Кредит алу – өзіңді құрдымға құлату

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың көбі бүгінде ақша тапшылығы мәселесін шешудің ең сенімді және жеңіл жолы – банктерден кредит алу деп түсінетін болды. Кредит алып той жасайды, кредит алып, үй сатып алады, кредитке бала оқытады, кредитпен басқа да мәселелерін шешіп  жатады. Осылайша, кредитке үйреніп алғандар ақшаны үнемдеу, оны дұрыс пайдалану дегенге мүлдем көңіл бөлмейді.

Бес адамды атып өлтірген борышкер

Күні кеше бүкіл елді шулатқан қанды оқиға орын алды. «Центркредитбанктен» несие алған борышкерге сот орындаушылары келіп, үйді босатуын талап еткенде үй иесі аңшы мылтығымен бес адамды сұлатып салған. Бар өмірі алдындағы өрімдей жас бес жігіт қас пен көздің арасында мәңгіге көз жұмды.

Осы оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде жұрттың пікірі екіге жарылып, біреулері кісі қанын төккен борышкерді айыптаса, екіншілері бәріне  сатылғыш сот пен сот орындаушылары, банк кінәлі деп жатыр. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты кез-келген жайға біржақты  баға беруге болмайтынын ескерсек, бұл мәселенің астарында да күрделі әлеуметтік жай жатқанын бағамдау қиын емес.

Әлгі борышкер банктен 130 миллион теңгедей кредит алған. Осы арада мынадай ой келеді: «апырым-ау, сонша ақшаны не істеуге алды екен?»  Бірақ та, борышкердің өзі тұрып жатқан баспанасынан басқа нарықтағы бағасы 180 миллион теңге болатын жылжымайтын мүлкі болыпты. Міне, сол мүлікті кепілге қойып, сонша ақшаны  кредитке алған екен.

Кредитке алған 130 миллионды қайда жаратқанын кім білсін, борышкер банкке несиесін қайтара алмайды. Осыған орай, банк оның кепілге қойған мүлкін алады. Нарықта 180 миллион деп бағаланған мүлікті неге екені белгісіз банк 90 миллионға бағалайды. Қалған жетпейтін 40 миллионды борышкердің үйін сатып алмақ болған банктің бұл ұсынысы сот тарапынан қолдау тапқан.

180 миллион тұратын мүлкін бір алып, ол аз десеңіз, 40 миллионға бағаланған ат шаптырым аумақты алып жатқан сәулетті үйін тартып алғысы келген банктің әрекеті ашу-ызасын туғызған борышкер сот орындаушыларын оқпен қарсы алған.

Ақылың болса, кредит алма

Банктердің тарапынан қарапайым халыққа жасалып жататын қиянаттар туралы аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Десе де, қолдарында ақшалары бар банктердің алпауыт қожайындары ашкөздікке салынып, халыққа қиянат жасауын доғармай келеді.

Мынаған назар аударып қараңызшы: бағасы 15 миллион тұратын пәтерді банктен кредит алып сатып алсаңыз бағасы екі есеге жуық өсіп кетеді. Сөйтіп, ол сізге 25-30 миллионға түседі.  Кредиттің үстінен алатын өсімді былай қойып, банктер ашықтан ашық алаяқтыққа барып, қарапайым жұртшылықты алдап ақшаларын алатын жайлар  да жетерлік.

Жұрт мақтайтын «Тұрғынүйжинақбанкін» алып қарайық. 10 миллион теңге тұратын үйді сатып алу үшін сіз ол соманың 50 пайызын жинауыңыз қажет болады. Сөйтіп, ай сайын жалақыңыздан сығымдап жинап, бірнеше жылда қажетті 5 миллионды жинадыңыз делік. Содан кейін екіжақты шарт жасап, өзіңіз жинаған  5 миллионға банк тағы 5 миллион қосып береді.   10 жылға несие алсаңыз, жылдық өсімі 4 пайыз көлемінде болады.

Бір қарағанда банк 4 пайыздық өсім беріп, сізді жарылқап тастаған сиақтанады. Бірақ, несиені есептегенде неге екені белгісіз, сіздің өзіңіздің жинаған 5 миллионыңызды да банк өз қалтасынан берген сияқтанып, 10 миллионға есептейді. Осылайша, сіз алған 5 миллионыңыз үшін емес, 10 миллион үшін 4 пайыздан өтемақы төлейсіз. 10 миллион болғандықтан, жылдық өсім 4 пайыз екі еселеніп, енді 8 пайызға айналады. Ал ол 10 жылға есептеліп, 80 пайызға шарықтап шығады. Міне, банктер халықты осылай алдайды.

Соңғы кезде ақшаға әбден құныққан банктер енді алғашқы жарнасыз ипотекалық кредит бере бастады. Жинаған ақшасы жоқ, ай сайын ондаған мың теңгеге пәтер жалдап тұратындар үшін бұл баспаналы болудың керемет оңтайлы тәсілі сияқты көрінетіні анық. Бар да, бірден кредитті құжаттандырып, қалаған сомаңды алып, пәтер сатып ал. Тамаша. Бірақ, «тегін ірімшік қақпанда ғана жатады» дегендей, бұндай банктердің мырзалығының астарында азаматтардың терісін бес-он рет іреп алатын сұмдық жатқанын борышкер басына түскенде ғана біледі.

Мәселен, 15 миллион теңге тұратын үйді алғашқы жарнасыз түгел банк кредитіне алсаңыз, ай сайын 200 мыңның үстінде төлем төлеуге тура келеді. Жаны қысылған адам сонша ақшаны төлей ала ма, жоқ па оған қарамай, алып алады да, біраз уақыттан соң қарызын қайтара алмай үйінен бір, ақшасынан екі айрылып сан соғып қалады. Бұндай жағдайлар соңғы кезде көбейіп барады.

Осылардан не түйеміз? Егер ақылыңыз болса: ешқашан банктен кредит алмаңыз. Тіпті, аш қалсаңыз да, банк кредитіне жуымаңыз. Ақша мәселесін шешудің басқа амалын табуға тырысыңыз. Банктен кредит алып үйренген пенде – құмар ойынына салынған адам сияықты. Құмар ойынына берілген адам қолына ақша түссе болды құмар ойнап, барынан айрылып, одан қалды айналасындағылардан қарыз алып, тіпті ұрлық істеуге дейін барады. Бұндай адамдар психологиялық тәуелділікке ұшырайды. Банк кредиті де адамды сондай психологиялық тәуелділікке ұшыратады. Сондықтан ешқашан, ешқандай жағдайда банктен несие алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика