Фейсбукте біреу «Мен құдайды тану жолына түстім, түрлі еңбектерді оқып, зерттей жүріп Оны танитын боламын» деп жазыпты. Құдайды ғылыми зерттеулер, түрлі еңбектерді оқу арқылы тануға, түсінуге бола ма? Жалпы, Құдай туралы не білеміз және Оның сыйпаты қандай?
Алланы ақылмен тану мүмкін бе?
Әлеуметтік желіде дін туралы жиі жазып жүретін бір кісімен ақыл жайында пікірталастырып қалдық. Ол кісінің айтуынша, ақыл адамды Аллаға жеткізетін күш. Бұндай сенімді немесе түсінікті оның қайдан алғаны белгісіз. Өйткені, Құранда, не Інжіл, Тәуратта ақыл жайында ештеңе айтылмаған және ақыл туралы ғылыми зерттеулер де жоқ. Ендеше ақыл туралы осылай үзілді-кесілді пікір айтуға бола ма?




