Имам Махди, Калкиаватар, Будда Майтрей…

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

дінАдамдардың жеке мүддесі үшін шындықты бұрмалауы тарихта аз болмаған және өкініштісі сол, ондайлардың жалғандығына имандай сеніп, соңынан ерушілердің қай кезде де кездесетіндігін өмір дәлелдеуде. Бірақ тарихтың бұл айғағынан сабақ алып жатқан пенде жоқ. Енді пенделер басқаны қойып, қасиетті кітаптарда айтылған, Алланың елшілері арқылы баяндалған болашақта келетін адамзатқа игі бағдар көрсететін Ұлы ұстаз – Құтқарушы туралы ақиқатты да өздерінің көзқарастарына лайықтап бұрмалауға кіріскен түрі бар.

Калкиаватар Ресейде пайда болып, орыс империясын орнатады

Өзін лақап атпен Иван Белоконь деп атаған ресейлік Сергей Калкин деген азамат осылай деп барша әлемге жар салып жүр. Ол Нострдамус, Ванга сияқты көріпкелдердің болашақ жайында айтқан болжамдарын өзінше жорамалдап, Калкиаватар Ресейде пайда болады және ұлы орыс империясын құрады деп кәміл сенетін сыңайлы.

Өзінің болжамдарын растау үшін Иван Белоконь тіпті, Інжілдегі Жоханның аянын да алға тартады. Аяндағы ақбоз ат мінген жауынгерді құтқарушы Калкиваватар деп түсіндірген ол күнакарларды жойып, жаңа адамзат нәсілінің негізін салатын құтқарушы Ресейдің шығысында пайда болып, Ресейдің патшасы болады дейді.

Оның бролжамынша 2016 жылы Ресейде үлкен экономикалық дағдарыс басталмақ. Халық көтеріліп, ақыр соңында билікті кетіріп тынады. Міне, осы кезде құтқарушы патша жарыққа шықпақ. Бойында түрлі тылсым қасиеттері бар құтқарушы билікке келген соң әлемде жоқ жаңа технологияны енгізіп, соның арқасында Ресей қарыштап дамиды. 2018 жылы үшінші дүние соғысы басталып, Ресей жеңіске жетеді. Осыдан кейін барлық қарсыластарын жойған Ресей әлемдік держава болып, барша әлемге билік жүргізбек.

Калкиннің айтуынша, адамзат болашағы екі нұсқада жүреді. Егер 2017 жылға дейін патша таққа отырса, онда Ресей ұлы держава атанып, адамзат баласына көшбасшы болады. Ал патша келмесе, онда үшінші дүние соғысында адамзат түгел опат болып, ақырзаман орнамақ. Сондықтан, Сергей Калкин жұртшылықты Құтқарушының келуіне жағдай жасау үшін көтеріліске шығып, билікті тартып алуға ашық уағыздайды (бұнысы енді нағыз заң бұзушылық).

Имам Махди Стамболда халық алдына шығады

Ұлы орыс империясын құруды аңсап, Падма пуран сияқты ведалық қасиетті кітапта болашақта келеді деп болжамданған Калкиаватарды пайдалану арқылы осы арман-қиялын жүзеге асырғысы келген Калкин сияқты көріпкелдер Түркияда да бар екен. Ютубқа салынған бірқатар видеоларды көргенде осыны анық аңғардық.

Ақырзаман қарсаңында ислам әлемін біріктіріп, жер бетінде бейбіт және молшылыққа негізделген қоғам орнататын имам Махдидің келетіні туралы Пайғамбарымыз анық айтқан. Дегенмен, осы имам Махдидің қашан, қайда пайда болатыны жайында мұсылмандардың өз арасында түрлі қарама-қайгшы пікірлер бар.

Шиитер имам Махди орта ғасырларда 73 жасында белгісіз себептермен жоғалып кеткен 12-ші имам десе, түріктер оны Стамболда пайда болып, өзінің миссиясын осы жерде жүргізеді деп түсіндіреді. Түрік теологтарының пайымынша, ол Стамболдан шығады және барша мұсылмандарды біріктіріп, қуатты держава құрады. Ал Түркия сол ислам империясынығ көшбасшысы болмақ.

Көріп отырғанымыздай, Сергей Калкиннің болжамы мен түрік телоготарының болжамы егіз қозыдай ұқсас, тек біреуі көрпені Ресейге қарай тартса, екіншісі Түркияны әлемнің көшбасшысы ретінде көргілері келетінін аңғартады.

Құтқарушы ұстаз қашан келеді және ол қай ұлттың өкілі?

Ақырзаман қарсаңында барша адамзат азғындықтың құрдымына құлап, күнакарлық белең алған кезде келетін Құтқарушы ұстаз туралы көріпкелдік болжамдар ислам, христиан, иудей, буддизм және индуизм сияқты дәстүрлі діндердің бәрінде бар.

Христиандар құтқарушыны жерге қайта оралатын Иса пайғамбар түрінде көрсе, Иса пайғамбарды кезінде мойындамаған иудейлер оны Машиах ретінде күтеді, ал мұсылмандар имам Махди деп түсінсе, буддашылар будда Майтрей, индустар Калкиаватар деп атайды.

Аты әртүрлі боланымен, болашақта адамзатты күнадан арылтып, түзу жолға салатын Құтқарушы ұстаздың заты, яғни қызмет бағдары бір екендігін аңғаруға болады. Құтқарушы түрлі ағымдарға жіктеліп, ақиқат дінді бұрмалаушылықты жойып, Аллаға жеткізетін таза діни шартты жаңғыртады және барша адамзат баласын бейбітшілік пен молшылыққа, әділдікке бастайды, сондай ізгі қоғам орнатады.

Қасиетті кітаптарда әртүрлі есіммен аталған Құтқарушы ұстаздың түп негізі бір екенін бағамдауға болады. Оның міндеті – күнакарлықты жойып, қасиетті дінді қалпына келтіру, жер бетінде әділдік пен бейбітшілікті, молшылықты, тұрақтылықты орнату.

Ал Құтқарушы ұстаз қай елден, қай ұлттан шығатыны жайында нақты деректер жоқ. Оны өз мүддесіне қарай бейімдеуге тырысып, жұртты дүрліктіріп жүргендердің сөздерінде еш негіз де, шындық та жоқ. Құтқарушының қашан, қалай шығатыны – жалғыз Аллаға ғана аян.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика