Архив рубрики ‘Ақша’

Адамдардың көбі жасыратыны жоқ, жалғыз жалақымен күн көреді. Ал, көбірек табыс тапқысы келетіндер қосымша жұмыс істеп жатады, тіпті үш-төрт жерде бір мезгілде жұмыс істейтіндер бар. Дегенмен де, бұның бәрі адамды бақуаттылыққа жеткізе алмайды. Бақуаттылыққа жетудің ең сенімді және негізгі жолы – инвестиция, яғни ақшадан ақша жасау. Ақшаңызды қайда тиімді инвестициялаға болады? Осы мәселеге қысқаша тоқтала кетейік.

Жылжымайтын мүлікке ақша салу

Инвестицияның ең тиімді тәсілдерінің бірі – жылжымайтын мүлікке ақша салу. Ең тиімдісі, құрылысы енді басталған үйге ақша салған. Неге десеңіз, құрылыс компаниясы адамдарды көбірек тарту үшін үстеме ақысын барынша түсіріп беруге тырысады. Оның үстіне жаңадан салынған құрылыс нысанын алғанда бағаны көтеретін делдалдар жоқ.

(далее…)

Инвестиция деген сөз нарыққа көшкеннен кейінгі кезде жиі қолданылатын болды. Көбіміз инвестиция десе, өндірісті дамыту үшін қалталы кәсіпкерлер салатын ақша деп түсініп жатамыз. Шындығында, инвестиция тек өндіріс пен экономиканы дамыту емес, инвестиция тұлға ретінде адамның өзін жан-жақты дамытуды да қамтиды.

Өзіңді дамыт

Мәскеу қаласына келген шет елдік бір танымал инвесторға залда отырғандардың бірі мынадай сұрақ қояды: «менің 10 мың доллар ақшам бар, соны қайда салсам тиімді болады?» Бұған инвестор еш ойланбастан «ол ақшаны түгел өзіңізді дамытуға жұмсаңыз» деп жауап береді.

(далее…)

Кәмелеттік жасқа толған, дені сау әрбір адам жұмыс істейді, ал жұмыс істеген адамның жалақы алатыны белгілі. Адамның бай-бақуатты болуы немесе өмір бойы жоқшылықта күн кешуі – сол тапқан ақшасын қалай жаратуына тікелей байланысты. Мәселен, сіздің жасыңыз 40-қа келді дейік. 20 жастан бастап жұмыс істедіңіз, яғни 20 жыл жұмыс істеп, жалақы алып келесіз. Енді мынаған назар аударыңыз: осы 20 жылдың ішінде сіздің қолыңыздан қанша ақша өтті, яғни сол уақытта қанша ақша таптыңыз.

Егер айына 100 мың теңге табатын болсаңыз, онда 20 жылда сіз 24 миллион теңге тапқан боласыз. Сол 24 миллион теңге ақшадан бүгін сіздің қалтаңызда қаншасы қалды. Ол үйіңізде сақтап отырған қолма-қол ақша ма, немесе банк депозиті ме, болмаса жылжымайтын мүлік, автокөлік бола ма – бәрібір. Сіз осы 20 жыл бойы маңдай теріңізбен тапқан ақшаңыздың бүгінгі күні қайда жұмсалғанын, қаншасы өзіңізде қалғанын есептеп көріңіз. Егер сіз осы уақыттың ішінде

(далее…)

Таяуда бір жұмыспен Астанада болғанымда, такси жүргізушісі жинаған 2 миллион теңгесіне баласының ақылымен доллар сатып алғандығын, ал содан кейін көп ұзамай доллар бағамы түсіп кеткенін айтып өкініш білдірді. Баласы ютубтан көрген бір сарапшының ақылымен әкесін жиған ақшасын долларға айналдыруға көндіреді. Таксист осы әрекеті үшін қатты өкінетінін айтты.

Дауыл алдындағы тыныштық

Өз басым сонау 1990-шы жылдардағы қаржылық инфляция 1000 пайызға дейін құлдыраған кризистен бастап, 2008-2009, одан кейінгі 2014 жылдардағы дағдарыстарды түгел көріп, куәсі болдым. Таяуда ютубтен бір қаржылық сарапшының ресей рубліне қатысты сараптамасын тыңдап, қазір өткен қаржылық дағдарыстардағыдай өліара сәтте тұрғандай сезіндім.

Мәселен, тормызды басқаннан кейін автокөлік бірден тоқтай қалмайды. Өз инерциясымен бірнеше метрге дейін жылжып барып, содан кейін барып тоқтайды. Қазір де сол жүйткіп келе жатқан көліктің тормызы басылғаннан кейінгі сәттегідей кезеңде тұрғандаймыз. Яғни, дағдарыс салқыны қазірдің өзінде анық сезіле бастады.

(далее…)

Интернет арқылы ақша табу қазір ешкімді таңқалдырмайды және табыстың бұл түрі барған сайын кең өріс алып келеді. Неге десеңіз, қазір интернетті мектеп оқушысынан бастап, зейнеткерге дейін – барлық адам қолданады. Ал сол бос уақытыңызды өткізіп, қажет ақпарат алу үшін пайдаланатын интернетті табыс көзіне айналдыруға кім қарсы болмақ?

Капча қою арқылы ақша табу

Түрлі сайттарға тіркелген кезіңізде сізден арнайы терезеге бір суреттерді немесе цифрларды қою қажет болған кезе бар ма? Ондайлар әлеуметтік желіде де кездесіп жатады. Және капча қою дегеннің еш қиындығы жоқ. Терезеге көрініп тұрған цифрларды немесе әріптерді  жаздыңыз, сонымен бітті. Ал енді осыны табыс көзіне айналдыруға қалай қарайсыз.

(далее…)

Қазіргі нарық заманында адамдардың көбінің табынатын құдайы – ақша болып алғаны шындық. Ақшаға тәнін, арын сататындар аз емес. Бүгінде барша әлемнің, оның ішінде біздің елдің де жазылмас бас ауруы болып отырған жемқорлық атты дерттің астарында ақшаға деген құнығушылық тұрғаны даусыз шындық.  Капиталистік қоғамда ақша әлемнің бірден бір әміршісіне айналатынын өмір көрсетіп отыр.

Ақшасыз қоғам

Адамзат  тарихында феодалдық қоғам аталған орта ғасырларды қамтыған кезеңде ақша онша көп қолданыла қоймаған. Кішкене жері бар шағын феодалдар барлық қажетті затты өзі өндіретін болған. Дегенмен, киім-кешек, басқа да  шаруашылық заттарды ол өзгелерден сатып алуға мәжбүр болды. Айырбас құралы ретінде алғашында ақша емес, азық-түлік немесе басқа заттар пайдаланылды.

(далее…)

Таяуда «Астарлы ақиқат» деген телебағдарламада кәсіпкер, өзін өзі дамыту саласының сарапшысы Ахметбек Нұрсила мен бірқатар әнші жұлдыздар пікірталастырды. Талай-талай белгілі адамдарды жүздестіріп, пікіралмасуларына жағдай жасап жүрген қалың көпшілікке танымал телебағдарламаға кімдер келіп, кімдер пікірлерін айтпай жатыр, неліктен дәл осы кездесуге назар аудару қажет деген ой келуі мүмкін. Бұл кездсеуге назар аударуымыздың астарында қазақ халқының бүгіні мен болашағына үлкен әсерін тигізетін өзекті мәселе тұр. Енді сол мәселеге назар аударайық.

Шегіртке мен құмырсқа

Орыстың атақты мысалшы ақыны Иван Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» деген мысал өлеңі бар. Ала жаздай ән салып, қызық қуған шегіртке күз келіп, одан кейін қар жауып қыс түскенде жаны қысылып, жаздай тыным таппай жұмыс істеп, қыстық қорын жинап алып, жылы ұяда рахаттанып жатқан құмырсқаға келіп «жаз шыққанша асыра» деп жалынады. Сонда құмырсқа: «…Жаз өтерін білмеппе-ең, ала жаздай ән салсаң, селкілде де билей бер» деп ертеңгі күнін ойламай уақытын қызық қуып босқа өткізген шегірткеге есігін ашпаған екен дейді.

(далее…)

1991 жылға дейін біздер – бұрынғы КСРО аумағында тұратын халықтар, социалистік деп аталатын қоғамда өмір кештік. Оның бір жақсы жері – қазіргідей жұмыссыздық, шектен шыққан жемқорлық, тәнін ақшаға сататын жезөкшелік, шектен тыс кедейшілік деген болмайтын. «Байлық – мұрат емес, кедейлік – ұят емес» деген ұстаныммен өмір кешті адамдар. Қазір біз өмір сүріп жатқан капиталистік қоғамның жақсы-жаман жақтарын әлі толық сезіне қоймасақ та, жағымсыз жақтарының көп екендігін анық түсініп үлгірдік.

Экономикалық кризис – капиталистік қоғамның ажырамас бөлшегі

Капиталистік қоғамдағы ұстамалы ауру сияқты бірнеше жылда бір рет қайталанатын, барша адамдарға материалдық жағынан да, психикалық жағынан да үлкен зардабын тигізетін осы қоғамның ешқашан жазылмайтын созылмалы ауруы – экономикалық-қаржылық дағдарыстар.

Соңғы экономикалық дағдарыс 2008-2009 жылдары болып, ол барша әлемді шарпыған болатын. Сол дағдарыстан  біраз елдер әлі күнге дейін толық шығып үлгірген жоқ. Міне, осындай кезеңде әлемді тағы бір үлкен дағдарыс құрсауына алғалы  төніп келе жатқанын экономистер, сарапшылар дабыл қағып айтуда. Дегенмен де, оны қарапайым жұртшылық әлі толық сезіне қойған жоқ.

(далее…)

Соңғы бірнеше аптаның ішінде теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда күрт құлдырап, 382-ден 444-ке бір-ақ секірді. Евро бағасы да шарықтап  қазір 476 теңге болып тұр. Бұл девальвация емес, теңгенің құнсыздануы мұнай бағасының түсуіне орай болған уақытша құбылыс деп сарапшылар жұбатқанымен, қарапайым халық ауыстыру пункттерін жағалап, жанталасып доллар сатып алуда.

Теңгенің құнсыздануы тоқтамайтын үдеріс

Есімде жақсы сақталып қалыпты, 1993 жылдың қарашасында алғаш айналымға теңге енгізілген кезде 1 теңге 1 АҚШ доллары бағамында болған еді. Сол тұста қағаз тиындар шықты. Алғашқы күннен басталған теңгенің құнсыздану үдерісі дегенмен, тоқталмай керісінше үздіксіз жалғаса берді. Кейінірек теңге әбден құнсызданған тұста тиын шығару тиімсіз болғандықтан, тиын ұғымы тек банк есебінде ғана қолданылатын, іс жүзінде мүлдем жоқ түсінікке айналды.

Қазіргі күні, яғни 2020 жылдың 22 наурызындағы Ұлттық банктің мәліметі бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамы 444 теңгені құрайды. Енді мынаған назар аударыңыз: 1993 жылғы қарашада 1 теңге тұрған АҚШ долларын қазір 444 теңге беріп сатып аласыз. Осылайша, 27 жылдай уақыт ішінде төлтеңгеміз 444 есеге, пайызға шаққанда 4400 пайызға құнсызданыпты. Бұл аз ба, көп пе?

(далее…)

Бүгінгі күні қазақстандық БАҚ қарапайым халықты алдап, жиған-терген ақшалары мен бағалы мүліктерін алаяқтықпен иемденіп кеткен «Ломбард 24 гарант» компаниясы туралы жарыса айтып, жазып жатыр. Шындығында, «қаржы пирамидасы» аталып кеткен осындай алаяқтық жобалар еліміздің тарихында аз болмаған. Сонау 1990-шы жылдардан басталған Смағұлов және компания дегеннің алдауына түскен халық әлі күнге дейін бір басқан тырманы қайта-қайта басып, өткеннен сабақ алмауда. Бұның себебі неде?

Алаяқтың арбауына түсіретін – ашкөздік

Алаяқтардың сүйенетін ең  басты көмекшісі – бұл адамдардың бойындағы ашкөздік сезімі. Ашкөздік әр адамның бойында бар. Оңай жолмен жан қинамай мол олжа табуға болар деген жалған үмітке малданатын пенделер алаяқтардың арбауына  он рет түссе де, одан сабақ алмайды. Өйткені, ашкөздік сезім адамды оңай олжаға кенелесің деп алдаусыратып, құрдымға құлатады.

Алаяқтар адамдардың бойындағы осы әлсіздікті өте жақсы біледі және асқан шеберлікпен пайдаланады. Миллиондарды сан соқтырған ресейлік Мавроди дегенді алайықшы. Ол «МММ» деген компания құрып, ақпарат құралдарында күн сайын ондаған көз жауын алар жарнамаларды жіберіп қойды. Жарнамаларда «несін айтасың, бес теңге салып, жүз теңге етіп қайтарып аласың» деп жалған уәдені үйіп-төкті.

(далее…)
Яндекс.Метрика