76 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Өткен жолғы мақаламызда Алланың адамдарды не үшін сынамайтындығы туралы біршама жайларды айтқан едік. Егер Алла адамдарды сынамайтын болса, онда пенделерге өмір жолында жақсы, жаман нәрселер не үшін кездеседі? Мәселен, қазіргі әлемді жайлаған короновирус дерті  бұл кездейсоқтық па, әлде Алланың адамдарға жіберген зауалы ма, болмаса  діндарлар айтқанындай Жаратқанның пендесіне жіберген сынағы ма? 

Адамдар не себепті жамандыққа ұрынады?

Ауырсам, болмаса басқа да тауқыметке ұшырасам деп ешбір пенденің армандамайтыны анық. Дегенмен де, жамандық адам күтпеген жақтан аяқ астынан кездесіп жатады. Егер өткен мақаламызда айтқанымыздай, Алла адамдарды сынамайтын болса, онда бұндай жамандықтар не себепті кездеседі?

Қасиетті Құранда «Кім де кім бір жамандық жасаса, өз зиянына, ал жақсылық жасаса өз пайдасына. Жамандыққа соншалықты жамандық бар, жақсылыққа да соншалықты жақсылық тиесілі, әрнәрсеге Алланың күші басым» деген аят бар. Ал буддизм, индуизм діндерінде Карма заңы деп аталатын Жаратқанның заңы туралы ұғым қалыптасқан. Егер зер салып қарайтын болсаңыз, Құрандағы жоғарыдағы аят пен Карма заңының айна қатесіз ұқсас екенін бағамдау қиын емес.

Енді осы мәселеге тереңірек ой жүгіртіп қарайық. Адамдардың өмірінде кездесіп жататын түрлі қиындықтар мен ауру-сырқау, жақындарынан айрылу, басқа да бақытсыздықтар, ол имам-молдалар айтқандай, Алланың пендесіне жіберген сынағы емес, өзінің өткенде жасаған жақсы-жаман әрекеттерінің салдары екен. Қасиетті Құранның жоғарыдағы аяты осыған анық дәлел.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, бүгіндегі әлемді жайлаған жұқпалы дерт те Жаратқанның сынағы емес, пенделердің жасаған теріс әрекеттерінің зардабы екендігі анық. Осыдан біраз жылдар бұрын  пайда болған емі жоқ дерт саналатын СПИД деген ауру жыныс жақындығы кезінде беріледі екен. Содан болар, бұл дерт зинақорлар мен жезөкшелердің, геилер мен лесбиан аталған арсыздардың арасында ғана кездеседі. Бұл – кездейсоқтық па? Жоқ, бұның астарында бейберекет жыныс жақындығына баратын, арсыздықтың құрдымына құлаған пенделердің теріс әрекеттерінің салдары жатқандығы даусыз. Яғни, әрбір пенде өзі жасаған жақсы-жаман әрекетінің салдарын міндетті түрде татады. Бұл – Жаратқанның айнамас заңы.

Адам өз тағдырын өзі жасайды

Жаратқанның бұл айнымас заңы мүлтіксіз және жүз пайыз дәлдікпен жұмыс істейді. Егер сіз өзге емес, өзіңізге жанашырлықпен қарап, болашағыңызды ойлайтын болсаңыз, онда әрдайым жақсы әрекет жасауға, айналаңыздағы адамдармен жылы қарым-қатынаста  болуға тырысуыңыз керек. Сонда болашағыңыз жарқын болады.

Өмірде кездесетін қиындықтарды Алланың сынағы деп түсінетін пенде бәлкім, имам-молдалардың айтқанына сеніп, ауыртпалыққа төзімділік танытар, бірақ  та, бұл оның мінез-құлқын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас бағдарын өзгертуге еш ықпалын тигізбесі анық. Бұндай түсініктегі адам былай ойлайды: менің жасап жатқанымның бәрі де дұрыс, дұрыс өмір кешіп жатырмын, ал қиындықтар мен бақытсыздықтар, ауру-сырқау келсе, бұл Алланың жіберген сынағы, оған төзімділік танытсам, сауап аламын. Осылай ойлайтын пенде ешқашан өзінің мінез-құлқын түземейді.

Тағы бір назар аударарлығы: бұндай түсінік  адамдардың өз өмірінің алдындағы жауапкершілікті сезінуіне кедергісін келтіреді. Карма заңын мойындайтын адам өз қателіктерінен сабақ алып, бойындағы жаман қасиеттерінен арылуға тырысса, өмірдегі қиындықтарды Алланың сынағы деп санайтын адам бойындағы олқылықтарын түземейтіндігі өз алдына, біреулерге, тіпті өзінің отбасына, одан қалды өзінің жеке басына залалын тигізетін жаман істерден де бас тарта алмайды. Ондай адамның бойында өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімі болмайды.

Мен соңғы жылдарда Өзін өзі дамыту ғылымына ден қойып, осы салада біраз кітаптарды оқып, видеосабақтарды көрдім. Сонда ұғынғаным:  өз тағдырына деген жауапкершілікті сезініп, өмірінің қожасы екендігін түйсінген пенде ақырындап бойындағы жаман қасиеттерден арылып, интелектуалдық, рухани жағынан дамыйды екен.

Енді мынаған назар аударып қараңыз: бар қиындықты Алланың жіберген сынағы деп түсінетін мұсылмандардың арасында  рухани даму тоқтап, тоқырауға ұшырағандығы анық байқалады. Өзім араласатын мешіттен шықпайтын діндарлардың мінез-құлқы, көзқарасы еш өзгермейтінін көріп жүремін. Олардың өздерінің қатып қалған ұстанымы, көзқарастары бар, содан бір елі айнымайды.  

Тағы бір назар аударарлық жай: ислам дінін қатаң ұстанған елдерде заманауи даму тоқырап қалған. Рас, Біріккен араб әмірлігі, Сауд арабиясы сияқты бірқатар мұнайлы елдер аса бай тұрады, бірақ бұл мемлекеттерде жаңа технологиялар жасалып, әлемдік дамуға серпін беретін жаңалықтар енгізіліп жатқан жоқ. Олар белсенді емес тұтынушылар ғана. Мұнайдың мол ақшасына сәулетті үйлер салғызып, озық техника жетістіктерін пайдалануда. Яғни, ондай технологияны өздері жасамайды, тек барын пайдаланады. Ал Сирия, Ирак, Ауғанстан сияқты ислам елдері соғыстан көз ашпай, халқына қайыршылық пен тауқымет тарттыруда. Өкініштісі сол, бұл елдердің адамдары өз өмірлерін өзгертейік, басқаша өмір сүруге талпынайық деп ұмтылмайды. Ауғанстанда адамдар әлі күнге шатыры жоқ жер үйлерде тұрады, атам заманғы ескі құралдарды пайдаланады. Осыған орай, бұл елдер дамудан сырт қалған.

"Кітап дүкенінен" сіз ағылшын тілін жедел үйрететін аудиокурсты және "Веда кітапханасы" сериясымен ақпараттық, танымдық кітаптарды алуыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы кіріп алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика