Өзін өзі жетілдіру

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адам ағаш сияқты. Ағашты суарып, күтіп отырса мәуелеп өсіп, жеміс беретіні сияқты адам да өзін өзі жетілдіріп, биіктерге ұмтылса, алдына нақты мақсат қойып, соған жетуге талпынса ғана дамиды.
Менің бір жолдасым 12 жыл салған үйін таяуда бітірді. Алғашында ол екі бөлмеден тұратын уақытша баспана болған. Содан кейін жертөлесі бар 1,5 деңгейлі үш бөлмелі үйге айналдырды. Кейінірек айналасындағы жұрттың 2-3 қабатты коттедж салып жатқанын көрген ол үйін 3 қабатты сәулетті коттедж етіп қайта салды.

Мен анда-санда жолым түсіп барғанымда оның үйін қалай салып жатқанын көріп жүрдім. Қазір көркі көз тартар үш қабатты салтанатты сарайдай үйінде үйленген үлкен ұлымен, кенже ұлымен бірге тұрып жатыр.

Және ол бірнеше бөлмелерін жалға беріп, жақсы ақша табады. Ал досымның көршісі сатып алған үйіне осы кезге дейін тіпті жөндеу де жүргізбеген. Алғашында досымның уақытша баспанасының қасында хан сарайындай көрінетін оның бір қабатты үйі қазір үш қабатты коттедждің жанында жапырайған лашық сияқтанып қалыпты.

Өзін өзі жетілдіру өздігінен келмейді.

Бүгінде мектепте, тіпті бала бақшада өзін өзі жетілдіру сабақтары жүргізіледі. Неге десеңіз, адам өмірінде өзін өзі жетілдірудің маңызы өте зор. Жоғарыда мысал ретінде келтірген досымның уақытша баспананы 12 жылда үш қабатты сәулетті коттеджге айналдырғаны сияқты өзін өзі жетілдіруге көңіл бөлген адамның өмірде барлық жағынан биік табыстарға жететіні даусыз.
Керісінше, өзін өзі жетілдіруге көңіл бөлмейтін пенде досымның көршісі сияқты өмір бойы дамымай, өспей заман ағымынан кейін қалмақ. Сондықтан да, әрбір өзін сыйлайтын жан өзін өзі жетілдіруге жете мән беруі тиіс.

Блогымыздың «мақсат» деген бетіне кіріп көрсеңіз, онда блогтың нақты мән мазмұны айтылады. «Ақиқат» блогында 4 мәселеге: физикалық жағынан, эмоциялық жағынан, интеллектуалдық және рухани жағынан дамуға көңіл бөлінеді. Неге бұл төрт мәселе қамтылған? Өйткені, үйдің төрт қабырғасы болатыны сияқты, өзін өзі жетілдірудің де төрт қыры болады. Оларды бірдей алып, біркелкі дамытпасақ, нәтижеге жете алмаймыз.

Мақсатқа жету кездейсоқтық емес, нақты жұмыстардың нәтижесі.

Адам дүние есігін жалаңаш және дәрменсіз күйде ашады. Сәбиде ақыл да, талант та, байлық пен күш-қуат та жоқ. Өмірді осылай бірдей бастаған адамдар кейін келе біреу озып, биіктерге жетсе, екінші біреулер орта жолда қалады, ал енді біруелер кейін кетіп, құрдымға құлап жатады. Мұның астарында кездейсоқтық емес, мақсатты жүргізілген нақты жұмыстардың нәтижесі тұратынын зер сала қарасақ анық аңғаруға болады.

Болашақтан кездейсоқ бақыт күту жалқаулық философиясының нәтижесі. Оның астарында сайтанның көкейге салатын жалған үміті жатады. Құранда «сайтан адамдарды жалған үмітпен алдағаннан басқа ештеңе бермейді» деген аят бар. Ештеңеге негізделмеген, әйтеуір бірдеңесі болар дейтін мазмұндағы үміт – жалған үміт. Мұндай ойды санасына сіңірген пенде ешқашан нәтижеге жете алмайды.

Әрекет ойдан басталады.

Адамның әрекетін үш түрлі деңгейде алып қарастыруға болады: ой арқылы, сөз арқылы және тікелей әрекет ету. Кез келген әрекет алдымен ойдан басталады. Адам бірдеңені жасамас бұрын алдымен ойша пісіріп алады. Содан кейін ол сөзге, кейін келе нақты әрекетке ұласады. Ойды ағаштың тамыры, сөзді сабағы, істі жемісіне теңеуге болады.

Біздің блогымызға кіріп, мақалаларды үзбей оқып тұрған адамның санасында міндетті түрде өзін өзі жетілдіруге деген ынта оянады. Себебі, блогта ұдайы өзін өзі жетілдіруге қажетті 4 бағыт туралы айтылады. Оны үзбей оқып жүрген адамның санасына осы идея ақырындап сіңіп, күндердің күнінде сөзге, содан кейін нақты іске жетелейтіні анық.

Сондықтан интернетке кіріп, алтын уақытыңызды еш пайдасы жоқ бостекі ақпараттар алумен немесе ойындар ойнаумен, кино көрумен өткізбей, «Мен инвестормын» блоында берілген мақалаларды оқуға назар аударып отырсаңыз, өзін өзі жетілдірудің маңыздылығын ұғынып, кейін келе өзіңізді жетілдіруге нақты кірісетін боласыз. Сонда сіз жоғарыда мысал ретінде келтірген уақытша баспанадан бастап, үш қабатты сәулетті коттедж салып алған досым сияқты биіктерге қол жеткізеріңіз даусыз.

Өзін-өзі жетілдіру — видео: http://my.mail.ru/mail/gajna/video/1552/1553.html

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика