Архив рубрики ‘Денсаулық’

Екінші аптадағы кешенді жаттығулардың екінші тобы омыртқаның қызметін қалыпқа түсіруге бағытталған. Бүгінде адамдардың көбі кеңседе ұзақты күн мамық орындықта отырып жұмыс жасайды. Түрлі қалыпта отыратындықтан, омыртқа қисайып, оның қозғалыстылығы нашарлайды.
Барлық жүйке жүйеміз омыртқа арқылы байланысатындықтан, оның қызметінің бұзылуы тәнімізде неше түрлі дерттердің пайда болуына әсерін тигізеді. «Егер тәніңіз түгел ауырып, дәрігерлер қандай дерт екендігін дәл басып анықтай алмай қиналса, оның себебі – омыртқа қызметінің бұзылуында» деп медицина саласының бір белгілі өкілі айтқандай, омыртқаның қалыпты жұмыс жасауы денсаулығымыздың жақсы болуына шешуші ықпал ететін жайлардың бірі.

«Алтын балық» жаттығуы.

Төсеніш төселген еденге арқаңыздан жатыңыз. Екі қолыңызды басыңыздан асырып барынша алға созыңыз, яғни қолдарыңыз еденге жабыса иық деңгейінде созылады. Аяқтарыңыз да еденге жабыса арасы дене өлшемінде сәл ашыңқы түрде жатады.

(далее…)

Ауру айтып келмейді. Ет пен сүйектен жаратылған пенде үшін ауру қашып құтыла алмайтын көлеңке іспетті. Бас ауырып, балтыр сыздаған кезде дерттен айығудың жолын әркім әр тараптан іздеп жатады.
Бүгінде адамдардың көбі бұндайда емханаға барып, дәрігер жазып берген дәрі-дәрмекті қабылдайды. Бірақ бәрі сатылатын нарық жағдайында емханаға барып, дәрі сатып алу біраз қалтаға салмақ түсіретін шаруа. Осыған орай, біреулер өзінше халық емін қабылдаса, енді біреулер емшілерге барып, солардан үміт күтеді.

Қазақта емшілік ертеден болған.

Ресейге қосылмай, Батыстың бүгінгі ғылыми жетістіктері келмей тұрған ерте кезеңде қазақта ауырғанды емдейтін халық емшілері болған. Негізінен оларды үш топқа бөлуге болады: тәуіптер, яғни түрлі дәрілік шөптерді пайдалану арқылы емдеушілер, бақсылар – бойларындағы қасиет арқылы жынмен байланысып, солар арқылы ем-дом жасайтындар, ең соңында, Құран аяттары арқылы дұғамен емдейтіндер.

(далее…)

жанӨткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында Кашпировски, Чумак сияқты экстрасенстер шығып, халық алғашында олрға құлай сенген. Бірақ кейін келе экстрасенс емшілерге деген сенім азайды. Оған себеп болған – емші атын жамылып, ақша табуды мақсат еткен алаяқтардың көбеюі болған еді.

Сол тұста ерінбегеннің бәрі өздерін емшіміз деп жариялап, халықтың ақшасын алдап алу белең алған-ды. Мұның өзі бойларында шын қасиеті бар нағыз емшілердің қызметіне үлкен залалын тигізді. Сол тұста ғылым тарапынан емшілердің бойындаға тылсым қабілетті зерттеуге деген ынта байқалған. Алаяқтар ғылыми зерттеулердің жалғасуына да кедергісін тигізді.

Халық емшісі Ырысты Жексенбекова.

1996 жыл болатын. Ол кезде мен Ақмола облысы Атбасар ауданында жаңадан ашылған қазақ тілінде шығатын «Атбасар» газетінің редакторы болып қызмет ететінмін. «Атбасар» қонақүйіне бір емші түсіпті дегенді естіп, сол тұста осы тақырыпқа қызығушылық танытып жүрген мен соған бардым.

(далее…)

ұзақ жасауБүгінде біз солардың қатарына жетсек деп армандап жүрген алдыңғы қатарлы дамыған елдердің азаматтарының маман психологтың көмегіне мұқтаждығы уақыт өткен сайын артып барады. Бұрын осындай бақуатты елдердің азаматтары отбасылық жеке дәрігер ұстайтын болса, енді әрбір адамның жеке психологы бар. Мұның себебі неде? Ең басты себеп, ғылыми-техникалық жағынан шарықтап дамыған бүгінге заман адамдардың алдынан түрлі қиындықтар мен кедергілер қоюда.

Психологтың қаншалықты көмегі бар?

Ғылыми жаңалықтар адам өмірін жеңілдетудің орнына онан әрі қиындатып, уақыт өткен сайын жаңа ауыртпалықтар әкелуде. Жұмыссыздық, әлсін-әлі әлемді тұқыртып кетіп отыратын қаржылық дағдарыстар, имансыздықтан туған адамдар арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі, ғылыми жетістіктерді пайдалану арқылы табиатпен байланыстың (далее…)

Ниши жүйесі бойынша тағы бір кешенді жаттығулар біздің ағзамызда жұмыс жасайтын табиғи қуаттардың ырғақтылығын қалпына келтіруге бағытталған. Тепе-теңдік пен ырғақтылық – бұл табиғаттың заңы. Онсыз адамның денсаулығы дұрыс болмайды.
Өкінішке орай, адамдардың өмірінде кездесетін түрлі жағдайлар олардың ағзаларының тепе-теңдігі мен ырғақтылығының бұзылуына соқтырып жатады. Ағзаларымыздағы нендей заттың тепе-теңдігі пен ырғақтылығы сақталуы тиіс?

Ырғақтылық не үшін қажет?

Ең алдымен, бұл ағзаларымыздағы қышқыл мен сілекей шіріштеріне қатысты.Содан кейін жүректен тәнімізге, одан қайта жүрекке оралатын қанның қозғалысын туғызатын тамырлардың қызметі ырғақтылықта болуы керек. Ағзаларымызға тағамдардың енуі мен қалдықтардың шығуы арасындағы ырғақтылық. Тәннің жылу мен суыққа реакциясы. Мидың сол және оң жақ (далее…)

шынығуПайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінде «Адамдар екі түрлі нәрсенің қадірін білмейді: денсаулық және бос уақыт» деп айтылған. Пайғамбарымыздың (с.а.с) заманында денсаулықтың қадірін білмеген пенде бүгінде де көп өзгере қойған жоқ. Жұрттың көбі денсаулықтарының жайын тек ауырғанда ғана ойлайды.

Ауырмайтын адам.

Өткенде моншада көптен бері көрінбей кеткен бір ақсақалды кездестірдім. Белі бүкшиіп, қатты жүдеп кетіпті. Парға бір кіргенге қатты қиналған ол демін баса алмай орындықта отырып қатты қалжырап қалғанын айтты. Көптен көрінбегені – ауырып қалған екен. Біреу одан «ақсақал (далее…)

Пайғамбарымыз хадистерінде «адам екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық» дейді. Денсаулықтың қадірін көбіне біз ауырған кезде ғана біліп, түйсініп жатамыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың амалын алдын ала жасадың жөн екендігін өкінішке орай, екінің бірі түйсіне қоймайды.

2002 жылдың көктемінде мен өкпеме суық тигізіп алып, екі айдай ауруханада жатып шықтым. Алғашында тәбет те, ұйқы да болмай, қатты жүдеп келген мен, ауруханада жатып, денсаулықтың қадір-қасиетін анық аңғарғандай болдым. Содан кейін-ақ, ауырып емделгеннен гөрі, оның алдын алу дұрыс екендігін түйсіндім. Міне, сол кезден, яғни 2002 жылдың көктемінен бері күнде таңертеңгілік дене жаттығуын жасау берік әдетіме айналды.

Таңертеңгілік дене жаттығуының берері мол.

Соңғы төрт-бес жылдың көлемінде мүлдем ауырған емеспін және дәрі-дәрмек ішпеймін. Емханаға басымды сұқпаймын. Мұны мен  кездейсоқтық деп санамаймын. Бұл салауатты өмір салтын ұстанып, ұйқы, тамақтың кестесін сақтау арқылы келген нәтиже десем, артық айтқандық болмас.

Мен алғашында таңертең 15-20 минуттай дене жаттығуын жасап жүрдім. Бұл денсаулығымды (далее…)

Құранда арақты, шошқаның етін, өлексені харам деп, одан бас тарту қажеттігі туралы айтылған аят бар. Бірақ Құранды оқымаған, ислам дінін ұстанбайтын бүгінгі адамдардың көбі арақ-шарапты харам деп санамайды. Кеңес заманында арақты ақылмен ішук керек деген түсінік болған, қазір де соны ұстанатындар көп.

