Ақшаны қорлау – Алланы қорлау

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Әлеуметтік желіде бір қазақ келіншегі әжетханадан шығып келе жатып, қалтасынан бір буда ақша шығарып: «мен дәрет алып отырып та ақша табамын, ақша деген не, ол жәй қағаз» деп ақшасын далаға лақтырып жіберген видеосы жарияланды. Әлгі келіншектің  бұл әрекеті көптеген адамдардың ашу-ызасын туғызып, жұрттар өз пікірлерін жазды.

Ақша – Алланың қуаты

Ақша деген біздер ойлағандай, айырбас құралы немесе түрлі суреттер мен әшекейлер салынған қағаздан жасалған жансыз зат емес, ол – Алланың қуаты. Ал кез-келген қуат тірі жанға күш береді. Мәселен, электр қуатын алайық, ол арқылы заттарды көтеріп, түсіруге, тамақ пісіруге, тоңазтқыш ретінде пайдалануға, кір жуып, үйді тазартуға да болады. Яғни, электр қуаты қуат ретінде көп нәрсені атқара алады.

Сол сияқты ақша да көп шаруаларды атқара алады. Мәселен, ақшаға кез-келген затты сатып алуға, адамдарды жалдап, жұмыс істетуге, ауырып қалсаң, емделуге, білім алуға, басқа да қызметтерді пайдалануға болады. Яғни, ақша қуат ретінде әлгіндей шаруалардың бәрін атқарады.

Алланың қуаты болғандықтан, ақшаны да Құдайдай құрмет тұтып, сыйлау қажет. Ал егер ақшаны жоғарыда аталған келіншек сияқты дәретхананың алдында лақтырып шашсаң, бұл – ақшаны, яғни Алланың қуатын қорлау болып табылады. Ал Алланы қорлаған пенденің жазасыз қалмайтыны анық.

Ақшаны қорлаудың салдары қандай?

Жалпы, адамдардың ақшаны қорлауы  соңғы кезде көбірек кездесіп қалатын құбылысқа айналды. Бір жап-жас жігіт он мың теңгелік ақшамен туфлиін сүртіп, ақшаны қоқысқа тастағанын видеоға түсіріп, жариялады. Ал буда-буда ақшасы бар бір өзбек жігіті ақшаны жерге шашып тастап, үстінде таптап жүргенін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салды. Жалпы, бұндай жайлар жиі кездесетін құбылысқа айналып барады.

Сонымен, ақшаны осылай қорлаудың зардабы қандай болмақ?  Менің бір таныс жолдасым ертеректе пойызда жолсерік болып қызмет атқарған еді. Бұл – 1990-шы жылдар болатын. Көлденең табыс көп, ақшаны күреп табатын әлгі танысым арақ ішкенді ұнататын. Бір жолы сапардан келген соң үйінде әйелінің қолына бір буда ақша ұстатады. Өзі арақ ішкен шала мас. Үнемі арақ ішіп жүретініне ыза болған келіншегі әлгі ақшасын «арақ ішіп жүріп тапқан ақшаңның қажеті жоқ» деп балконнан далаға лақтырып жіберіпті.

Содан көп ұзамай әлгі жігітті билетсіз жолаушылар алғаны үшін ревизорлар ұстап, жұмыстан шығарып жібереді. Ол құрылысқа жұмысқа кіреді. Дегенмен, жұмысын істетіп алған мекеме ақшасын төлемей, әбден сандалтады. Әйелі де құрылысшы еді. Жұмыс істейді, бірақ жалақы жоқ. Содан ақшасыз қиналған олар ашқұрсақ тірлік кешеді.

Әлгі танысым айтады: «Бір күні кішкентай балам  папа қарным ашты, нан бер деп жылады. Не істерімді білмей қатты қиналдым» дейді ол. Міне, ақшаны қорлаудың зарбдабы осылай аштыққа ұшыратқан. Ақшаны қорлап, жерге шашқан жоғарыда айтқан келіншек пен ақшамен туфлиін сүрткен жігіттің де жайы болашақта осыған ұқсас болатыны еш дау туғызбас шындық. Өйткені, Алланы қорлаған адам ешқашан оңбайды және жазсыз қалмайды.

Түйін: Ақылыңыз болса, ешқашан ақшаны қорламаңыз. Ақшаны умаждап, қалай болса солай бүктеп қалтаңызға салмаңыз. Ақшаны ұқыппен ішкі, сыртқы бетін бір жаққа қаратып бүктеп, қалтаңызға  немесе әмияныңызға мұқият салыңыз. Ақшаны ешқашан аяқ асты етпеңіз, ол жәй қағаз емес, Алланың қуаты екенін есіңізден шығармаңыз. Сонда ақша сізге үйір болады және ешқашан жоқшылық пен тапшылыққа ұшырамайсыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика