Медитация

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өзінің сәулесі арқылы жылуы мен жарығын тарататын Күн сияқты ақыл да ой қуаты арқылы адамдарға өз ықпалын жүргізеді.  Ой жағалауға тынымсыз соғатын ешқашан тоқталмайтын теңіздің толқыны сияқты. Бір ой келсе, екіншісі кетіп жатады. Ой адамдар тамақтанып жатқанда, жүріп келе жатқанда, тіпті әңгімелесіп отырғанда да келіп-кетіп үнемі қозғалыста болады.

Міне, осылайша ешқашан тыным таппайтын ой қуаты адамды еріксіз ілестіріп, өз дегенімен жүргізеді. Адамдар өмірде ой қуатынан өте көп зардап шегеді. Жоғарыда тілге тиек еткен «Секрет» фильмінде ақыл-ойдың адам өміріне қаншалықты әсер ететіндігі нақты айтылған. Осы арада мысал ретінде ара мен шыбынды алуға болады. Сыртқы кейпі бір-біріне ұқсас осы екі жәндіктің өмірі екі бағытта өрбиді. Ара үнемі гүлді іздеп тауып, бал жинаса, шыбын қоқыс пен нәжісті іздеп, содан лас нәжісті жинайды. Адамдар да ара мен шыбын сияқты біреулері жақсылық жайында ойлап, өміріне жақсылық пен игілікті тартса, екіншілері тек жамандық пен кедейшілік, қиындықтар жайында ойлап, сондайды өміріне өздері тартып отырады.

Қазақтың «жақсы сөз – жарым ырыс» деген мақалы бар. Жақсылық туралы ойлап, үнемі назарын жақсылыққа, молшылық пен игілікке аударатын адамның өмірі де жақсылық пен игілікке толы болады. Ал аузынан тек  жамандық  шығатын, үнемі өзін бақытсыз санап, басынан тауқымет кетпейтінін айтып зарлап жүретін, осыған айналасындағыларды, билікті кінәлап, ақыл-ойын жоқшылық пен тапшылыққа, қиындық пен тауқыметке шоғырлайтын пенденің өмірі қаратүнек болады. Осылайша, адамдар ақыл-ойлары арқылы өз болашақтарын өздері жасайды.

«Секрет» фильмінің авторлары бақытты болу үшін адам ақыл-ойын тек жақсылық пен игілікке, өмірдің жақсы жақтарына, молшылыққа аударуы керек деп түсіндіреді. Осындай жағымды ойларды санасына сіңірген пенденің өмірі жақсылыққа бағытталып, өзінің бақытты болашағын өз қолдарымен жасайтын болады.

«Секрет» фильмінің авторлары бұл үшін визуализация, яғни ойша болашақты елестету әдісін ұсынады. Визуализация деген атауы сәл-пәл өзгеше болғанымен, бұл да медитация, яғни ақыл-ойды бір нысанға шоғырлау. Үнемі тыным таппай қозғалыста болатын және ақыл-программаның ықпалымен әрдайым рахат табу көзін іздейтін ақыл-ойдың жетегіне еріп кетпей, оны саналы түрде бір нысанға шоғырлау – бұл медитация аталады.

Медитация қай уақытта пайда болды, оны кім ойлап тапты? Бұл сұраққа жауап беру қиын. Өйткені, ол бастауын өте ежелгі заманнан алады. 5 мың жыл бұрын жазылған «Махабхарата» жырында медитациямен айналысып, биік жетістіктерге жеткен иогтар туралы әңгімелер бар. Осыған қарап, медитациямен адамдар өте ерте заманнан бастап айналысып келе жатқанын бағамдауға болады.

Адамдардың басым көпшілігі, тіпті барлығы дерлік,  ешқашан тыным таппайтын және үнемі қозғалыста болатын ойларына назарын шоғырламайды. Тек медитациямен айналысатын буддашы монахтар мен иогтар және ислам, христиан сияқты дәстүрлі діндерді ұстанатын бірлі-жарым адамдар ғана ойдың табиғатын біліп, түсіне алады. Ал қарапайым пенделер үшін ой деген өздігінен туып, жоғалып отыратын табиғи және адамзаттың ажырамас құбылысы сияқты. Олар ойдың қаншалықты құдыретті қуат екендігін және өз өмірлерін өзгертуге оның қаншалықты үлкен ықпалы болатынын сезінбейді.

«Бһагавад Гитада» Тәңірі Кришна медитациямен айналысатын адамның жұртшылықтан оқшау жерде шөпке аңның терісі төсеп молдасын құрып отыратынын және ұйқы мен тамақтану тәртібін қатаң сақтау қажеттігін айтады.  Медитация адамға не береді?

Егер сіз көзіңізді жұмып ақыл-ойыңызды бес минут бақылап көрсеңіз, оның табиғаты туралы аз-маз хабардар болар едіңіз. Бір-бірімен мүлдем байланысы жоқ ойлар бірінен соң бірі келіп, кетіп жатады. Сол ағылған ойлар тасқынын тоқтатып, оны бір нысанға шоғырлаудың қаншалықты қиын болатынын нақты тәжірибе түрінде айналысқан адам ғана біледі. Бһагавад Гитада патшазада Арджуна ойды бас білмеген асау атқа, ұйтқи соққан желге теңейді. Желді басқару мүмкін бе? Сол сияқты ағылған ой тасқынын бақылап, басқару алғашында мүлдем мүмкін іс емес сияқты сезілері анық. Дегенмен, күн сайын табанды түрде медитациямен айналысып, ойды бір нысанға шоғырлауға тырысқан адам уақыт өте келе бас білмеген асаудай тулаған ой ағымын саябырсытып, ақырындап бақылауға алуды үйрене бастайды. Ал біраз жыл табанды айналысқан соң енді ойды бір нысанға шоғырлап, ұстап тұруды меңгереді.

Ағылған ой ағымын тоқтатып, оны саналы түрде бір нысанға бағыттауды үйренген адам ешқашан ашуға, нәпсіге бой алдырмайды, ол өз сезімдерін әрдайым бақылап, басқара алады. Егер біреу дөрекілік танытса, ашуға бірден бой алдырмай, сабырлылық таныту екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ал медитациямен айналысып, ой ағымын бақылап, басқара алған адам ашу-ыза, нәпсіқұмарлық сияқты сезімдерді де тізгіндей алады.

Медитацияның ең қарапайым түрі: молдасыңызды құрып отырыңыз. Денеңізді босаңсытыңыз. Тыныс бірқалыпты. Назарыңызды деміңізді тартып, шығарған кезде көтеріліп, басылатын ішіңізге аударыңыз. Деміңізді тартқанда ішіңіз сәл-пәл көтеріледі, ал шығарғанда түседі. Ойыңызға әрнәрселер келуі мүмкін, бірақ сіз ол ойлардан ойыңызды аулақтатып, көтеріліп, басылған ішіңізге назарыңызды шоғырлаңыз. Күн сайын таңертең 15-20 минут айналысып отырсаңыз, уақыт өте келе ойыңызды ақырындап бақылай алатын деңгейге жетесіз.

Ақылды тыныштандыру тәсілі: Таңертең ертерек тұрып, жуынып алған соң, еденге, болмаса төсекке молдасыңызды құрып отырып, көзіңізді төмен салып, денеңізді босаңсытыңыз. Содан кейін 15-20 минут маха-мантраны қайталаңыз. Маха-мантра санскрит тіліндегі дұға және ол ақылды тыныштандырады. Бар назарыңызды мантраға аударыңыз, даусыңызды өзіңіз еститіндей деңгейде ақырын шығарып, өз үніңізге құлақ түріңіз. Маха мантра 16 сөзден тұрады, былай дыбысталады: Харе Кришна, Харе Кришна, Кришна Кришна, Харе  Харе, Харе Рама, Харе Рама, Рама Рама, Харе Харе.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика