Архив рубрики ‘Дін’

исламҚұранда Мұса пайғамбардың Синай тауының басына шығып, Алладан аманат ретінде діни шарттарды алған уақытында  Оның інісі Һарұнға мойынсұнбаған иудейлердің бір тобы қайтадан бұзауға табына бастағандығы айтылады. Мұның бәрі иудейлерді пірғауынның құлдығынан босатып, теңізден жол ашып, тастан бұлақ шығарып, аспаннан манни сәлуа түсірген таңғажайыптарды көздерімен көріп, куәсі болан адамдардың арасында болғандығын айта кеткен жөн.  Алланың құдіретімен болған сонша ғажайыпатарды көздерімен көре жүре иудейлердің пайғамбардың көзі тая сала қайтадан пұтқа табына басатауы – адам санасындағы дінсіздік, күнәкарлықтың терең орнығып алғандығын, онан арылу үшін көп күш жұмсап, Аллаға құлшылық ету қажеттігін көрсетпей ме.

Бірінші сыныпқа барған балалардың бәрі оқуларын бір жағдайда, бір деңгейде бастайды. Оларға сабақ беретін мұғалім бір, оқулық та бір, оқыту бағдарламасы да бірдей, бірақ соның бәріне қарамастан, уақыт өте келе біреу жақсы, біреу өте жақсы, енді біреу орташа оқыса, біреулер үлігірімі нашар болып, көш соңында қалады. Неге? Мұның астарында адамның бәрі бірдей болмайтындығы, олардың қабілеті мен таным деңгейі, алғырлығы, көзқарасы, ұстанымы әртүрлі болатыны жатқаны анық. Дінді бұрмалаушылар негізінен жүректерінде Аллаға деген сенімі аз, (далее…)

102Араб халифаты ыдырап, мұсылман елдері бөлшектенгеннен кейін олардың көбі ағылшындар мен француздарың отарына айналды. Алғашында отаршылдыққа қарсы күрес түрінде бой көтерген ислам елдерін біріктіру идеясы кейін 19-шы ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырда саяси топтардың мүддесіне қызмет ететін иаслам экстремизмі түрінде көрінді.  Ауғанстан, Пәкстан, Иран, Түркия, Сауд Арабиясы, Египет елдерінде көрініс беріп отырған әсіре діндарлардың эксстремистік көзқарастары бойынша пайғамбар заманындағыдай ислам дінін мемлекеттік ресми дінге айналдырып, ислам халифатын құру басты мақсат болып саналады. Бұл жолда олар жазықсыз адамдардың қанын төгетін лаңкестік әрекеттерден де тайынбайды, қажет болса Ауғанстандағы, Сириядағы сияқты қанды соғысқа баруға да сақадай сай әзір.

Ірі экстремистік ұйымдардың бірі болып саналатын «Мұсылман бауырлар» ұйымының негізін салушылардың бірі С.Кутб мұсылман дінін ұстамайтын елдерді түгел «кәпірлер» деп атап, барша әлемге ислам үстемдігін құруға шақырады. Кейінірек көшбасшылық тізгінін қолына ұстаған «Аль (далее…)

102Сириядағы соғыс ислам экстремистерінің шынайы бет-бейнелерін анық ашып берді. Соғыс болған бес жылдың көлемінде 300 мыңдай жергілікті тұрғын қаза тауып, миллиондаған адам Батыс елдеріне босып кетті. Қаншама қалалар мен елді мекендер қиратылды. Интернет арқылы жастарды алдап, Сирияда мұсылмандарға қысым жасалып жатыр-мыс деген желеумен шақырып алып, оларға қару беріп, қырғын соғысқа жегіп жатқан эккстремистердің көсемдері жап-жас жігіттердің өмірін ойыншыққа айналдырып, қажет болған жерде жихад етіп, өлімге айдайды.

Қауғитып сақал қойған, өздерін ислам дінінің ұстынымыз деп жүрген экстремистер қатарында үш жүзге жуық қазақастандық та бар екен. Өзбекстан, Қырғызыстан, Тәжікстан сияқты елдерден барғандар да жат елдегі есуас соғыстың құрбаны болып, сүйектері далада көмусіз қалуда. Жалпы, бүгінгі күні Сирияда әлемнің сексенге тарта елінен барған қырық құрау экстремист әскері соғысып (далее…)

102Сектант терминін дінтанушы мамандар  дәстүрлі емес, конфессиядан тыс деген мағынада қолданып жүр. Яғни, сектанттар өз бастауын Жаратқаннан алатын пайғамбарлар арқылы қасиетті кітап берілген дәстүрлі діндерден бөлек, ет пен сүйектен жаратылған өзіміз сияқты пенделердің ойдан шығарған дін жолы. Сайтанның тіліне еріп, Жаратқаннан бастау алатын дәстүрлі діндерден жырылып, бөлектену жағдайлары сонау ерте заманда-ақ басталғандығы белгілі. Батыстың бір дінтанушысы жер бетінде қазіргі таңда 2636 христиандық бағыттағы діни ағымдар бар деп жазды. Ислам дінінің діни ағымдарының саны да қазір жүзге жетіп жығылады. Иудеизм, индуизм және буддизм сияқты дәстүрлі діндер де жырымдалып түрлі ағымдарға бөлшектеніп кетті. Бірақ, солай бола тұра дәстүрлі діндердің бәрінде де алғашқы Жаратқаннан берілген таза бастауды сақтап қалған негізгі ағымдар жұмыс істейді. Алланың мейір-шапағатымен сол алғашқы таза бастауды ұстанған жандардың бәрі  күнәдан арылып, екі дүниенің де игілігін татулары үшін дәл қазіргі заманда да мүмкіндік бар.

Байығың келсе дін ойлап тап

«Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген саентология шіркеуінің негізін қалаушы Рональд Хаббардтың сөзін қасиетті кітапта «аса алдаушы» деп аталған адамзаттың жауы – сайтанның пенделерді алдап, азғындыққа салу үшін ойлап тапқан амал-айласының бір парасы (далее…)

дінХристиан дініндегі адасушылықтың ең үлкен бастауы – Құдай әке, Құдай ұл және Киелі рух деп бір Құдайды үшке бөлуден басталған болса керек. Інжілде Иса пайғамбардың ешқашан «мен құдаймын» деп айтқаны туралы мәлімет жоқ. Керісінше, ол өзін «Адам ұлымын» (Сын человеческий) деп атаған. Бәріміз де Адам атадан тараймыз, бұл шындық. Ал, осыны кейінгі христиандар көре көзге өзгертіп, өзін Адамның ұлымын деген Иса пайғамбарды Құдай қылып шығарады. Сөйтіп, христиандар бүтін бір Құдайды үшке жіктеп, бөліп тастайды. Бұл туралы Құранда арнайы аят та бар. Бір құдайды үшке бөлудің терістігі, Иса пайғамбардың құдай емес, ет пен сүйектен жаратылған пенде екендігі онда анық айтылған.

(далее…)

гаремЖалпы, көп әйел алушылық ертеден бар және көп халықтарды кездесетін дәстүр. Бұндай дәстүр ислам діні келмей тұрған заманда да арабтардың арасында болған. Осыған орай, ислам дінінде көп әйел алушылыққа рұқсат беріледі. Пайғамбарымыздың бірнеше әйел аландығы белгілі. Бірақ, оның астарында Пайғамбарымыз нәпсіқұмар екен деген мағына жатқан жоқ, ол бұны ислам дінін тарату үшін жасады. Ірі тайпа басшыларымен немесе беделді тұлғалармен жақын болудың бірден-бір сенімді шарты – құда болу еді. Пайғамбарымыз да осы орайда, жаңа ғана қалыптаса бастаған ислам діні қауымдастығын күшейту мақсатында кейбір беделді тұлғалармен немесе ру басшыларымен құда болуға мәжбүр болды.

Дегенмен де, кейін келе мұсылмандар ислам дінінде көп әйел алуға рұқсат етілгендігін пайдаланып, өздерінің нәпсіқұмарлықтарын бүркемелеу үшін бұны мұсылманның бір (далее…)

102Пайғамбар айтты деген мынадай сөз бар: «Ең таза мұсылмандар менің замандастарым, онан кейінгі және содан кейінгі ұрпақ өкілдері». Осылайша, Пайғамбардың айтуынша, онымен замандас болған, көзін көрген сахабалар, онан кейінгі буын – таблигиндер және үшінші буын өкілдері таза мұсылман болған екен. Осы үш ұрпақтан кейін ислам дініне деген нық сенім азайып, ақырындап теріс ағымдар белең ала бастаған сияқты.

Ислам дінінің жіктелуі Пайғамбар қайтыс болған соң көп ұзамай-ақ білінген. Пайғамбардан кейін ислам әлемін басқарған төрт халиф: Хазірет Әбубәкір, Хазірет Омар, ХазіретӘли және Хазірет Осман – бәрі де кісі қолынан қаза тапқан. Осының өзі мұсылмандар арасындағы қайшылықтың ерте заманнан абстау алатынын аңғартса керек. Ислам діні алғаш рет сүүнизм және шиизм болып екіге жарылды. (далее…)

тамұқ«Біреу оң жағыңнан ұрса, сол жағыңды тос», «жақсылық жасаған адамды ғана емес, жамандық жасаған адамды да сүй» деп үйрететін Иса пайғамбардың ілімін ұстанушылардың христиан дінін орта ғасырларда қаншалықты бұрмалап, өзгерткендігіне назар аударсақ, бұны жасаған екі аяқты адам деп аталатын пенде емес, Алланың қарғысына ұшыраған қасиетті кітапта айтылған ібіліс екендігіне көзің жете түскендей болады.

Иса пайғамбардың шәкірттері алыс елдерге барып, бастарын бәйгеге тігіп, ұстаздарының ілімін таратты. Алдымен жаңа дінді римдік ақсүйектерден қорлық көрген қарапайым халық қабылдады. Жаңа діннің кең жайылуынан шошынған император Мирон христиандарды аяусыз жазалап, қуғын-сүргінге ұшыратты. Тіпті, оларды халық алдында амфитеатрларда жабайы аңдарға талатып өлтірген кездері де болған. Соған қарамастан, христиан діні Рим империясының ішінде кең тарала берді. Алғашқы христиандар Иса (далее…)

дінЕртедегі бір ғұламаның «адам уақыттан, уақыт пирамидадан қорқады» деген сөзі бар екен. Мыңдаған жылдардан бері күннің аптап ыстығына, желдің өтіне, жауын-шашынға төтеп беріп, шөл далада қасқайып тұрған пирамида мәңгілік деп ойласа керек, әлгі ғұлама. Бірақ та, Египет пирамидасының қазіргі кейпіне қарап, уақыттың пирамиданы да езіп, мүжіп, шөктіріп бара жатқанын бағамдау  қиын емес. Таулар мүжіліп құмға, теңіздер тартылып батпаққа айналатындығы, мемлекеттер де, адамзаттың түгел бір нәсілдері де жер бетінен құрып жоғалып жататыны тарихтан мағлұм.

Ендеше, осылардың бәріне қарап, мынадай тұжырым жасауға болар еді: мына фәни жалғанда бәрі де өткінші, бәрі ескіреді, тозады, ақырсында құрып жойылады. Бұл – өзіміз ғұмыр кешіп жатқан фәни әлемнің айнымас заңы. Бұл заң тек өлі, тірі табиғатқа ғана қатысты емес, ол сондай-ақ, ғылым-білімге, оның ішінде дінге де қатысты.

(далее…)

кармаБіздің дәуіріміздің үшінші ғасырында Рим империясының императоры Константин әртүрлі тілде сөйлейтін және әртүрлі дінді ұстанатын алып мемлекетті басқару үшін ортақ бір діннің болуының игі ықпалы тиетінін біліп, сол тұста халық арасына кең тараған және бір ғана құдайға табынатын христиан дінін ресми мемлекеттік дін етіп алмақ болды. Ол христиан қоғамы өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді.

Император Константиннің дінді өзгертуі

Император христиан дінін мемлекетті басқаруға тиімді құрал ретінде пайдалануды ойлағандықтан, ондағы бірқатар ұстанымдарды өзгертуді талап етті. Осыған орай арнайы шақырылған соборда бұл мәселе талқыланып, императордың өтінішімен бірқатар негізгі ұстанымдар өзгертілді.

(далее…)

Яндекс.Метрика