Қарызын өтемеген адам қиындыққа ұшырайды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қарызын уақытында өтемеген адам қолайсыз жағдайға және қиындыққа тап болады. Бұл барша жұртқа белгілі жай. Бірақ та, соған қарамастан алған қарызын уақытында қайтармайтын, тіпті мүлдем қайтармай кететін адамдар бар. Әрине, фәни дүниеде қарызыңды қайтармағаның үшін жазасыз қалуың мүмкін, дегенмен, бақи әлемде қарызды қайтармай қою мүмкін емес.

Қарыз қайтарылуымен құнды.

Жаңа жыл өтіп, жаңа жұмыс күні басталды. Бүгін мен екі төлем төлеуге арналған түбіртек алдым. Біреуі электр қуаты үшін, екіншісі үйге жасаған күрделі жөндеудің ақысы. «Қазпоштаға» барып, осы екі қарызды төледім. Содан кейін «Қазақтелекомға» кіріп, телефон және интернет желісін пайдалағаным үшін ақыны да төледім.

Бәріміз коммуналдық қызмет, электр, жылу қуаты, тағы басқа қызметтер үшін көптеген төлемдерді төлеп жатамыз. Егер сол төлемді төлемесек, онда көп ұзамай қиын жағдайға тап боламыз. Электр қуатынан, жылудан айырады, ол аз десең, сот арқылы қарызды өтеуге шешім шығартады. Содан кейін сот орындаушылары келіп, бағалы мүлкіңізді тәркілеп, қарызыңызды еріксіз төлетеді.

Соның бәріне қарамастан, қарыздарын төлемейтін адамдар көп. Біздің подьезде тұратын біреудің жылуға берешегі 150 мың теңгеден асыпты. Оны жылу таратушы компания сотқа беріп, еріксіз қарызын өндіртіп алды. Ал ай сайын қарызын төлеп жүретіндер ешқандай келеңсіздікке ұшырамай, еркін өмір сүреді.

Жаратқанның алдындағы қарызын өтемейтіндердің жайы.

Біз мына дүниеде пайдаланған түрлі қызметтер үшін ақыны уақытында қайтармағанымыз үшін жоғарыда айтқанымыздай түрлі қиындықтарға ұшырап жатсақ, Алланың алдындағы қарызымызды қайтармағанымыз үшін де тауқыметтер тартамыз. Бірақ та, мұны көп адамдар мүлдем түсінбейді.
Өздерін Жаратқанның алдында қарызбыз деп мүлдем ойламайтын адамдар көп. Шындығында Жаратқаннан күн сайын бізге қарызымызды төлеу туралы түбіртек қағаздар келіп жатады және қарызымыздың көлемі уақыт өткен сайын өсіп барады. Дегенмен, адамдардың көбі мұны қаперлеріне алмайды.

Неге біз Жаратқанға қарызбыз? Бізге Алла тән, күш-қуат, өмір берді. Тәніміздің көз, мұрын, ауыз, аяқ-қол сияқты өзіміз қызметін күнде пайдаланып жүрген мүшелерінің бәрін Алла берді. Ер адам мен әйел тұрмыс құрып, дүниеге сәби әкелгенде олардың барлық қызметі жалпақ тілмен айтқанда төсек жақындығына бару ғана болады.

Төсек жақындығы тас қашағандай ауыр жұмыс емес, керісінше адамға тән ләззатын беретін тартымды әрекет. Тән ләззатын алған әйел мен еркек сәбидің қалай пайда болып, қалай дамитынынан мүлдем қаперсіз. Бізге сәби жатырда өздігінен пайда болып, өздігінен дамып, дүниеге келетін сияқты көрінгенмен, бұл өте күрделі шаруаны Жаратқанның қуаттары атқарады.
Яғни, біз дүниеге келген сәттен бастап, өміріміз үшін жүз пайыз Аллаға қарыздар боламыз. Бұл қарыз күн сайын жиналып, көбейе береді.

Оны қалай өтейміз? Қарызды өтеудің жолын Алла пенделеріне үйреткен. Дәстүрлі діндердің бәрінде сол дінді ұстанатын адамның атқаратын парыздары мен тиым салынған істері бар. Бұны – шариғат заңы дейді. Қарызымызды өтеу үшін шариғат заңымен жүріп, тиым салынғандардан тиылып, парыздарымызды атқарсақ болғаны.

Діни парыздарын өтеп, шариғат жолымен жүрмеген адам қарызын төлемеген борышкер сияқты. Қарыз мойнымызға күн сайын жиналып, көбейе береді. Біраз жиниғалған соң Жаратқан оны еріксіз қайтартудың шараларын жасайды. Алланың алдындағы қарызымызды өтеудің екі тәсілі бар: діни шарттарды орындау немесе азап-тауқымет тарту арқылы өтеу.

Егер сіз діни шарттарды орындамасаңыз, онда қарызыңызды өтеу үшін мына дүниеде ара-тұра түрлі қиындықтар мен тауқымет тартуыңызға тура келеді. Осылайша сіз қарызыңыздың бір азғантай бөлігін өтейсіз. Ал жиналған мол қарызыңызды түгел өтеу үшін тәніңізді тастаған соң қиямет сотына тартылып, тамұқ азабын тарту арқылы барлық борышыңыздан құтылатын боласыз.

Қарызды қайтарудың қай жолын таңдау – өзіңіздің еркіңізде.

Алланың алдындағы қарызымыз күн сайын өсе түседі. Неге десеңіз, біз Жаратқан берген игіліктерді күн сайын пайдаланып жүреміз. Егер де, діни парыздарымызды орындап, шариғат жолымен жүретін болсақ, онда сол арқылы қарызымызды уақытында төлеп отырған боламыз. Яғни, бұндай адамдарды коммуналдық қызмет қарызын үнемі уақытында төлейтін адамдармен салыстыруға болады. Ондайлар әдетте еш қиындықсыз еркін өмір сүреді.

Ал егер сіз Алланың алдындағы қарызыңызды өтемейтін болсаңыз, яғни шариғат жолымен жүріп, діни парыздарыңызды орындамасаңыз, онда бұл дүниеде біраз тауқымет тартып, ал бақи әлемде тамұққа түсіп миллиардтаған жылдар жан төзгісіз азапқа тартылатын боласыз.
Ал енді сіз осы екі жолдың қайсысын таңдайсыз?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика