрте киіп үнемі жаяу жүреді.

Бекболат ақсақалдың өмірі басты байлық – денсаулықты сақтаудың бірден бір және ең сенімді жолы салауатты өмір салтын ұстанып, дене жаттығуымен айналысу екендігін анық дәлелдейді. Өкінішке орай, ол кісінің немересімен жасты дейтіндей, қол-аяғы балғадай жігіттер жылына пәлен рет ауырып, ауруханада жатып шығады және қалталарына салған дәрілерін жұмыс орындарында ішіп жүретінін көріп жүреміз.

Адамдар неге денсаулықты сақтаудың ең сенімді және тегін жолы – салауаттылықты ұстанбайды? Оның жалғыз себебі – жалқаулық болса керек. Жастарына жетпей ауырып, үнемі жалақыларының жартсынан көбін дәрі-дәрмек алуға жұмсап жататын жандар салауаттылықты ұстануға құлықты емес. Олар жандарын қинап, дене жаттығуын жасап, арақ-шарап, темекі сияқты залалынан басқа түк пайдасы жоқ әдеттерден тиылуға еш құлық танытпайды. Соның нәтижесінде өмірлерінің жартсын ауруханада өткізіп, тауқыметтен көз аша алмай жүреді. Өкінішті-ақ, әрине.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика