Байлық – кездейсоқ басқа қонатын бақ құсы ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

инвестицияСоңғы кезде байлық туралы адамдардың көзқарастары мен пікірлері өзгере бастады. Бұрын бай-бақуатты болу көбіне кездейсоқ басқа қонатын бақ құсы түрінде келетін құбылыс саналатын. Өйткені, өткен замандарда да, қазіргі қоғамда да тынбай тер төгіп жұмыс істеу арқылы ешкім байлыққа қол жеткізе алған емес.
Егер адал еңбек етіп, тынымсыз тер төгу арқылы бай-бақуатты бола алмасаң, оған қалай жетуге болады? Қазір кедейден шығып, әлемдегі ең бай алпауыттарға айналған тұлғалардың пікірінше, байлыққа жету кездейсоқтық емес, ақылмен, жоспарлы түрде жүйелі жұмыс жасаудың нақты жемісі.

Байлыққа жетудің негізі – инвестиция.

Американдық миллионер Роберт Киосакидің «Бай және кедей әке» сериалды кітабы инветиция деген көзқарасты түбегейлі өзгертуге негіз жасады. Бұрын инвестиция деген тек қалталы байлардың ғана айналысатын шаруасы деп келгендер, енді бұл пікірлерін өзгертулеріне тура келді.

Интернет жүйесі қазір адамдардың кез келген елдің инвестициялық жобаларына қатысуына жағдай жасайды және ол үшін мол ақшаң болу міндет емес. Жалақыңыздан үнемдеген аздаған ақшамен де инвестициялық жобаларға қатысуға болады.
Бақуатты болғың келсе мынадай 4 істі жасауды үйрен: ақша табу, оны сақтау, басқару, көбейту. Осы істі дәл осындай ретпен жасағанда мол байлыққа қол жеткізесің, -дейді бүгінгі қалталы инвесторлардың қағидасы.

Ақшаны қайда, қалай инвестициялау қажет?

Жасыратыны жоқ, бүгінде адамдардың басым көпшілігінің инвестиция туралы түсінігі банктердің депозитімен шектеледі. Шындығында қалталы инвесторлар банк депозитін инвестициялық құрал ретінде ешқашан қолданбайды. Неге десеңіз, одан түсетін өсім инфляциядан сәл ғана асып, сізге мол табыс түсіре алмайды.
Ресейлік инвестор Андрей Иванов мынадай жайды айтады. Оған кеңес сұрауға келген біреу пәтер сатып алып, соны жалға бергісі келетіндігін, оны қалай жүзеге асыруға болатындығын сұрайды. Ол өзінше бас қатырып, біраз есептеп көрген екен.
Депозитке ақша салу арқылы пәтерге қажетті соманы 10 жылда жинау үшін оған ай сайын 25 мың рубль салып отыру қажет көрінеді. Ал оның жалақы деңгейі айына 5 мың рубль ғана салуға мүмкіндік береді. 5000 рубль салып отыру арқылы ол қажет соманы 58 жылда ғана жинай алмақ. Сонда не істеу керек?
Шындығында адамдардың көбісі осы оқиғаның кейіпкері сияқты инвестиция дегенді тек депозит деп қана түсінеді. Нағыз инвестиция құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік, бағалы металдар нарығы сияқты қайтарымы мол жобаларға қатысу арқылы жасалады.
Адамдардың көбі мұндай жобаларға қатысуды қауіпті және тәуекелі мол іс деп санап, одан бас тартып жатады. Ивановтың айтуынша, егер адамның бойында қорқыныш күшті болса, ол мұндай инвестициядан бас тартады, ал байлыққа жетсем деген ынта көп болса, қорқыныш жойылады.

Инвестицияны неден бастау керек?

Инвестициялау кескіндемесі мынадай болуы шарт: нақты мақсат қою; ақша ағымын жасау; инвестиция мен өзіміз үшін қолжетімді инвестициялау құралдарының арасын байланыстыру; инвестициялау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу; қайтадан инвестициялау.
Адамдардың көбісі алдына нақты мақсат қою дегеннің не екендігін дұрыс түсінбейді. Мәселен, айлақтан шыққан кеме қай жерге баратындығы туралы нақты межесі жоқ болса, теңізде ұзақ уақыт бойы әлдебір жағалауға тірелгенше жүзумен болады.
Сол сияқты нақты мақсаты жоқ адам да сондай кеме сияқты жел айдаған қаңбақтай өмірін босқа өткізбек. Және онда ешқашан байлыққа қол жеткізу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан, нақты мақсат қоюдың маңызы зор.
Мақсат сонымен бірге өлшемді болуы тиіс. Мақсат мынадай талаптарға жауап беруі қажет: өлшемді, яғни оның құны нақты болуы керек; мақсат қолжетімді болуы шарт; мақсат қаазға түсіріліп, жазылуы қажет; және мақсат уақыт өлшемімен белгіленуі тиіс. Міне, осындай шарттарға жауап беретін мақсатыңызды айқындап алған соң ғана іске кірісуге болады.
Инвестициялау арқылы байлыққа қол жеткізу жөнінде блогымызда алдағы уақыттарда жан-жақты жазатын боламыз. Жаңалықты жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика