Әр адамның өз пікірі болуы керек

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруАқын Мұхтар Шахановтың «Бұзау мұрын» деген өлеңінде «Сырбай ақын бір басқа, Қадыр басқа, мен де ендеше өзімше басқа болам» деген жолдар бар. Ақылы, миы, санасы бар әрбір адам өзгелерге ұқсамайтын өз алдына бір интелектуалдық ақыл-ой иесі. Алла осылай жаратқан пенде ендеше әлдекімдерге еліктеп, солардың көшірмесі болудан не ұтпақ?

Біреудің жолымен жүру қауіпті

Веда ілімінің қаймағы саналатын Бһагавад Гитада «Жаман да болса өз ақылыңмен іс қыл, біреудің ақылымен жүру қауіпті» деген мазмұндағы өлең бар. Өз ақылымен жүрген адам өз бетінше шешім қабылдап, жауапкершілікті мойнына алуға қауқарлы. Ал, үнемі өзгелерден ақыл сұрап, басқа адамдардың ақылымен іс қылатын пенделер шешім қабалдауда жалтақ және жауапкершілікті мойнына алудан тайсақтайтын табанының бүрі жоқ болады.

АҚШ-та бақуатты адамдардың балалары оқитын арнайы мектептің өз бағдарламасы бар екен. Бұл мектептер баланы қара тобырдың құрамындағы елеусіз біреу емес, жеке тұлға етіп тәрбиелеуге жете көңіл бөледі. Осы орайда, әр баланың ешкімге ұқсамайтын тек өзіне тән жеке пікірі болуына ерекше назар аударады. Мәселен, бір тақырыпқа қатысты сұраққа балалар басқалардың пікірінен өзгеше өз пікірін білдіреді екен. Мұнда тіпті, дұрыс болмаса да әр баланың жеке өз пікірі болуына ерекше назар аударылады.

Міне, осындай тәлім-тәрбие алған бала өсе келе әрнәрсеге өз көзқарасымен қарап, өз бетінше ойлап, шешім қабылдауға машықтанады. Бұл баланың болашақта ешкімге ұқсамайтын өз өмір жолын тауып, масқаттарына жетуіне игі ықпалын тигізбек.

Біреудің көшірмесі болу – надандық

Ұлы Абайдың «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» деген өлеңі бар. Жұрттың бәрі солай жасап жатыр, мен де солай жасауым керек деп санайтын адам – надан адам. Ондай адам әдетте ешқашан жақсы мен жаманды, пайдалы мен залалды нәрсені ажырата алмайды. Сөйтіп, мұндай адам өзінің жеке интелектуалдығын жоғалтып, қалың тобырдың ажырамас бөлшегіне айналады.

Адамдардың жаппай надандануының ең озық үлгісі – бұл кеңес заманындағы советтік өмір салты болды. Совет адамы бірдей ойлап, біркелкі өмір сүретін, бір көзқарастағы, өзіндік ой-пікірі жоқ пенделердің тобыры. Советтік өмір салтының мынандай таптаурын болған сүрлеуі бар: жас бала мектепке барып партаға отырған соң октябрят болады, содан кейін пионерге өтіп, пионер атанады. Жоғары сыныпқа барғасын комсомол болады. Кейін коммунистік партияға мүшелікке өтеді. Совет адамының өмір жолы да біркелкі. Мектеп бітіргендердің бір бөлігі жоғары оқу орнына түсіп, жоғары білім алады, қалғандары жұмысшы мамандығын таңдайды. Сосын үйленіп, отбасы құрады. Түрлі қоғамдық жұмыстарға қатысады, зейнет демалысына шыққан соң да біразы жұмыстан қол үзбей, ақырсында бақи дүниеге аттанады.

Совет заманында өзгелерден өзгеше ойлайтын жандарды жеккөретін. Өз пікірі бар адамдар қисық-қыңыр, қоғамның жауы сияқты сезілетін. Дегенмен, қазір де сол кеңес заманында қалыптасқан көзқарастан арылмаған, өзгелердің көшірмесі болып жүргендер аз емес. Олардың бәрі таптаурын болған сүрлеумен жүреді, жұрттар жасаған істі ойланбай жасайды. Жұрт арақ ішсе, ол да ішеді, жұрт шашылып той жасаса, ол да жасайды. «Бұным дұрыс па, жоқ па» деп басын ауыртпайды. Ондайлар әдетте еш ойланбастан қалың тобырдың көшірмесі болып, солардың ығымен өмір кешеді.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика