Архив рубрики ‘Денсаулық’

Мен ол кісімен осыдан үш-төрт жылдай бұрын Көкшетауда шығатын «Шығыс спорт өнерлері» деп аталатын газетте қызмет істеп жүрген кезде таныстым. Сол тұста жасы алпыстарға келіп қалған әйелдің өмірге сонша құштарлығы мен өзіне деген сенімінің зорлығына қайран қалған едім.
Ирина Георгиевна Чичкарева 45 жасында қатты ауырып, дәрігерлер оған енді жарты жыл ғана өмірің қалды деген шешім шығарады

Порфирии Ивановтың әдісімен танысу.

 

Қартайып жер таянып отғырған адам емес, «Москва көзжасына сенбейді» фильмінің кейіпкері айтқандай «қырық жаста өмір енді басталады» деп түйсінетін келіншекке дәрігерлердің мына сөзі сұмдық әсер етеді.

Содан бір күні ол теміржолшылардың сарайында өтетін бір шараға бара қалады. Сол тұста Порфирий Ивановтың мұздай суға шомылу тәсілін насихаттаушылар қатары көп болатын. Сондай насихатшылардың бірі мәдениет сарайында бір сағаттай лекция оқиды. Өмірден күдерін үзіп жүрген Ирина Георгиевнаға әлгінің сөзі қатты әсер етеді. Осы тәсілді қолданып көрсем қайтеді (далее…)

Бүгінде әлемде жүрек қан тамыр ауралары жыл сайын қырық миллионнан астам адамның өмірін жалмап жатады екен. Қазақстанның халқы 17 миллион екендігін ескерсек, жыл сайын біздің еліміздей екі мемлекеттің халқы осы дерттен қайтыс болады. Жүрек қан тамыр аурулары жыл санап өршіп барады. Әзірге медицинаның оны ауыздықтауға қауқары жоқ.

Қан қысымы неге ауытқиды?

Қан қысымым жоғары немесе төмен деп шағынатындар көп. Олардың арасында жасамыстар да, жастар да аз емес. «Давлением көтеріліп, басым сынып тұр» деп күнара мазасы қашып жүретіндерді қай-қайсымыз да көріп, естіп жүреміз. Бұл адамды төсекке таңып қоятын дерт болмаса да, қан қысымының ауытқуы әліңді құртып, басыңды ауырлатып, дел-сал күйге түсіреді. Мұндайда жұмыс істемек түгілі, жәй отырып демалу да мүмкін болмай қалады.

Қан қысымының ауытқуын бүгінгі медицина нақты тұжырымдап дәл себебін айтып бере алмайды. Бұның себебін «Секрет» фильмінің жалғасынан тапқандай болдым. Квантты физиканың дамуы соңғы кезде материалдық әлем туралы ой-пікірімізді түбегейлі өзгертіп жатыр. Айналамыздағы жанды-жансыз (далее…)

«Бірінші байлық – денсаулық» деп тектен текке айтылмаған. Ауырған адамға кең дүние тарылып, тірліктің қызық-қуанышы қалмайды. Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі денсаулықтарының жайын тек ауырған кезде ғана ойлайды, сондай-ақ, олардың денсаулықтарын сақтау тәсілі – емханаға барып, дәрігерге көріну, оның жазып берген дәрісін сатып алып ішумен шектеледі. Шындығында бұлай денсаулықты сақтау мүмкін емес.

Күн тәртібін сақтаудың көмегі көп.

Мыңдаған жылдық тарихы бар ежелгі үнді халқының денсаулықты сақтау ғылымы – аюрведа күн тәртібін сақтау арқылы ғана адам бойындағы жазылмас дерттерінің жартсынан астамынан дәрісіз жазылады екен. Аюрведа іліміне сай күн тәртібі дегеніміз, тек бір мезгілде жатып, ояну және тамақтану емес.

Аюрведа ғылым 24 сағаттан тұратын тәулікті үш элементтің шеңберінде қарастырады. Бұл элементтер: от, су және ауа. Осы үш элемент әрбір төрт сағат сайын кезектесіп келіп отырады және осы табиғи элементтердің өзіне тән қасиеттері бар. Міне, соны біліп және тиімді пайдалану арқылы денсаулықты (далее…)

Бүгінде адамдардың арасында кең тарағын денсаулықты сақтаудың негізгі екі тәсілі бар. Ол – ауырған кезде емханаға барып дәрігерге көріну және дәрігердің жазып берген дәрісін сатып алып ішу, екіншісі – салауаттылықты ұстану, ұйқы мен тамақтану ережесін сақтап, дене жаттығуын жасау, бір сөзбен айтқанда денсаулықты күту.

Дәрімен аурудан айығуға бола ма?

Таяуда «миллионерше ойлау» атты өзін өзі жетілдіру курсының авторы Алекс Яновскиидің бір сабағын тыңдадым. Онда Яновскии  «дәрігер үшін науқас табыс түсіретін клиент, сондықтан дәрігер күнкөрісі үшін науқастың ауруынан түбегейлі жазылып кетуіне мүдделі емес» дегенді айтты. Дәрігерге  науқас адамның  бір дертінен жазылған соң екіншісімен ауырып, қайта-қайта келе беруі тиімді.

Қазақ «өлеңді жерде өгіз, өлімді жерде молда семіреді» дейді. Яғни, дәрігерге адамдардың неғұрлым көп ауырып, емханаға жиі баруы, дәріні күнде сатып алып ішуі тиімді. Міне, сондықтан да, денсаулықты сақтаудың алғашқы тәсілін ұстанғандар ешқашан ауруларынан толық айықпайды және олар емхананың тұрақты (далее…)

Яндекс.Метрика