Надандықтың бір белгісі – өз ұстанымының жоқтығы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

мақсатӨмірлік ұстанымы, өз көзқарасы жоқ адам табанының бүрі жоқ аяқ киім сияқты. Ондай аяқ киіммен қадам басқан сайын құлап, алға жылжуыңыз қиын болмақ. Өкінішке орай, қазіргі заманда адамдардың көпшілігінің өз ұстанымдары, көзқарастары жоқ. Ондайлар әркімнің жетегіне еріп, өзіне де, айналасындағыларға да залалын тигізіп жатады.

Көп айтса көнді, жұрт айтса болды

Ұлы Абайдың айтқан «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» деген өлеңіндегідей ұстанымды бағдар етіп алғандар көп бүгінде. Айналаңызға ой жүгіртіп қарасаңыз, ондайларды әрекетінен бірден байқайсыз. Мәселен, өзіне де, балаларына да залалын тигізіп, жұрттан қалмайын деп банктен кредит алып қарызға батып той жасайтындардың әрекеті осындай ұстанымды көрсетеді.

Имамдар мен молдалар өлікті жөнелткенде қаза шыққан үйден дәм татуға болмайды деп айтып жатады, бірақ жұрттан қалмайық деп асын, жетісін, қырқын, жылын беріп, жақынынан айрылып қайғы құшқаны аздай қарызға белшесінен батып жататындар жетерлік. Бұның өлген адамға да, артында қалған туыстарына да еш пайдасы жоқтығын біле тұра, көптен қалмайық деп сондай әрекет жасайды.

Ұстанымы жоқ адам өзгенің жетегінде кетеді

Өмірге деген нақты ұстанымы, өзіндік көзқарасы бар адамдар ешқашан, ешкімге ермейді. Олар өздерінің алға қойған мақсат-мұраттарынан таймай, алған беттерінен қайтпайды. Ондай адамдарды көзқарасынан өзгерту мүмкін емес. Ал өкінішке орай, қазір өз ұстанымы жоқ пенделер көбейді.

Менің бір танысым бұрын басшы болып істейтін бір кісіні жек көретін. Ал содан кейін әлгі кісінің арқасында жақсы қызметке қол жеткізіп еді, көзқарасы өзгеріп шыға келді. Қазір ол құдайға емес, әлгі өзін қызметке қойған, бүгінде биік лауазым атқаратын адамға табынады. Сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы – бәрінде әлгі кісіге еліктеп жүреді. Осылайша оның бұрынғы табиғи мінез-құлқы жоғалып, басқа адам болып кетті. Мұндайлар егер ертең басқа біреу қызмет берсе, соған табынып, осылайша үнемі әлдекімдерге ұқсап, соларға еліктеумен өтеді. Мұндайлар түсін сыртқы ортаға сай өзгерте беретін хамалеон деп аталатын жәндікке ұқсайды.

Бүгінде әлемге үлкен қатер төндіріп отырған ислам экстремистері дегендер де өздерінің көзқарастары, нақты ұстанымдары жоқ табандары тайғақ пенделер. Олар әлдекімдердің сөзіне имандай сеніп, солардың жетегінде кеткендер. Бұндайлар Шыңғыс Айтматовтың романының кейіпкері – мәңгүрт сияқты. Өздері еліктеп, бас иетін қожайындарының қолындағы жансыз қуыршаққа айналған ондайлар еш ойсыз тірлік кешеді.

Ұстанымның негізі – сенім

Жүрегінде кәміл сенімі бар адамда ғана берік ұстаным, көзқарас болады. Ал сенімнің ең жоғары шыңы – Аллаға деген сенім. Құдайға сенген адамда берік ұстаным, нық көзқарас бар. Ондайлар өз көзқарасы, ұстанымдары үшін жандарын құрбан етуге әзір.

Аллаға деген нық сенім толымды білім арқылы ғана келеді. Әлдекімдерге еліктеп қауғитып сақал қойып, шапан киіп, өздерінше намаз оқып мұсылман болып жүргендерде білім жоқ. Білімі жоқ адамды алдап, кез келген мақсатқа пайдалануға болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика