
Интернетте орыс тілінде сайт жасауды үйрететін курстар жетіп артылады. Қазақ тілінде ондай курстарды әлі кездестірген емеспін. Әрине, кәсіби жоғары деңгейде сайт жасау үшін һтмл кодты түсініп, тек түсініп қана қоймай оны жазуды меңгеру қажет. Бұл өте күрделі және біраз уақытты қажет ететін шаруа. Дегенмен, қазір интернетте дайын движоктар аз емес, солардың көмегімен оп-оңай сайт жасауға болады.
Сайтқа деген қажеттілік барған сайын артып келеді
Қазіргі күні мемлекеттік органдарды былай қойып, кез-келген мекеменің өз сайты бар. Бала бақшаның, мектептің, тіпті коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың сайттары жұмыс істейді. Сайт не үшін қажет? Сайт – бұл интернеттегі мекеменің, не жеке адамның мінбері. Мінберің болмаса сөйлей алмайсың, ешкімге дауысыңды естірте алмайсың. Яғни, өзіңнің қызметіңді, сататын тауарыңды, атқарып жатқан жұмыстарыңды халыққа көрсету үшін интернеттегі өз мінберің, яғни сайтың болуы шарт.
Қазақ тіліндегі сайттар саны да уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Осыған орай, сайт жасаушыларға, оны жүргізушілерге деген сұраныс та арта түсуде. Алдағы уақытта бұл сұраныс көбеймесе, азаймайтыны анық. Бұдан сайт қызметінің болашағының зор екенін сезінуге болады.
Сайт арқылы ақша табуға бола ма?
Кәсіби деңгейде өз сайтыңызды жасап, жүргізетін болсаңыз, одан жақсы табыс табуға болады. Бірақ, сайтты жүргізген саң бірер айдан кейін табыс сізге ағылып келе салмайды. Алдымен сайттың рейтингін көтеріп, оқырмандар санын арттыру қажет. Күніне 1000, одан да көп оқырман кіретін деңгейге жеткен кезде сайтыңыз сізге ақырындап ақша түсіре бастайды.
(далее…)