Арақты ақылмен ішуге бола ма? Жоқ. Бұл арақ ішкісі келетіндердің өздерінің теріс әрекеттерін ақтап алу үшін ойдан шығарған ертегіден басқа түк те емес. Өйткені арақ тұрған жерде ақыл тұрмайды. Белгілі ақын Қадыр Мырза Әлінің «бір жүз грамм жетпейді де тұрады» деген өлеңі бар емес пе. Сол сияқты арақ ішкен адамға тағы бір жүз грамм қажет сияқтанады да тұрады. Содан ол ақыл-есі ауысқанша ішіп, ақылға симайтын істер жасап жатады.

Арақ көңіл көтеру құралы ма?

Жұрт арақты не үшін ішеді? Көңілдерін көтеріп, қайғы-мұңын басу үшін. Егер арақ ішетіндерге зер сала қарасаңыз, арақтың көңілді көтеріп, қайғыны басатын қасиеті жоқ екендігін бағамдауға болады. Керісінше, арақ ішкен адамның көңілі құлазып, ашу-ыза, өзімшілдік, әліне қарамай өркөкіректікке салыну, қызбалық сияқты жағымсыз қылықтарға бой алдыратынын көресің.

Кісі өлтіру, зорлау, адамға ауыр дене жарақатын салу сияқты қылмыстардың 90 пайызы арақ ішіп (далее…)

Әлемге танымал жапон ғалымы Кацудзо Ниши адам ағзасының керемет мүмкіндіктерін ашып, жазылмайтын дерттерден жазылудың қарапайым қолжетімді тәсілін жасады.
Бала кезінен дімкәс болған Нишиге дәрігерлер ары кетсе 20 жасқа дейін ғана өмір сүреді деген диагноз қояды. Айықпас дертке шалдыққан бозбала денсаулығын нығайтудың теңдессіз тәсілін жсаудың арқасында ауруларынан айығып қана қоймай, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етті.

Сенім арқылы барлық дерттен жазылуға болады.

Ниши тәсілінің негізі – адам ағзасының қалыпты қалпын жаңғыртуға мүмкіндік ашу. Осыдан кейін ағзаңыз бойыңыздағы дертті өзі-ақ жеңіп шығады. Біздің ағзамыз – дана және жетілген жүйе болып табылады. Онда табиғаттың өзі дарытқан аурудан айығу қабілеті бар. Ең бастысы, ағзаларыңыздың өзін өзі емдеуіне жағдай туғызу.

Ниши тәсілі бойынша емделуге кіріспес бұрын, ең алдымен мына жайды мықтап есте ұстаған (далее…)

«Бірінші байлық – денсаулық» деп қазақ тектен текке айтпаған. Егер денсаулығыңыз дұрыс болмаса, онда сіздің байлығыңыздан, биік мансабыңыз бен атақ-даңқыңыздан келер еш пайда жоқ. Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалекиссалам хадистерінде «денсаулықты сақтау мұсылман баласына уәжіп, өйткені барлық тағат ибадат сол арқылы жасалады» деген.

Денсаулықты сақтаудың ең сенімді және бірден-бір жолы – емханаға барып, дәрігер жазып берген дәрілерді алып ішу деп түсінеді көп адамдар. Бұл – түбегейлі қате пікір. Дәрі ішіп, аурудан құлан-таза жазылып кету мүмкін емес. Дәрі сіздің бір ауруыңызды аздап басып, әлсіретуге жәрдемін тигізгенмен, оның, әсіресе химиялық жолмен жасалған улы дәрілердің адам ағзасына үлкен залалдары болатынын дәрігерлердің өздері де теріске шығармайды.

Денсаулықты сақтаудың қарапайым тәсілі

Денсаулықты сақтаудың қарапайым және қолжетімді тәсілі- салауаттылық өмір салтын ұстану. Бұған еш ақшаның қажеті жоқ, бар болғаны күн сайын аздаған уақытыңызды бөліп отырсаңыз болғаны.

Денсаулықты сақтап, нығайтудың қарапайым және қолжетімді тәсілдерінің бірі ретінде мұздай суға шомылу жайын тілге тиек етпекпіз. Порфирий Ивановтың мұздай суға шомылу тәсілін насихаттау осыдан біраз жыл бұрын елімізде белең алып, содан кейін неге екені белгісіз тиылып (далее…)

Яндекс.Метрика