Ипотекалық кредиттің әлегі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазір екінші деңгейлі банктерден ипотекалық кредит алуда көптеген қиындықтар бар. Ең алдымен, сіздің банк талабына сай алғашқы жарнаңыз болуы қажет. Ол бүгінде 30 пайыздан кем болмауы тиіс. Яғни, сіз 10 миллион теңгенің үйін алғыңыз келсе, кем дегенде 3 миллион теңге өз қаражатыңыз болуы керек.  Жақсы, сіз біраз жыл жұмыс істей жүріп сонша қаржыны жинадыңыз  делік, енді кредит алу үшін басқа да талаптарды орындауыңыз шарт болады.

Ең алдымен, сіздің табысыңыз  кредитті жабуға және өзіңізді асырауға толықтай жетуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда комиссия сіздің арызыңызды қанағаттандырмайды.  Ол үшін сіз жұмыс орныңыздан, зейнетақы қорынан банк талап еткен құжаттарды түгел тапсыруыңызға тура келеді. Соңғы кезде қосылған тағы бір шарт: сіз кем дегенде екі  сенімді кепіл беретін адам табуыңыз қажет. Яғни, ол адамдар егер сіз белгілі себептермен кредитті төлей алмаған жағдайда  оны сіз үшін төлеуге міндеттенеді.

Әрине, олардың бұл үшін айлық табыстары жеткілікті болуы тиіс. Бұндай сенімді кепіл табу қазір оңай шаруа емес. Кім сіз үшін басын тәуекелге байлап, кепіл болуға келіспек. Бұны жәй формальды нәрсе деп, қағазға қол қойғандардың арасында кейінірек кредитор ақшасын төлей алмағаннан кейін банкке өзге адам үшін ақша төлеуге мәжбүр болғандар қатарының өсуі анық көрсетеді. Сондықтан, сенімді кепіл болуға ең жақын деген туыстарың мен достарың ғана келісім беруі мүмкін.

Ипотекалық кредиттің әлегі бұнымен бітпейді. Банк сіз сатып алған үйді қамсыздандыруға мәжбүрлейді. Бұның өзі сізге жыл сайын қомақты сомаға түсіп тұрады. Оған қоса, егер ақша құнсызданып жатса, заң бойынша банк зиян шекпес үшін шартты қайта қарап, ақшаны қайта есептеуге құқылы.

Осы талаптардың бәрін орындап, кредит алған соң енді оны еселеп төлеуге тура келеді. Ең төменгі ипотекалық кредит 14 пайыз болса, сіз алған мәселен жоғарыдағы мысалдағыдай 7 миллион теңгені 10 жыл мерзімге 14 пайыздан есептегенде кем дегенде 2 есе артық төлеу қажет болады. Яғни, 7 миллион алып, 14 миллион етіп қайтаруға мәжбүрсіз. Өзіңіз алғашқы жарна  ретінде салған 3 миллионыңызды қоссаңыз, сонда 10 миллионның пәтері сізге 17 миллионға түседі.

Осы жайлардың бәрін ақыл таразысына сала келе, ипотекалық кредит алу қажет пе, жоқ, баспаналы болудың басқа тәсілін қарастырған жөн бе — бұл мәселені ақылға салып, ойланып-толғанып барып шешкеніңіз жөн болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика