Ақша тапшылығынан қалай құтылуға болады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бәрі сатылатын қазіргі нарық заманында ақша тапшылығын әркім-ақ сезініп жүреді. Бірақ та, ақша тапшылығынан құтылудың әрекетін әркім өзінше жасайды. Ақша тапшылығынан құтылудың негізінен екі тәсілі бар: 1-сі қарыз немесе банктен кредит алу; 2-сі ақшаны үнемді пайдалануды үйреніп, қосымша табыс көздерін іске қосу.

Қарыз алу арқылы ақша тапшылығынан құтылу – ақымақтық

Қарыз алу жолымен ақша тапшылығы мәселесін түбегейлі шешемін деген түсінікті – түбі тесік шелекпен су тасу арқылы бөшкені толтырамын деген әрекетпен салыстыруға болар еді. Түбі тесік шелекпен он, тіпті жүз жыл су тасысаңыз да бөшкені толтыра алмайсыз. Өйткені, шелекпен суды бөшкеге әкелгенше, ондағы су ағып кетеді де, бұныңыз бос әурешілік болып шығады. Сол сияқты қарыз алу арқылы қаржы тапшылығын түбегейлі шешемін деу де бос әурешілік.

Менімен араласатын адамдардың көбі ақша тапшылығын қарыз немесе кредит алу арқылы шешуге тырысатын жандар. Олар сәл-пәл ақша тапшылығын сезсе, дереу таныстарын жағалап қарыз сұрауға кіріседі. Ал жалақыларын алған соң ақшаларының көбі қарызды қайтаруға кетеді де, тағы ақша тапшылығы бастарына түседі. Одан құтылу үшін тағы да қарыз алуға мәжбүр. Осылайша олар тұйық шеңбермен жүгірген тиін сияқты қарыз алумен, оны қайтарумен өмірлерін өткізуде.

Қарыз алмай ақша тапшылығынан құтылуға бола ма?

Өз басым соңғы отыз жылдай уақытта біреуден бір тиын қарыз алмаған екенмін. Керісінше көп адамдар қарыз сұрап, соларға қарыз беріп келемін. Ақша тапшылығынан қарыз алмай құтылудың жалғыз жолы бар, ол: тапқан табысыңызды үнемді жұмсап үйрену және сонымен бірге қосымша табыс көздерін табу. Міне, осы екі тәсілді қолдансаңыз, сіз ешқашан ақша тапшылығын көрмейсіз және ешкімнен бір тиын қарыз алмайсыз.

Адамдардың көбі, 90 пайыздан астамы деуге болады, өз табыстарын есептеп, шығысы мен кірісіне назар аудармайды. Жалақысын алды, қарыздарын қайтарады, басқа шығындарын жабады, қажет нәрселерді сатып алады. Сонымен бірнеше күннің ішінде жалақысы бітеді де, оның қайда жұмсалғанын да сезбей қалады.

Егер сіз қанша жалақы алатыныңызды, табысыңыз қайда жұмсалып жатқанын қағазға жазып, оған ойша талдау жасап көрсеңіз, көп ақшаңыздың босқа жұмсалып жатқанын бағамдар едіңіз. Сол босқа жұмсалатын ақшаны пайдалы шаруаларға жұмсайтын болсаңыз және кірісіңіз бен шығысыңызды бақылап, жәй бақылап қоймай, басқара алсаңыз, онда қаржы тапшылығы деген дерт әлсіреп, ақырындап бақуаттылыққа жақындай түсесіз.

Инвестициямен айналысып, миллионер болған Максим Тимченко деген ресейлік инвестордың бір видеосабағында мынадай жай айтылады. Ол бір топ кәсіпкерлермен ақшаны үнемді пайдалану жөнінде курс өткізеді. Тимченко ұсынған тәсілді пайдаланған бір кәсіпкер бір айда 300 мың рубль (теңгеге шаққанда 1650000 болады) үнемдеп, соған өзі аң-таң қалыпты.

Сол сияқты егер сіз өзіңіздің кірісіңіз бен шығысыңызды есептеп, босқа жұмсалатын ақша ағынын тоқтатар болсаңыз, көп ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік аласыз. Бұл – қаржы тапшылығынан құтылудың бір қадамы. Екіншісі – қосымша табыс көздерін табу. Ақша жетпей жатса, онда сізге қосымша табыс табу қажет деген сөз. Өз басым бір мезгілде 3 жерде қызмет істеймін және басқа әріптестеріммен салыстырғанда екі-үш есе артық табыс табамын. Ақша тапшылығын сезінбеуімнің бір амалы – осы.

Түйін: Егер сіз үнемі ақша тапшылығын сезініп, бір жалақыңыз екіншісіне қосылмай жатса, онда сізге тез арада тапшылықтан құтылудың амалын жасау қажет болады. Жоғарыда айтқандай, оның 2 түрлі жолы бар. Біріншісі – сізді ешқашан ақша тапшылығынан құтқармай, тапшылыққа мәңгі байлап қояды, екіншісі – ақырындап тапшылықтан түбегейлі құтқарады. Осы екі тәсілдің қайссын таңдайсыз – ол сіздің өз еркіңіздегі шаруа.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика