Көп айтса көнді, жұрт айтса болды…

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Социалистік жүйе неге күйреді? Коммунизм идеясын жақтаушылардың басты қателігі – барша адамдарды үлкен машинаның жансыз тетіктеріне айналдыруында еді. Кеңес заманында өмір сүрген адамдар өз бетінше ойлау қабілетінен айрыла бастады: бәрін партия біледі, партия шешеді деген ұғым қалыптасты. Осылайша адамдар жеке тұлғалығынан, яғни «Менінен» айрылды.

Адамды жансыз қуыршаққа айналдыру.

Адамдарды мемлекет, қоғам атты машинаның жансыз тетіктеріне айналдыру процесі тек кеңес заманында емес, оған дейінгі дәуірлерде де белсенді жүргізілген. Азаматтардың жеке ой-пікірін езіп-жаншитын қоғамдық ортақ пікір, түсінік олардың өмірлік ұстанымдарына, өмір сүру дәстүріне үлкен ықпал жасап отырды.

Ертеңгі күнге деген сенімсіздік, үрей-қорқыныш, құдай салды, біз көндік дейтін көнбістік – бәрі де осындай жеке «Меннің» тұншығуынан, «Біздің» үстем күшке айналуынан туындаған құбылыс еді. Ұлы Абай «Көп айтса болды, жұрт айтса көнді, әдеті надан адамның» дейді. Жұрттың бәрі солай жасап жатыр, мен де солай етейін деген ұстаным, бүгінде пенделердің басым көпшілігінің басты түсінігі болып алды.

Менімен бірге қызмет істейтін бір әріптесім қызының ұзатылу тойын кредит алып жасады. Ысырапшылдық туралы үнемі айтып, жазып жүретінімді білетін ол «той жасамай-ақ қояйық деп едім, туыстарымның бәрі өре түрегелді, қызым да папа, фата кигім келеді» деді, содан қарсы тұра алмадым» деді күмілжіп. Оның жағдайын түсіндім. Тұрмыс жағдайың көтере ме, жоқ па, қазір жұрттың бәрі бір-бірімен жарысып, бір үйлену тойында дүрілдетіп екі той өткізуді (қыз ұзату және үйлену) берік әдетке айналдырып алды.

Тойға кем дегенде 100-200, тіпті 1000 адамға дейін шақыратындар бар. Асаба, музыкант, бейнеқойылымды түсіруші, фотограф дегендердің бәріне ақша төлеу қажет. Бір сөзбен айтқанда, той дегенің қып-қызыл шығын. Содан болар, көрші қырғыздар ағыл-тегіл той өткізуге заң бойынша тыйым салды. Бізде ол бәсеке түрінде жыл санап өршіп барады. Ал енді осындай ысырапшыл дәстүрге сіз қарсы шыға аласыз ба? Жоқ. Қоғам, яғни «Біз», сіздің жеке «Меніңізді» езіп-жаншып, өз дегеніне еріксіз көндіреді.

Көнбістіктің астарында надандық жатыр.

«Миллионерше ойлау» жобасының авторы Алекс Яновский адамның бойындағы ойына алған арман-мақсаттарына жетуге кедергісін келтіретін, кедергі келтіріп қана қоймай, өмірін қиындатып, азапқа айналдыратын қорқыныш, өзіне деген сенімсіздік, көнбістік сияқты қасиеттердің бәрінің түп негізі – жеке «Менінің» қоғамдық «Бізге» мойынсұнып, оның құлақ кесті құлына айналуынан деп түсіндіреді.

Көп адамдар өзінің нені армандап, нені мақсат ететінін де білмейді. Өйткені олардың «Мені» жоқ, тек «Біз» бар. Ондай пенделердің іс-әрекеті түгелдей айналасындағы адамдардың пікірімен үндесіп, солардың ыңғайына жығыла жасалып жатады. Олар өздеріне ұнайтын нәрсе туралы, тіпті дауыстап айтуға да жасқанады.

Жаман да болса өз ұстанымың болсын.

Биік нәтижелерге жету үшін ең алдымен өзіңнің «Меніңді» оят, содан кейін ғана өзіңе не қажет, не ұнайды, қандай мақсатқа жеткенде бақытты боласың деген жайларға көңіл бөлуге болады.
Бір ағаштың басында мың жапырақ бар, олардың бір-біріне түр-түсі, көлемі мен қиықтары егіз қозыдай ұқсайтын біреуін таба аласыз ба? Алла мың жапырақты мың түрлі етіп жаратты.

Осылайша Жаратқан бізге әр пенденің ешкімге ұқсамайтын өз бейнесі – «Мені» болатындығын, соған сай әрекет етуі қажеттігін түсіндірді. Бақытқа жетудің басты жолы – өз «Меніңді» риза қылатын, өзіңе ұнайтын іспен айналысу.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика