Қанағат қарын тойғызады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өкінішке орай, көп адамдар өмірдің түрлі салалары бойынша қысқа-нұсқа тұжырымдалған және ұзақ жылғы тәжірибеде сыналған халық нақылдарына ой жүгіртіп, көңіл аудара бермейді. Шындығында, халық нақылдарынан үйренеріміз, оны пайдаланып, нақты өмірде игіліктерге жетер мүмкіндіктеріміз мол. Сондай пайдалы нақылдардың бірі – Қанағат қарын тойғызады. Неге бұлай, енді соған көңіл аударып көрелік.

Адамның ең басты жауы

Адамның ең басты дұшпаны кім? Егер сіз бұл сауалға шындыққа тура қарап, ақыл таразысына сала отырып назар аударар болсаңыз, ең бірінші жауыңыз басқа емес, өзіңіздің тойымды білмейтін ашкөз нәпсіңіз екендігін ұғар едіңіз. Иә, ең басты және аса қатерлі жау – нәпсі. Ол ешқашан тойдым деп айтпайды және күндіз-түні сізді азаптап, түрлі әрекеттер жасауға еріксіз мәжбүрлейді.

Нәпсінің қатерлі жау екендігіне көз жеткізу үшін алысқа бармай-ақ, өзіміз жақсы білетін бір адамның өмірін мысалға алып қарасақ, көз жеткізуге болады. Ол адам – Алла барлық тілектерін орындаған, атақты да, мансап пен байлықты, денсаулық пен ұзақ ғұмырды, басқа да фәни игіліктерді молынан берген бұрынғы Қазақстан президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның өмір жолына қарасаң, тақтайдай тегіс және үнемі шарықтап биіктерге көтерілумен болғанын бағамдайсыз. 49 жасында Қазақстан елінің басшысы болды және сол қызметте табан аудармай 30 жыл отырды. Алла оған мықты денсаулық, сымбат, келбет, ақыл мен білімді үйіп-төгіп берді. Оның ресми некелескен бірнеше сұлу да жас тоқалдары болған, ал ашыналарының санын ешкім де білмейді.

2019 жылы билікте 30 жыл отырғаннан кейін жасы сол тұста 79-ға келген Назарбаев бәрін тастап, зейнетке кетуіне болатын еді, дегенмен, нәпсі-дұшпан биліктен кетуіне мүмкіндік бермеді. Ол «кеттім» деп жұртты алдағанымен, шын мәнінде бар билік тізгінін қолында ұстап қалды және айрылуды, тіпті де ойламады. Бұның өзі елде қос биліктің қалыптасып, жағдайдың ушығуына әкелді және қарапайым халықтың Назарбаевқа деген жеккөрінішін арттыра түсті.

Жасы сексенге келген, асарын асап, жасарын жасаған, ішкен-жеген, тойынған, байлыққа, мансап пен атаққа белшесінен батқан, тоқалдары мен ашыналарының қызығын да мелдектеп татқан қарт адамның нәпсісі  бірақ «тойдым» деп айтпады. Тағы әкел, тағы да деп жан алқымға алып, енді сексеннен асқан қария билікті сақтап қалу үшін адам қаны төгілген сұрқия сойқанды ұйымдастыруға түрткі болды. Осылайша, төрінен көрі жуық шағында мойнына көп адамның қанын арқалап, тозаққа түсіретін күнәға белшесінен батты.

Міне, нәпсі-дұшпанның әрекеті осындай. Нәпсіге құл болған пенде қанағат дегенді мүлдем есінен шығарады, олар ешқашан тоймайтын тойымсыз нәпсінің жетегінде ар ұялар небір жаман әрекеттерге барады. Зейнетақысын беріп, жезөкше қыздармен зина жасайтын қариялар  бүгінде аз емес. Немере, тіпті, шөбересімен жасты қыздарды тоқал етіп алған бай шалдар да жетерлік. Бұның бәрі қанағатсыздықтың, нәпсі-дұшпанның жетегіне ерудің айқын көріністері.

Қанағатшыл адам – бақытты адам

Мен кедейлеу болса да, көңілі бай қанағатшыл отбасында тәлім-тәрбие алдым. Әкем кеңшарда еңбек ететін қарапайым диқан еді. Анам үйде бала тәрбиесімен айналысты. Аш-жалаңаш болмасақ та, жарқыраған мол дәулетіміз болған жоқ. Дегенмен, қанағатшылдықты әрдайым серік еткен ата-анам өте тату және бақытты тірлік кешті. Үйімізден қонақ арылмайтын, әрдайым көңілді күлкі мен әңгіме-дүкен үзілмейтін. Көршілердің бәрі біздің үйімізге күніне бір рет бас сұқпаса көңілдері көншімейтін.

Бірде біздің үйдің ең басты байлығы болып келген әкем мініп жүрген ат шеміршек деген аурумен ауырды. Шеміршек жылқының танауына шығып, оны тұншықтырады екен. Бұл ауру жылқыны өлтіріп тынады. Сол белгілі болған соң-ақ әкем көршілерге жылқыны сойып, үлстіріп алыңдар деді. Әрине, тегін. Тегін етке кім қызықпасын, көрші-қолаң түгел жиналып, жылқыны сойып, етін таратып алып кетті. Апам «тым болмаса балаларға бірдеңе алар едік, арзандау бағаға сатпадың ба» дегенде әкем «садақа, бала-шаға аман болсын» деді.

Мен журналистік қызмет жолымда көптеген адамдармен араластым. Олардың арасында Жаратқанның бергенін қанағат ететіндер тым аз еді, ал ала берсем, жей берсем деп аласұрып, бар өмірін ақша табуға арнап жүрген кәсіпкерлерді көп көрдім. Шындығында, олардың сонша мол байлықтың рахатын көріп жүргендері шамалы-тын. Олардың әрекеті – тойымсыз нәпсіні тойдырамын деген жалған үмітпен аласұрып, бар өмірлерін босқа өткізуге ұқсайтын. Жоғарыда мысал ретінде қарастырған Назарбаев сияқты.

Бақытты болудың бар құпиясы мыныда: Алланың бергенін қанағат етіп, тойымсыз нәпсіге ермеу, барды бағалап, өмірдің өткінші және жалған екендігін ешқашан естен шығармау. Аласұрып бар өмірін байлық пен мансапқа жетемін деумен өткізген пенде де, барына қанағат етіп, көңілі тоқ бейқам тірлік кешкен адам да өмірден өтеді және бар жиған-тергені осы жалған дүниеде қалады. Бұл – еш дау туғызбас ақиқат шындық.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика