Бай болудың шарты — сананы өзгерту

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруБай-бақуатты болу бүгінде әркімнің-ақ арманы. «Армандаудың залалы жоқ» демекші, дегенмен бұның өзі көп адамдардарда жәй қиял-арман күйінде қалып қояды. Оны жүзеге асырып, мол ақшаға кенелу екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақыт. Содан болар, бай болуды жұрттың көбі лотарея билетін ұтатын жолы болғыш жандардың кездейсоқ бақыты сияқты көріп жататыны бар. Шындығында байлық басқа кездейсоқ қона салатын бақ құсы емес, ол ұзақ және табанды еңбектің жемісі арқылы келетін игі нәтиже.

Бұлай деп үзілді-кесілді айтуымызға негіз болар жайларды біз бүгінде мол байлыққа қолы жеткен шетелдік қалталы бизнесмендердің өмір жолынан табар едік. Роберт Киосакидің «Бай әке мен кедей әке» сериалды кітаптарын оқығанда «байлар басқаша ойлайды екен-ау» деген ойдың санаға оралары анық. Шынында да кәдімгі пенделерден гөрі, бай-бизнесмендер басқаша ойлайды екен.

Киосаки білікті инвестор мәселенің бір қырын ғана емес, барлық қырын бір мезгілде көре алады дегенді айтады. Егер сізге біреу бір қораптың бет жағын ғана көрсетсе, сіз сол бір жағын ғана көріп, ой түйіндейсіз. Ал іскер инвестордың сізден ерекшелігі сол, ол бет жағы ғана көрініп тұрған қорапқа бір қарағанда оның түп жағын да, қырларын да, яғни барлық жағын да көргендей мәлімет ала алады. Бай-бизнесмен қарапайым пенделер көрмейтін мәселенің көлеңкелі жақтарын да бір қарағанда көріп, ұға қоятын сияқты.

Бүгінде әлемге аты танылған жапондық «Хонда» компаниясының негізін салған Хонда мырзаның өз кәсібін ашуына оның бойындағы сондай жұрт көре алмайтын көлеңкелі құбылыстарды көре алатын қасиеті себеп болыпты. Бұл соғыстан кейінгі ауыр жылдар болса керек. Бір күні мекемеде инженер болып қызмет ететін Хонда жұмысына бара жатып, велосипедін сындырып алады. Өзі тұратын аумақтан бір де бір велосипед жөндейтін шеберхана таппаған ол велосипедін орталықтағы шеберханаға апаруына тура келеді. Бұл оның көп уақытын алады. Сол сәт болашақ миллиардердің басына керемет ой келе қалады. Содан ол өзі тұратын аумақтан велосипед жөндейтін шеберхана ашады.

Бәсекелес болатын ешкім жоқтықтан оның қолы әлбетте алғашқы күннен-ақ жүріп кетеді. Клиенттер кезекке тұрып, велосипедтерін жөндетететін болады. Өзі үлгірмейтін болған соң Хонда көмекші жалдап алады. Қаланың басқа аумақтарын қарай жүріп, осындай шеберханасы жоқ аудандардан тағы да қосымша шеберханалар ашады. Шеберханадан басталған оның бизнесі уақыт өткен сайын өсіп, өркендеп кейін велосипед құрастыратын цехқа, онан әрі мотоцикл, содан кейін автокөлік шығаратын іргелі кәсіпорынға айналады.

Бай бизнесмен болуға қажетті басты қасиеттердің қатарында ақша табудың жұрт көріп, біле қоймаған сан алуан жолдарын таба білетін тапқырлық аталады. Бай бизнесменнің басы әруақытта сан түрлі идеяларға толы. Ол қай жерге барып, не нәрсені көрсе де одан қалай ақша жасаудың амал-тәсілдерін қарап жүреді.

Мен тұратын Көкшетау қаласында дәулетті адамдар баршылық. Бірақ та, олардың бәрін Киосаки айтқан мәселенің көлеңкелі жақтарын көре алатын білікті инвестор деуге болмайды. Нарыққа көшкен алғашқы жылдарда бірді бірге соғып сауда жасау арқылы немесе қолындағы билігін пайдаланып біраз нысандарды тиын-тебенге жекешелендіріп алудың арқасында кездейсоқ байып алғандар аз болмағанын жақсы білеміз. Өкінішке орай, олардың бастарында тапқыр идеялар да, өзгелер білмейтін табыс табудың жаңа тәсілдерін таба алар іскерлік қарым-қабілет те жетісе бермейді.

Содан болар, қаладағы қалталы азаматтардың бар білері, ақшаларын мейрамхана, сауда үйлері, жалға беретін офис салуға жұмсау ғана. Қалада қадам басқан сайын дәмханалар мен мейрамханалар, сауда үйлері және бөлмелерін жалға беретін офистер мен қонақүйлерді көресіз. Бәрі бір-біріне егіз қозыдай ұқсас. Яғни, қалталылар ақша табудың жаңа тәсілін ойлап бас қатырмайтын сияқты.

Ресейдің бір қаласында бір пысықай кәсіпкер су басып, бос жатқан көп қабатты үйлердің жертөлелерін түкке тұрғысыз ақшаға сатып алып, одан дәмханалар мен арзанқол қонақүйлер, жылы гараждар мен спорт залдарын ашып, шаш етектен байлыққа кенелгендігі туралы телехабарды көрдім. Ал Көкшетауда суға толып, тұрғындарға көптеген қиындықтар туғызып отырған жертөлелер жыртылып айрылады. Оны сатып аламын деген пендеге су тегінге беруге тұрғындардың бәрі ықыласты. Дегенмен, бұл идеяны жүзеге асыруды ойлап жатқан қалталы кәсіпкерлер жоқ. Олар әлі күнге бір-бірімен жарысып мейрамханалар мен сауда үйлерін сығылыстырып салып жатыр…

«Миллионреше ойлау» жобасының авторы Алекс Яновский бай болу үшін ең алдымен сананы өзгерту қажет дегенді айтады. Иә, сана өзгермей, бақуаттылыққа қол жеткізу мүмкін еместігін өмір ұдайы алдымызға тартып отырады, бірақ содан сабақ алатындар аз.
 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика