Жасытарыны жоқ, адамдардың көбі ақша туралы көп ойлайды. Шіркін менде сонша ақша болса, мынау ісім оңғарылып, сонша ақша тапсам деген сияқты арман, жоспар түріндегі ойлар үнемі санамызға маза таптырмайтыны рас. Ақша туралы ойлаудың қаншалықты залалы бар? Шындығында оның денсаулығымызға айтарлықтай залалы болады екен.
Ақшаның арбауында.
Адамдардың көбі еңбек ете жүріп, өз еңбегінің нәтижесі өзгелерге қаншалықты игілік әкелетінін емес, сол жұмысына қанша ақша алатындығы туралы ойлайды. Неғұрлым көбірек алсам, соғұрлым жақсы болар еді деп армандаудың астарында өзімшілдік пиғылдың жататыны анық.
Ақшам көп болса, көбірек рахатқа батып, бақытты тірлік кешер едім деп ойлайтындар бар.
Шыныдғында бақыт ақшаның көп-аздығына байланысты емес. «Қайғысыз қара суға да семіреді» дейді халық нақылы. Керісінше, ақшаның көптігі адамдарға көптеген ауыртпалықтар мен бақытсыздықтар әкеліп жатады. Ол аз десеңіз, үнемі ақша туралы ойлау адамның (далее…)








