Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Егер сіз заңға қайшы келетін бір әрекет жасасаңыз, бұл әрекетті сіз қасақана жасадыңыз ба, немесе заңды білмей жасадыңыз ба, оған қарамастан заңды бұзғаныңыз үшін жауапқа тартыласыз. Сол сияқты Жаратқанның заңдарын бұзғаныңыз үшін де міндетті түрде жауап беруіңізге тура келеді. Сіз бұны біліп жасадыңыз ба, әлде білмей жасадыңыз ба – бәрібір жауапкершіліктен қашып құтыла алмайсыз.

Жаратқанның заңы мүлтіксіз жұмыс істейді

Депутаттарымыз қабылдап жататын заңдардың көбі өкінішке орай шалажансар және өмірде жұмыс істемей жататындары бар. Сондай-ақ, ақшамен немесе тамыр-таныстықпен заңды бұзған адамның жауапкершіліктен құтылып кететін жайлары да ұшырасып тұрады. Ал Жаратқанның заңына мұндай олқылықтар тән емес, яғни ол заң мүлтіксіз жұмыс жасайды.


Бұған көз жеткізу үшін сіз жан-жағыңызға ақылмен байыптап қараңыз, еш қиындықсыз әп-сәтте бұл заңдардың мүлтіксіз орындалатынын түсінесіз. Бүгінде ғылым табиғат заңы деп атап жүрген заңдардың бәрі шын мәнінде Жаратқанның заңдары. Мәселен, күн белгілі уақытта шығып, белгілі уақытта батады. Оның соншалықты дәлдікпен жасалатынына сүйеніп, ғалымдарымыз қай айдың қай күнінде күн  неше сағат, неше минутта шығатынын немесе бататынын дәл есептеп айтып жатады.

Сол сияқты жаз бен қыстың ауысуы, тіршілік иелерінің өмір сүру көлемі – бәрі белгілі бір қатып қалған заңдардың аясында жүзеге асады. Кеше туған бала ержетіп жігіт, сосын орта жастағы адамға, содан кейін кексе жасқа жетіп, ақырсында қартайып өледі. Бұл барша адамдарға, оған қоса жан-жануарлар мен аңдарға, тіпті өсімдіктерге де қатысты заң. Қартаймайтын, өлмейтін тіршілік иесі жоқ. Яғни, заң мүлтіксіз жұмыс жасап тұр.

Заңды білу не береді?

Жаратқанның заңдарын білу, жәй біліп қоймай, оны өмірде пайдаға асыру – адам өмірін жеңілдетіп, жақсы нәтижелерге жетуіне көмегін тигізеді. Енді осы мәселеге тереңірек тоқталып көрелік. Мысалы, себеп-салдар заңы бар. Иә, әрбір әрекет себеп болса, соның нәтижесі салдары болып табылады.

Егер сіз бір әрекет жасасаңыз, міндетті түрді соның нәтижесі болады. Жақсы әрекеттің нәтижесі жақсы, жаман әрекеттің нәтижесі жаман болуы – осы заңның мүлтіксіз орындалуынан. Осы заңды білмеуден көп адамдар өзгелерге залалын келтіретін зиянды әрекеттер жасау арқылы өз өмірлерін жақсартпақ болады. Шындығында, себеп-салдар заңы бойынша әлгі адамның жаман әрекеті белгілі уақыттан соң міндетті түрде өзіне жамандық болып оралады.

Егер сіз Жаратқанның себеп-салдар заңын жақсы білсеңіз, онда ешқашан біреуге залал келтіретін жаман әрекет жасамайсыз. Осылай ету арқылы сіз өз өміріңізді жеңілдетіп, жолыңызды ашасыз.

Жаратқанынң физикалық даму, интелекуалдық даму, рухани даму заңдары бар. Егер зер салып қарасаңыз бұл заңдар да мүлтіксіз орындалып жатыр. Егер сіз физикалық даму заңдарын пайдаланып, тәніңізді жетілдіруге жете көңіл бөлсеңіз, түрлі дене жаттығуларын жасап жүрсеңіз, соның нәтижесінде бұлшық еттеріңіз жетіліп, күш-қуатыңыз артады, денсаулығыңыз жақсарады.

Ал егер сіз интелектіңізді жетілдіруге баса көңіл бөліп, ілім-білім үйренсеңіз, оның нәтижесі – жан-жақты білімді болуыңызға жеткізеді. Бұндай білімді адам қызметте жақсы нәтижелерге жетіп, мансабы өседі, жалақысы көбейеді, атағы артады.

Егер сіз рухани дамуыңызға қатты көңіл бөліп, рухани жетілуге ұмтылсаңыз, оның нәтижесінде өзіңіздің тән емес мәңгілік жан екендігіңізді ұғынып, діни білімді меңгересіз және имандылыққа бет бұрып, сауапты істер жасауғы құлшынасыз. Оның нәтижесі жүрегіңізге имандылық болып орнап, екі дүниенің де игілігіне жеткізбек.

Осы жайлардан көріп отырғанымыздай, Жаратқанның заңдарын білу және соны кәдеңізге пайдалану арқылы өміріңізді сапалық жағынан жақсартып, бақытты, бақуатты тірлік кешуге мүмкіндік аласыз. Өкініштісі сол, Жаратқанның заңдары туралы қазіргі мектептерде, оқу орындарында бір ауыз сөз айтылмайды және оқытылмайды. Осының нәтижесінде көзге көрініп тұрған ғылыми тілде табиғат заңдары деп атап жүрген Алланың заңдарын білмей, түйсінбей өскен адамдар өздеріне де, өзгелерге де залалын тигізетін жаман істермен айналысып, өз өмірлерін қиындатып жатады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика