Кез келген істе пайдалы жағына назар аударыңыз

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

денсаулықАдамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілген, оларда мақсатқа жету үшін қажетті – ақыл, зерде, қабілет, жады сияқты Жаратқан сыйлаған игіліктер бар. Бірақ соған қарамастан, адамдардың көбі пайдалы іспен емес, өздеріне де, өзгелерге де залалын тигізетін жаман істермен айналысады және содан зардап шегіп жатады. Неге? Өйткені олар қандай іске де оның пайдалы, не пайдасыз екеніне емес, өзіне ұнайтын, болмаса ұнамайтын өлшемі тұрғысынан қарайды.

Бізге ұнайтын нәрсенің бәрі пайдалы емес.

Егер өмірге байыппен назар аударып қарайтын болсақ, ұнамды нәрсенің бәрі залалды екенін бағамдауға болады. Және өзіне ұнайтын нәрсені жасауға ақылы неғұрлым аз тіршілік иелері бейім келеді. Мәселен, ақылы толмаған кішкентай сәби қолына түскеннің бәрін аузына салады. Оның пайдалы, зияндығына назар аудармай, бәрін жегісі келіп тұрады. Өйткені бұл оған ұнайды.

Сол сияқты хайуан да өзіне ұнағанды жасауға бейім. Қой өзінің зәрі мен нәжісінің үстіне жата береді. Ит көшеде зәр шығарып, шағылыса салады. Ал енді керісінше, адам өзіне ұнайтын шаруаның бәрін жасай бермейді. Мәселен, сіздің көшеде келе жатып дәрет алғыңыз келді делік. Сіз отыра қалып дәрет алмайсыз. Қиналып тұрсаңыз да амалсыз дәретхана іздеп, сол дәретханада ғана дәрет аласыз. Ақылды адамның ақылсыз пендеден айырмасы да осында, яғни қандай іске де ұнамды, не ұнамсыз деп қарамай, пайдалы және пайдасыз қырынан қарайды.

Тиым салудың астарында не бар?

Адамдардың арасында көпшілік орында жасауға болмайтын ұят саналатын әрекеттерге назар аударып қарайтын болсақ, оның астарында пайдалы және пайдасыз өлшемінің жатқанын бағамдауға болар еді. Мәселен, жоғарыда айтқандай дәрет алуды алып қаралық. Оның жалпы алғанда еш сөкеттігі жоқ, табиғаи қажеттілік. Неге мен дәрет алғым келген кезде дәретхана іздеп, әуре-марсаңғы түсуім керек. Көшеде неге дәрет ала бермеймін.

Ал енді көз алдыңызға елестетіп көріңізші, адамдардың бәрі үлкен-кіші дәретін көшеде ала береді дейік. Оның салдары қандай болады? Көше үлкен дәретханаға айналар еді. Шыбын-шіркей қонып, иісі қолқаны атып, түрлі аурулардың таралуына себеп болар еді. Сол сияқты адамдар ит тәрізді көшеде тапа-тал түсте жыныс жақындығына барады делік. Сонда не болмақ?

Жыныс жақындығы ұят шаруа саналудан қалып, кәдімгі тамақ ішкен сияқты үйреншікті іске айналар еді. Ол кезде ерлі-зайыптылық, бір-біріне деген адалдық, сүйіспеншілік, қызғаныш сезімі, отбасы институты, ең соңында әйелдердің бойындағы нәзіктік, ұялшақтық сияқты тартымды қасиеттер түгел жойылып, адамдар хайуандардың үлкен тобыры болып шықпақ.
Қай нәрсеге де пайдалы, не пайдасыз деген өлшем тұрғысынан қараңыз.

Сіз өмірде жақсы табысқа жеткіңіз келсе, қай нәрсеге де ең алдымен пайдалы, не пайдасыз деген өлшеммен қараңыз. Мәселен, сізге темекі тартқан ұнайды. Бірақ пайдалы-пайдасыз өлшем тұрғысынан қарайтын болсаңыз, онда темекіден бас тартуыңызға тура келмек. Бұл сізге ұнамаса да, осылай жасауыңыз шарт.

Темкіге пайдалы-пайдасыз өлшем деңгейінде талдау жасап көрелік. Темкі алуға сіз күн сайын белгілі сомада ақша жұмсайсыз. Никотиннің денсаулыққа залалды екендігі әлдеқашан дәлелденген. Одан қалды сіз темекіге тәуелді күйге түсіп, содан біраз қиындық көруіңізге тура келмек. Мәселен, алыс сапарға шықтыңыз делік. Автобустың ішінде темекі тартуға болмайды. Сіз амалсыз шыдайсыз. Ал жұмыста белгіленген орыннан басқа жерде темекі тартсаңыз түрлі қолайсыздықтарға тап боласыз, т.б.

Адамның хайуаннан басты айырмашылығы да қандай істе де өзіне ұнайтындығы немесе ұнамайтындығы тұрғысынан емес, пайдалы, не залалды өлшемімен қарайтындығында десек, шындықтан алыс кетпейміз. Егер сіз ұнамды-ұнамсыз деген өлшеммен емес, пайдалы-пайдасыз деген өлшеммен қарап, пайдалы іске ұмтылсаңыз, өміріңіз жақсарары анық.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика