Адамға қанша ақша қажет?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақшаИндустар ақшаны құдайдың қуаты деп санап, Жаратқанның мәңгі серігі Лакшмидің атымен атайды және лайықты құрмет көрсетеді. Шындығында ақша Алланың қуаты. Соған орай ақша адамға сенімділік, тәуелсіздік, еркіндік, үрей мен қорқыныштан аулақ болу сияқты қасиеттер береді.

Ақшасы жоқ адам әлжуаз адам

80-ші жылдардың соңы. Оқуды жаңа бітіріп, жолдамамен алыс ауданға барып қызмет етіп жүргенмін. Жаңа жылды сол кездегі Целиноград қаалсына барып қарсы алмақ болдық. Бір танысым шақырды. Ақша бар. Сонымен әлгі танысыммен бірге қалаға тартып кеттім. Қонақүйден орын алдық.
Содан бір танысының үйіне барып отырдық. Ол кезде ішетін кезім. Арақ ішіп, әңгіме-дүкен құрып кешке дейін отырдық. Содан әлгі танысым мені тағы бір танысының үйіне апарды. Ол да құрақ ұшып қарсы алды. Не керек, таң атқанша іштік-жедік, көңіл көтердік. Қалтамда жолға деп ақша қалдырайын десем, танысым «Ақмола менің қалам, мұнда саспа, аштаңеден қам жеме» дегесін соңғы тиыныма дейін оған бергенмін.

Қонақ болсақ та үй иесіне салмақ салмайық деп арақ-шарапты көтере алдық. Содан таң алдында қонақүйге келіп, біраз тынығып алдық. Түс ауа тұрып, қонақүйдің шәйханасына бардық. Ойымыз жүрек жалғап алу. Бірақ бірдеңені сезгендей мен танысыма «ақшаңыз бар ма?» дедім. «Жоқ, бәрін де кеше тауысқанмын» -дейді ол.

Қалтама қолымды салсам, қара бақырлар ғана ілікті. Басқа ештеңе жоқ. Соны айтқанымда танысым «онда достарымның үйіне барамыз» деп сонда бастады. Бірақ бірнші қаңтар күні кім үйінде болсын, ешкімді жолықтыра алмадық. Қалтамызда соқыр тиын жоқ күнұзақ көше кездік. Ақшасы жоқ адам бейшара болады екен. Мұны сонда білдім. Әйтеуір қонақүйдің ақшасын төлеп қойғанбыз. Кешке сонда барып түнедік. Ашқұрсақпыз. Тек ертеңіне түс ауа бір танысын тауып, әзер дегенде жолға қажет ақша алдық.

Көп ақша адамға көп қиындық әкеледі

90-шы жылдарда көп адамдар алыпсатарлықпен айналысып, тез байыды. Бірақ солардың көбі байлықтарынан ғана емес, бастарынан да айрылды. Мықты деген талай коммерсанттың ақша үшін мерт болғанын көріп, естідік. Осыған қарап, көп ақша адамға көп қиындық, қатер әкелетінін бағамдауға болады.

Ақшасы көп адамдар әдетте, ниеті қара ұры-қарақшыларды тартатын магнит сияқты болады. Осыны білетін ондайлар оққағар жалдап, үйін тасқамал бекініске айналдырып, қорғануға көп көңіл бөледі. Бірақ соған қарамастан, дүние-мүлкінен, ақшасынан айрылып жататындар көп.

Ақшасы көптік адамды үрей мен қорқынышқа ұшыратады. Көп ақшаны қалай сақтаймын деген мәселені ойлап, үнемі мазасы қашып жүреді. Сондай-ақ, ақшаға ақша қосып, байлығын нығайту үшін де көп тер төгіп жұмыс істеу, күндіз күлкі, түнде ұйқыны ұмыту керек болады. Тәуекелді істерге барғанда уайымдап, тынышы кетеді. Бір сөзбен айтқанда, көп ақша адамға көп қайғы мен қасырет, тауқымет, қорқыныш әкеледі.

Бақытты болу үшін қанша ақша қажет?

Егер сіз тамақты шектен тыс көп ішсеңіз, асқазаныңыз ауырып, ұйқыңыз қашады, тіпті ішіңіз ауыруы, құсуыңыз мүмкін. Яғни, шектен тыс көп тамақтану адамға үлкен залалын тигізеді. Ал керісінше тым аз тамақтану немесе ашығу да денсаулыққа зиянды.

Сондықтан, егер деніңіз сау болып, толыққанды өмір сүргіңіз келсе, онда тамақтану мөлшерін, уақыт тәртібін сақтауыңыз шарт. Сол сияқты үрей-қорқынышсыз, уайымсыз еркін өмір сүру үшін қанша ақша қажеттігін білуіңіз керек. Ол ақша тым көп те, жетіспейтін аз да болмауы тиіс.
Басыңызда баспанаңыз, жөндемі киіміңіз болса, қарныңыз ашпаса, жүріп-тұруыңызға ақшаңыз жетсе, одан артықтың қажеті жоқ. Ал болашағыңыз үшін қам жесеңіз, онда депозит ашып, белгілі бір сомада ақша салып қойыңыз.

Шектен тыс байлыққа ұмтылмаңыз. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, көп ақша көп қиындық әкеледі. Сондықтан, адамға бір-ақ рет берілер өмірде уайым-қайғысыз бақытты тірлік кешкіңіз келсе, толымды өмір үшін қажетті мөлшердегі ақшадан артық байлық жинауға талпынбаңыз. Әрнәрсенің өз мөлшері болады. Ал мөлшерден артық, не кем болған жағдайда, ол қиыншылық туғызады. Осы ақиқатты білсеңіз, өміріңіз тыныш, бейбіт және қорқынышсыз болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика