Адам өмірінің мәні – рахат алу

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кез келген адамға мына өмірді қызықты, тартымды етіп көрсететін және өмір сүруге, түрлі әрекеттер жасауға ынталандыратын нәрсе – рахат алуға деген ұмтылыс. Иә, ес білмейтін кішкентай сәбиден, еңбектеген қарияларға дейінгі барлық жастағы пенделердің ертелі-кеш ойлайтындары рахат алу, яғни рахаттану. Ол рахат тамақ ішу, ұйықтау сияқты тән арқылы келетін рахат па, болмаса әңгіме-дүкен құру, музыка тыңдау сияқты эмоциялық деңгейде келетін рахат па – бәрібір.

Фәни рахат өткінші

Егер айналамызға ақыл көзімен ой жүгіртіп қарайтын болсақ, саналы адам ғана емес, барша тіршілік иелерін мына фәниге ынталандыратын құдырет – рахат алу сезімі екенін бағамдар едіңіз. Жан-жануарлар мен аң-құстар негізінен төменгі деңгейдегі тән арқылы келетін рахатты қанағат тұтады. Ол 4 түрлі әрекет кейпінде көрінеді: ұйықтау, тамақтану, шағылысу және қорғану. Барлық жан-жануарлардың барлық  өмірі осы 4 әрекет шеңберінде өтеді.

Өкініштісі сол, адамдардың да басым көпшілігі сол жан-жануарлар деңгейінде ойлап, әрекет етеді, яғни осы 4 әрекетке байланған.  Ондай пенделер бастарын ауыртып ештеңе ойламайды, алдын ала белгіленіп қойған таптаурын жолмен өмірлерін өткізеді. Олар үшін өмірдің мәні айдан анық: жұрттан қалмай еңбек ету, мамандық алу, отбасы құру, бұйырған несібеге қол жеткізіп, ақырсында дүниеден өту.

Ал алдарына нақты мақсат қойып, мынаған жетсем деп ұмтылатын, сол мақсатына жету үшін қиындықтарды жеңіп, табандылық танытатын жандар да бар. Ондайлар әдетте көп қиындықтармен мақсаттарына жетіп, фәни жалғанның игіліктеріне ие болып жатады. Десе де, ондай игіліктердің бәрі де өткінші және көп бейнетпен, ауыртпалықтармен келеді.

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, мына фәни жалғандағы игіліктердің бәрі де оған қол жеткізу үшін біраз әрекет жасауды, түрлі құрбандықтарға баруды қажет етеді. Мысалы, қолыңыз мансапқа жетті дейік. Ол мансап сізге тек рахат қана әкелмейді, оның жауапкершілігі, басқа да көлеңкелі жақтары бар. Мансапқа жету қиын, ал оны сақтап отыру одан да қиын. Лауазымды адамдардың бақыттан бастары айналып, әрдайым қуанышты қалыпта күліп жүретінін көргендеріңіз бар ма. Жоқ. Ондайлар көбіне қабақтарынан қар жауып, өзі шешуге тиіс  күрделі мәселелерді  ойлап, басын қатырып жүреді. Сол сияқты, атақ-даңқ та, байлық та адамға тек қана қуаныш пен бақыт әкелмейді, оның әкелетін қиындықтары да аз емес.

Фәни рахаттардың бәрі де  уақытша, өткінші және оған қоса ондай игіліктер адамды ерте ме, кеш пе міндетті түрде жалықтырып, зеріктіреді. Адамның табиғаты сондай, кез-келген тән рахатын әкелетін нәрсе түптің түбінде әбден жалықтырып, тіпті, мезі болуға ұшыратып жатады. Алғашында сұлу, сымбатты қызға өлердей құмартып, қыр соңынан қалмай жүріп үйленген жігіт біраз жылдан соң жалығып, онымен айрылысып тынады.

Мәңгілік рахат бар ма?

Тұрақты және ешқашан зеріктірмейтін рахат нысаны бар ма? Иә, бар. Ол – Құдайға махаббатпен беріліп құлшылық ету арқылы келетін рахат. Жалпы, Құдайға құлшылық етудің табиғаты бақи, яғни рухани. Ал рухани әрекет фәни әрекеттен өзгеше болады. Ол – мәңгілік және ешқашан зеріктірмейді.

Дәстүрлі діндердің бәрінің негізгі және түпкі мақсаты адамдардың  Жаратқанға махаббатпен құлшылық етуіне қол жеткізу. Дегенмен, ислам, христиан діндерінде бұл негізгі мақсат айқын көрінбейді. Бхакти иогада бұл мақсат нақты және анық көрініп, негізгі ұстаным ретінде ұсталады. Енді соған кеңірек тоқтала кетелік.

Шримад Бһагаватам кітабында Құдайға қызмет етудің 5  сатысы бар екендігі айтылған. Раса деп аталатын ол сатылар мыналар: 1- шанта раса – Құдайға бейтарап негізде қызмет ету; 2 – дася раса – Құдайға  қожайын  кейпінде қарап, қызмет ету; 3 – сакхя раса – Құдайға жанашыр жақын досы ретінде қызмет ету; 4 – ватсаля раса – Құдайға баласы кейпінде қызмет ету; 5 – мадхуря раса – Құдайға сүйікті жары ретінде қызмет ету.

Ислам дінінде діни шарттарды барынша қатаң ұстанып, бар өмірін құлшылыққа арнаған тақуа жандар негізінен шанта және дася раса деңгейінде Құдайға қызмет етуге қол жеткізе алады. Олар Құдайды барша әлемнің Жаратушысы санап, Оған қорқа отырып құлшылық етеді. Шанта расаға қарағанда Құдайды өзінің қожайыны санайтын дася расаға жеткен тақуалар Жаратқанға біршама жақын болады.

Құранда Пайғамбар Мұхаммед ғалейкиссаламды Алланың досы деген ұғымдар кездеседі. Осыған қарап Мұхаммед пайғамбардың Жаратқанмен сакхя раса деңгейінде байланыста екенін бағамдауға болады. Құдайға дос ретінде  қарым-қатынаста болудың дәрежесі өте жоғары.

Ал ватсаля және мадхуря расаға бһакти иогамен арнайы айналысқан адамдар ғана жете алады. Ол сатылардың дәрежесінің жоғарылығы сондай, оған қол жеткізген адам фәни жалғанның қызығын баз кешіп, тек Құдайды ғана ойлайды. Ондай жан тәулігіне 24 сағат Құдаймен байланыста болады, олардың жүрегінде Құдайға деген махаббат берік орнығады.

Құдайға махаббатпен құлшылық ету адамға не береді? Осыған кеңірек тоқтала кетелік. Қасиетті Құранда үш бақша туралы айтылған аяттар бар. Бұл үш бақша – материалдық дүние шегіндегі жұмақ планеталары мен рухани әлемдегі рухани планеталар. Материалдық дүние шегінде қалған адам, мейлі ол жұмақ планеталарында бола ма, бәрібір уақытша тірлік кешеді және көретін қызықтарының бәрі өткінші. Ал рухани әлемге жеткен жан ешқашан тумайтын, қартаймайтын, ауырмайтын, өлмейтін тәнге ие болады.

Бһагавад Гитада Тәңірі Кришна Маған қызмет еткен жан тәнін тастаған соң Менің планетама келеді және онда мәңгі қалады дейді. Рухани әлемге жеткен жан жоғарыда айтылғандай 5 расаның бірі бойынша Жаратқанмен байланысқа түсіп, мәңгі қызмет ету мүмкіндігіне ие болады. Онда қызмет ету мен фәни әлемдегі Құдайға құлшылықтың арасында жер мен көктей айырма бар. Құдайға діни шарттар негізінде құлшылық ету адамға жасыратыны жоқ оншалықты қанағат сезімін бермейді. Көп адамдар оны міндет санап, амалсыздан жасайды.

Ал Құдаймен белгілі бір раса негізінде байланысқан жан Құдайды Құдай деп санамайды, оны өзінің қожайыны немесе досы, баласы, болмаса жары ретінде танып, сол негізде кәдімгі табиғи байланыста болады. Ол екі тарап үшін де еш қиындық әкелмейтін, керісінше қуаныш пен қанағат сезімін беретін қарым-қатынас.

Құдайды қожайыны ретінде таныйтын адам Оған қызмет ете жүріп, қайтсем разы етемін деп ойлайды. Оның осы таза пейіліне риза болып, содан қанағат алған Жаратқан оған алған қуанышынан да көп қуаныш сыйлайды. Бұдан көңілі көкке көтерілген қызметші кейпіндегі жан Қожайынын одан да зор қуанышқа бөлеу үшін аянбай әрекет етеді. Құдай оны қабыл алып, сыйлығын одан да асырып қайтарады. Осылай толқын сияқты бір-біріне сыйлаған қуаныш сезімі уақыт өткен сайын өсе береді, ол еш тоқтамайды және мәңгілікке жалғасады.

Құдайға махаббатпен құлшылық ету деңгейіне жеткен сопы туралы атақты әулие сопы Руми «Сопы – бұл сырттай қарағанда сау, іштей мәңгі мас адам» деп баға береді. Құдайға махаббатпен беріліп құлшылық ететін сопының көңілі көктем, жаны жаз, әрдайым қуаныш сезімінде болады және бұндай сезім оны ешқашан тастап кетпейді. Яғни, мәңгі мас секілді күйде өмір кешеді. Міне, өмірдегі ең зор бақыт және қол жетушілік осы. 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика