Адамдардың арасындағы байланыс мәңгілік пе?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдар бір-бірімен түрлі жағдайларда байланысып, түрлі қарым-қатынас жасап жатады. Ата-ана мен баланың арасындағы байланыс, туыс-бауырлардың арасындағы байланыс, дос-жарандардың, бірге қызмет ететін әріптестердің арасындағы байланыс… Егер назар аударып қарасаңыз, байланыстың түрі өте көп. Баршамызды толғандыратын мәселе мынадай: осы өмірдегі түрлі жағдайлардағы байланыстарымыз қанша уақытқа созылады, мәңгілік байланыс бар ма?

Бала – адамның бауыр еті

Қазақтың осы мақалына қарап, адам үшін ең қымбат нәрсе – бала екенін бағамдауға болады. Бауыр еті баласы үшін ата-ана өмірін қиюға да әзір. Ата-ана мен баланың арасындағы осы байланысқа қарап, бұл мәңгілік екен деген ойға келуге болады. Шындығында солай ма?

Қасиетті Құранда «Ол күні  туыстардың арасы айрылады», «Ата-ана баласынан, баласы ата-анасынан безеді» деген аяттар бар. Құран сөзін ақиқат деп түсінетін әрбір адамның бұған шәгі болмауы тиіс. Ендеше, осыған қарап біз ата-ана мен баланың, туыстардың арасындағы байланыстың мәңгілік емен екендігін бағамдаймыз.

Қиямет қайым – барша тіршілік иесі үшін аса ауыр сынақ. Ол күні әрбір пенде өзінің осы дүниеде жасаған әрекеттері үшін толық жауап беретін болады. Құранда бұл күні тозақ адамдарға жақындатылып, оның лапылдаған оты көзге көрініп тұратындығы айтылған. Тозақтың долданған отын көріп, үрейленген пенде қара басын құтқарудан басқаны ойламайды. Міне, сондай жаны қысылған қиын сәтте күні кеше «балам –бауыр етім» деп жүрген ата-ананың өз баласынан безуі табиғи жай.

Ғалымдар мынадай тәжірибе жасап көріпті. Баласы бар ұрғашы маймылды бассейннің түбіне отырғызып қояды. Содан ақырындап су жібере бастайды. Баласы суға кететін деңгейге жеткенде маймыл баласын басынан асыра көтеріп алады. Су құйылып, деңгейі көтеріле береді. Бір кезде су маймылдың иегінен асып, ол тұншығар халге жетеді. Осы сәтте баласын басынан асыра көтеріп, оған қамқор болған ұрғашы маймыл кенет баласын бассейннің түбіне қойып, өзі соның үстіне шығады. Осылайша ол баласын құрбан етіп, өзін құтқарады.

Маймылға жасалған бұл тәжірибе адамға да қатысты дейді медицина ғалымдары. Адамдар жәйшылықта балаларына қамқор болып, тіпті өмірін солар үшін қиюға дайын сияқты көрінгенмен, бастарына қиын сәт келгенде өз қара бастарын ойлап кетеді. Бұл – табиғи заңдылық.

Мәңгілік байланыс бар ма?

Дін ілімін жете меңгерген ғұламалардың еңбектеріне назар аударсақ, мәңгілік байланыс тек діндес бауырлардың арасында және дін ілімін меңгергісі келген ұстаз бен шәкіртінің арасында ғана болады дегенді айтады. Құдай жолын ұстанып, діни шарттарды қатаң орындайтын тақуа адамдардың арасындағы өзара байланыс – бұл пенделер арасындағы  фәни байланысқа ұқсамайды. Ол – рухани байланыс.

Рухани байланыстың пендешілік фәни байланыстан өзгешелігі сонда – ол мәңгілік. Сырт қарағанда мәңгілік сияқты көрінетін және аса жылы сипат алатын ата-ана мен баланың , буырладың, достардың арасындағы байланыстардың бәрі уақытша және ол аса терең емес. Керісінше, сырт қарағанда онша терең емес, салқын байланыс сияқты сезілетін діндес бауырлар мен дін ілімін үйрететін ұстаз бен шәкірттің арасындағы байланыс шын мәнінде өте терең және мәңгілік.

Пенделік фәни байланыстардың бәрі  адам өлген соң үзіледі. Ешқандай ата-ана баласымен, туыстар бауырларымен, ерлі-зайыптылар сүйіктілерімен мәңгі бірге бола алмайды. Олардың бапйланысы қанша мықты сияқты сезілгенмен, өлген соң үзіледі. Өйткені, оның табиғаты фәни, яғни материалдық. Яғни, мына материалдық дүниедегі ешқандай зат, тіршілік иесі және олардың өзара байланысы мәңгілік емес. Тек рухани байланыс қана мәңгілік.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика