Өмір – мектеп

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/


Қасиетті Құранда Алла мына дүниені ойыншық үшін жаратпады деген аят бар. Егер назар аударып қарасаңыз, мына жер деп аталатын планетадағы тіршіліктің өмір сүруі үшін миллиондаған қажеттіліктер керек екен және соның бәрін белгісіз күш жасап, сақтап тұр. Ал енді осының астарында не бар?

Тіршілік кездейсоқ жаратылды деу – есуастық

Осы кезге дейін қазіргі материалистік ғылым тіршілік кездейсоқ жаратылды деп түсіндіріп жүр және көп адамдар соған сенеді. Тіпті, бүгінгі күнге дейін мектептерде, оның ішінде біздің еліміздің мектептерінде Дарвиннің адамның маймылдан эволюциялық даму жолы арқылы жаратылғандығына негізделген теориясы оқытылып келеді.

Осы жайларға қарап, мына жер планетасында адамның тірлігі үшін қажетті жүздеген, тіпті мыңдаған жағдайларды жасап және соны ауытқытпай САҚТАП ОТЫРҒАН  бір күш бар екенін ақыл-есі түзу әрбір адам ұғынады. Өкінішке орай, бұл ақиқатты көздерін НАДАНДЫҚ ШЕЛІ басқан материалист ғалымдар ұқпайды. Олардың түсінігінше  барлық қолайлы жағдайлар кенеттен кездейсоқ өздігінен жаратыла салыпты-мыс.

Енді мынаған назар аударып көріңізші: адам тіршілігі үшін белгілі бір температура, мысалы -40 пен +40 арасындағы темпарура, белгілі деңгейдегі ауа қысымы мен ылғалдылығы қажет. Оған қоса, адамға қажетті оттегі, қорек үшін азық-түлік керек. Егер осы аталғандардың бірі болмаса немесе қажетті мөлшерден сәл-пәл ауытқыса-ақ, АДАМ деп аталатын тіршілік иесі жоғалып, құрып кетеді. Мысалы, температура кенет көтеріліп, 100 немесе 500 градусқа жетсін дейік. Адам сондай температурада өмір сүре ала ма?

Өмірдің мәні неде?

Енді осы арада көп адамдар өздеріне ешқашан, тіпті өлгенге дейін қоймайтін ең мәні зор ФИЛОСОФИЯЛЫҚ СҰРАҚ алдымыздан шығады. Ол – ӨМІРДІҢ МӘНІ НЕДЕ деген сауал. Иә, әлдебір белгісіз күш адам тіршілігі үшін қажетті жағдайлардың бәрін жасап және соны сақтап ұстап отыр. Не үшін?

Тағы да Қасиетті Құранға назар аударайық: «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» -дейді Алла. Иә, жер бетінде адам өмірі үшін барлық қолайлы жағдайларды жасап қойған белгісіз күш – Жаратқанның сөзі бұл. Яғни, Алла адамдарды Өзіне құлшылық етулері үшін ғана жаратыпты. Өмірдің мәні – ОСЫ.

Біз – оқушымыз

Ресейлік бойында қасиеті бар ютубте өз каналы арқылы өзін өзі дамыту бағдарында видеосабақтарды көпшілік назарына ұсынып жүрген блоггер Лариса Гуляеваның пайымынша, өлім деген жоқ. Адамның 7 тәні бар, олардың 6-уы ұйқыда. Біз қазір материалдық тәнімізбен өмір кешіп, өзімізді осы тәнбіз деп санаймыз.

Ал белгілі уақыт келгенде, материалдық тән өледі де, біз енді ұйқыдағы басқа 6 тәннің біріне ие боламыз. Содан кейін трішілік одан әрі жалғасады.  Үшінші көзін ашып, адамдар көрмейтін нәрселерді көре алатын Гуляеваның айтуынша, күнакарларды жазалайтын тозақ бар. Ол жер астында орналасқан.

Адам мына дүниедегі тірлігінде өзін өзі дамытуға көңіл бөліп, сауапты істер жасаса, өлгеннен кейін жоғары планеталарға көтеріліп, одан әрі дамуға мүмкіндік алады. Ал нәпсінің жетегінде кетіп, өзін дамытуға мүлдем көңіл бөлмесе, онда төменгі планеталарға құлайды және неғұрлым төмендеген сайын тартатын тауқыметі де көбейе түседі.

Гуляеваның айтуынша, мына дүние – мектеп іспетті. Мектепке барған оқушының ең басты міндеті – ОҚЫП БІЛІМ АЛУ. Егер бала білім алмай, сол мектеп табалдырығын аттаған кездегідей сауатсыз, білімсіз күйінде қалса, ондай оқудан қандай пайда? Өкініштісі сол адамдардың 90 пайыздан көбі дәл солай еш білім алмастан, өмір-мектепті аяқтайды.

Ол адамдар үшін тірілктің мәні бала-шағалы болу, ішіп-жеу, қызық көру, мансап, атақ, байлыққа қол жеткізу, немере-шөбере сүйіп, ұзақ жасау, жалпы алғанда мына фәнидің қызығын барынша татып қалу. Ондай адамдар  «мен кіммін, өмірімнің мәні неде, өлімнен кейін мені не күтіп тұр?» деген сияқты саналы адамға тән сауалды ешқашан өзіне қоймайды және қоюға мұршасы да болмайды. Олар тірліктің ағымымен ағып, ажал жеткенде ғана «е, өлім деген осы екен ғой» деп ажалдан кейін өзін не күтіп тұрғанын білместен, сезбестен өтеді.

Түйін: Егер сіз өзіңізге «ӨМІРІМНІҢ МӘНІ НЕДЕ?» деген сауалды ешқашан қоймасаңыз, өлімнен кейінгі жағдай туралы ойламасаңыз – әлі де кеш емес, ойланыңыз. Өйткені, бұл сауал міндетті түрде алдымыздан шығады және әрбір пенде міндетті түрде ажалдың дәмін татады. Кейін өкініште қалмас үшін де өзіңізді дамытуға көңіл бөліңіз. Сонда сіз ӨМІР-МЕКТЕБІНЕН дұрыс білім алып шығасыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика