Болашақ жалақыңызды бүгіннен ойлаңыз

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ислам дінінде айтулы орын алатын сахабалардың бірінің «Бұл дүние жұмыс істейтін жер, жалақы алатын орын о дүние» деген сөзі бар. Веда ілімінде материалдық әлем карма, яғни әрекет жасайтын жер деп аталады.
Осыған қарап, біз өмір сүріп отырған фәни дүниені үлкен кәсіпорын деп санасақ, жалақымызды бақи дүниеге барған соң алады екенбіз. Бірақ, жалақыны «кім қалай алады?» — ол басқа әңгіме.

Несие және пайда.

«Ақиқат» блогының «Мақсат» деп аталатын бетіне кірсеңіз, блогтың негізгі мақсаты – төрт бағытта инвестиция салу, яғни болашағыңыз үшін жұмыс жасау екендігін білесіз. Біз сіздердің назарларыңызға әдеттегіден өзгешелеу инвестиция түрін ұсынып отырмыз.

Ол инвестиция – сіздің тәніңізді тастаған соң, яғни қайтыс болған соң алатын табысыңыз немесе жалақыңыз. Зерделі адам «жаз шанаңды, қыс арбаңды сайла» деген сөзді әрдайым есінде ұстайды. Зердесіз адам бүгінгі күннің өлшемімен өмір кешеді, сондықтан ертеңгі күні түрлі қиындықтарға тап болып жатады.

Біз бәріміз – міндетті түрде ӨЛЕМІЗ. Бұл – ШЫНДЫҚ. Оны ешкім, ешқашан теріске шығара алмайды. Кәсіби инвестордың қарапайым пендеден айырмашылығы сол – ол алыс болашағын ойлап, сол үшін бүгін еңбек етеді.

Өлген адам о дүниеге екі нәрсе алып кетеді – САУАП және КҮНӘ. Мұны – ҚАРЫЗ және ПАЙДА деген түсінікпен ауыстыруға болады. Адамдардың басым көбі – қарызбен, яғни несиемен күн кешеді. Мұның мәні неде? Енді соны түсіндіріп көрейік.

Бұл дүниеде бәрі сатылады.

Бір танысым маған «мен ұрлық жасамаймын, зина істемеймін, ендеше неге күнәкар боламын?» деді. Оның ойынша ұрлық істемей адал еңбегімен күн көрсе, күнә атаулыдан аулақ болатын сияқты. Шындығында солай ма?

Алла бізге тән берді. Тән дегеніміз бүгінгі ғылым мойындап отырғандай өте күрделі машина. Мидың өзі үш миллиардтан астам клеткадан тұрады екен. Адамға Алла ақыл, ой, сана, зерде, сезім берді. Соның бәрін пайдаланған пенде осы үшін Жаратқанға не беруі тиіс? Бір ғана нәрсе – құлшылық ету шарт.

Құранда «Мен жын мен адамзатты өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» дейді Жаратқан. Яғни, Алла адамдарды бала-шағалы болып, атақ-мансап, байлық қуып дүниенің қызығын тату үшін жаратпаған. Алла адамдарды ӨЗІ үшін жаратқан.

Сондықтан, әрбір пенде өзі ұстанатын дәстүрлі дінге сай Аллаға құлшылық етіп, Жаратқанның заңымен, яғни шариғат жолымен жүруге міндетті. Бізге Алла берген тәннің өтеуі – осы болады. Егер бұлай жасамасақ, онда біздің мойнымызға қарыз жазылады. Егер сіз электр қуаты, коммуналдық қызмет үшін ақы төлемесеңіз, онда сізді осыған заң арқылы еріксіз мәжбүрлейді.

Сол сияқты Алланың берген нығметін пайдаланып, ақысын төлемеген пенденің мойнына қарыз жазылады да, оны ол бұл дүниеде түрлі азап-тауқыметімен, о дүниеге барған соң тозаққа түсіп, азаптануымен өтейтін болады. Яғни, сізге берілген игіліктердің бәрінің өз бағасы, құны бар. Тегін жатқан ештеңе жоқ.

Осыны есте тұтыңыз. Әрбір күніңізді сауапты істерге арнаңыз. Сонда екі дүниенің де игілігіне кенелетін боласыз. Бұл мәселе туралы алдағы уақытта блогымызда толыққанды мақала жазылатын болады. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика