Дәстүрлі діндердің ережелеріне сай, күнә деген – бұл дінде белгіленген шариғат заңдарына қайшы келетін әрекеттер, яғни Алланың заңдарын бұзу. Мемлекеттің заңдарын бұзу заң шеңберіндегі жауапкершілікке ұшыратса, Алланың заңдарын бұзу да күнә болып саналып, бұл дүниеде жаман карма арқалау арқылы түрлі қиындықтарға тап болу, ал бақи әлемде тозақ отына өртену түрінде жазаға тартылады екен.
Жалпы алғанда, күнә деген ұғымның ауқымы біз ойлағаннан біршама кеңдеу. Діни шарттарға қайшы келетін істермен бірге адамдарға залал тигізетін жаман істер де күнә болып табылады. Мәселен, дәстүрлі діндерде, оның ішінде ислам дінінде қызмет бабын пайдаланып пара алу, мемлекет қаржысын жымқыру түріндегі жемқорлық туралы нақты түсініктер жоқ. Соған қарап, өзіміз өмір кешіп жатқан қоғамда қылмыс болып саналатын бұндай әрекеттер күнә емес екен деуге болмайды. Бұл әрекеттер басқаларға залалын тигізеді екен, онда ол күнә болып табылады.
Сонымен, күнә дегеніміз: шариғат заңдарына қайшы келетін әрекеттер мен өзгелерге залал тигізетін істер деуге болады. Бірақ та, бұл да күнә ұғымының толық мәнін ашпайды.
(далее…)








