Білім – бар байлықтың бастауы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруБілімді адам – не істеу қажеттігін білетін және біліп қана қоймай, соны нақты жүзеге асыратын адам. Жүзеге аспаған білім – жәй ақпарат болып қана қалады. «Секрет» фильмінің авторы және ақыл-ой сананың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, арман-мақсатқа жетудің тәсілдері туралы көптеген кітаптар жазған Джо Витале «Ждите чудес!» деген кітабында адамның ынта-ықыласын арттырып, ертеңге құлшындыратын және биік жетістіктерге бастайтын «ішкі ниет» туралы мынадай мысал әңгіме айтады.

Бақытқа бастар бағытты қалай табуға болады?

Жалғыз ұлымыз ержетіп, университетке түскен соң үйде күйеуіміз екеуміз ғана қалдық, -дейді мисс Кавано. –Содан жалғыздықтан зеріккен біздер Атланти Сити қаласына барып, ептеп бой жазбақ болдық. Көшеде үлкен плакатқа жазылған «Секрет» фильмі туралы жарнаманы көргенде, оған онша мән бермеген едік.

Дегенмен, сонша жарнамаланған фильмді көрген артық болмас деген ойға бекідік. Фильмді алғаш көрген соң-ақ, ол санамда үлкен әсер қалдырды. Көп ұзамай үйге қайта оралып, үйреншікті тірлікке көштік.

Бір күні күйеуім екеуміз отандық фудбол командасының кездесуін тамашаладық. Өкінішке орай, біздің фудболшыларымыз жеңіліп қалды. Компьютерлік бағдарламашы болып істеген күйеуім өткен кездесуге талдау жасау арқылы, онда жол берілген кемшіліктерді толық анықтауға болар еді деп қалды. Тіпті, ол дәл сондай компьютерлік бағдарлама жасай алатындығын да айтып жіберді.

Әншейінде күйеуімнің мұндай идеяларына үнемі қарсы шығатын мен бұл жолы «Секрет» фильмінің әсері ме, үндемедім. Ол аз десеңіз, түрлі сұрақтар қойып, идеясын онан әрі жандандыруға ықпал жасадым. Содан не керек, көп ұзамай күйеуім шынында да әлгіндей бағдарламаны жасап шығарды.

Осылайша біз өмірі жасамаған жаңа кәсіп – өз бизнесімізді ашуға бел байладық. Сөйтіп, фудбол кездесулерінен кейін оны компьютерлік талдау арқылы, жол берілген олқылықтарды анықтаумен айналысатын компания құрдық Алғашында ұйымдастыру жұмыстары біраз қиындық туғызғанмен, кейін ісіміз алға басып, мол байлыққа кенелдік.

Білім нәрімен сусындаған идея өміршең.

Донна Каваноның осы әңгімесінен түйсінеріміз, Жаратқан бізге әрдайым түрлі мүмкіндіктер беріп отырады, бірақ  күнделікті кездесетін қиындықтар мен шешімін күткен мәселелермен басымыз қатып жүретін біздер, ондай мүмкіндіктерді елеп, ескермей жатамыз.

Жеке басын дамытуға көңіл бөлетін адам ақыл-ойымызды түгел еріксіз баурап алып, уайым-қайғының тұңғиығына құлататын түрлі мәселелерді ойлап бас қатырмайды. Бір ойшыл иоганың айтқан: «кешегі күн өтіп кетті, ертеңгі күн әлі келген жоқ, бүгінгі сәт қана бар» деген сөзін жадымызда сақтасақ, көп жамандықтардан аулақ болар едік.

Өткен шақ пен болашақтың арасында түрлі ойлармен басымызды қатырғанша, өмірімізге игілік әкелетін Жаратқан берген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, тың идеяларды жүзеге асыруға күш салсақ, қиындықтардан құтылып, өмір жолымыз ашылқмақ.

Уайым түбі теңіз – түсерсің де кетерсің.

Санамызға көлеңкесін түсіріп, түрлі көңілсіз ойларға жетелейтін өткен істерді ойлау немесе ертеңгі күнгі күткен қиындықтар жайлы уайымға берілу – өміріңізді жеңілдетпейді, керісінше уайым тұңғиығына құлатады. Одан құтылудың жолы – қазіргі шақта өмір сүру, яғни өткенді ойлап уайымдамай, келешекке алаңдап қайғырмай, бүгінгі өміріңізді жақсы, пайдалы істермен айналуға арнасаңыз, көп қиындықтан аулақ боласыз.

Ақыл санаңызды қадағалап, өмір жолыңызда кездескен Жаратқан берген мүмкіндіктерді қалт жіберіп алмай, тиімді пайдалану үшін білім керек. Жәй білім емес, жеке басты дамытуға бағытталған білім қажет. Бүгінде түрлі салалар бойынша биік жетістіктерге жетіп, әлемге танылып жүрген тұлғалардың бәрі жетістіктерінің құпиясы – жеке басты жетілдіру екендігін растайды.

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика