292 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Медитация біздің күнделікті өміріміздегі проблемаларымызды шеше ала ма? Өлімнен кейін тіршілік бар ма? Есірткі заттары ішкі жан-дүниемізді тануымызға көмектесе ме? 1976 жылы Оңтүстік Африкада болған кезінде Wрqла Прабһупfда Дурбан шаһарының Нейтл Меркьюри журналының қызметкері Билл Фейлге берген сұхбатында осы және басқа да сұрақтарға  жауап берген еді.

Мистер Фейл: Сонда біз оттағы ұшқындар секілдіміз бе?

Wрqла Прабһупfда: Кrшuа — «баршаны сүйсіндіруші» дегенді білдіретін Құдайдың нfмасы, яғни есімі. Баршаны сүйсіндірмейінше, ешкім де Құдай бола алмайды. Сонымен, Кrшuаны тану дегеніміз — Құдайды тану. Қасиетіміз жағынан Құдайға барабар болғанымызбен, бәріміз де Құдайдың титімдей бөлшектеріміз. Титімдей ғана бір түйір алтынның кен орнындағы үлкен сом алтыннан сапалық жағынан еш айырмашылығы болмайтыны тәрізді, тірі жандар түріндегі біздер де Құдайдың бөлінбес мәңгілік  бөлшектеріміз.

Wрqла Прабһупfда: Иә. От та, ұшқын да от болғанымен, от көлемі жағынан орасан зор болса, ұшқын титімдей ғана. Керісінше, ұшқын мен оттың арасындағы қарым-қатынастан айырмашылығы, біздің Құдаймен қарым-қатынасымыз мәңгі, әйтсе де қазіргі кезде фәни қуатпен жанасуымыздың салдарынан біз сол қатынасымызды естен шығарып алғанбыз. Осы ұмытшақтығымыздың салдарынан біз көптеген қиындықтарға тап боламыз. Егер де, бойымыздағы бастапқы Құдайтану санамызды жаңғырта алатын болсақ, онда бақытқа кенелеміз. Кrшuатану санасының тоқ етер мәні де осында. Бойымыздағы бастапқы Құдайтану санамызды жаңғыртудың ең дұрыс тәсілі осы. Ішкі жан-дүниені танудың сан алуан тәсілдері болғанымен, бүгінгі Кали юга заманының адамдарының азғындығы сонша, оларға өте қарапайым Кrшuатану тәсілі қажет. Қазір олар фәни алға басу дейтіндері проблемаларын шешеді деп ойлағандарымен, шынында бұл олай емес. Бұл проблемалардың шынайы шешімі — Кrшuаны танып, фәни тірліктен біржола құтылу. Құдай мәңгі болғандықтан, біз де мәңгіміз, бірақ фәни табиғатқа тәуелді күйге түскен біз: «Мен мына тәнмін» деп ойлаймыз. Сондықтан да, бір тәннен екінші тәнге қайта-қайта ауысып жүруге мәжбүр боламыз. Бұл надандықтың нәтижесі. Шын мәнінде біз тән емеспіз, керісінше, рухани ұшқындарымыз, Құдайдың бөлінбес бөлшектеріміз.

Мистер Фейл: Сонда тән — жанның қозғаушы құралы тәрізді ме?

Wрqла Прабһупfда: Иә, тән машина секілді. Сіздің машинамен бір жерден екінші жерге көшіп жүретініңіз тәрізді, фәни өмірде де ойша жоруымыздың салдарынан бақытты болуға құлшынатын біздер бір орыннан екінші орынға көшіп-қонумен боламыз. Алайда бәріміз де шынайы күйіміз — Құдайдың бөлінбес бөлшектері екендігімізді және шынайы ісіміз — Құдаймен қатынаса және бірлесе отырып барша тірі жандарға көмектесу екенін ұқпайынша, бізді еш нәрсе де бақытты ете алмайды. Өркениетті адам тәніне тірі жан 8 400 000 тіршілік нысандары арқылы ұзақ эволюция айналымынан өткеннен кейін барып қана ие болады. Сонымен, егер біз осы өркениетті адами тіршілік нысанымызды — Құдайды, ішкі жан-дүниемізді және Құдаймен қарым-қатынасымызды тану үшін пайдаланудың орнына, керісінше, сезім ләззатын қуып, қаңғырумен болсақ, мысықтар мен иттерге ұқсап өмірімізді тектен-текке сарып етсек, берілген осы ұлы мүмкіндіктен айырыламыз. Кrшuатану қозғалысы Құдайды және Құдаймен қарым-қатынасымызды тануға тырыса отырып, адами тіршілік нысанымызды барынша пайдалануға арналған.

Мистер Фейл: Егер де, осы өмірімізді толымды дұрыс пайдаланбасақ, басқа өмірімізде тағы бір мүмкіндік беріле ме?

Wрqла Прабһупfда: Иә, өлім сәтіндегі тілектеріңізге қарай басқа тәнге ие боласыз. Дегенмен де, оның адами тән болатынына ешқандай кепілдік жоқ. Тіршіліктің 8 400 000 нысаны бар екенін жаңа айтып кеттім. Өлім сәтіндегі ойыңызға қарай сол тәндердің кез келгеніне енесіз. Біздің өлім сәтіндегі ойымыз өмір бойы істеген ісімізге байланысты болады. Фәни сана деңгейіндегі һарекеттеріміз ізгілік, құмарлық және надандық гуuаларының көмегімен істеліп, фәни табиғаттың ырқында жүреді. Бұл үш гуuа — сары, қызыл және көк түс іспеттес. Қызыл, сары және көк түстерді араластырып миллиондаған түстерді жасап шығаруға болатыны секілді, үш гуuаның араласуынан тіршіліктің сан алуан нысандары пайда болады. Тіршіліктің сан түрлі нысандарында туу мен өлім айналымдарын тоқтату үшін біз фәни табиғаттың жамылғысынан шығып, таза сана деңгейіне көтерілуге тиіспіз. Ал егер де, біз Кrшuатану бақи ғылымын зерттемесек, онда өлім сәтінде жақсы ма,, жаман ба, әйтеуір бір тәнге ауысамыз. Егер бойымызға ізгілік гуuасын дарытсақ, онда өмір сүру деңгейі жердегіге қарағанда әлдеқайда жоғары ғаламшарлардың біріне көтерілеміз. Ал егер бойымызға құмарлық гуuасын дарытсақ, осы қазіргі деңгейде қаламыз. Ал надандығымыздың салдарынан күнәға батсақ, табиғат заңын бұзсақ, онда хайуани, болмаса өсімдік тіршілігіне дейін құлдыраймыз. Сонан соң біз қайтадан миллиондаған жылдар бойы адами тіршілік нысанына эволюция жолымен бірте-бірте даму сатысы арқылы көтерілуге мәжбүр боламыз. Сондықтан адам өз мойнына жүктелген жауапкершілікті түсінуге тиіс. Адам өзінің Құдаймен қарым-қатынасын түсініп, сол қатынасына сәйкес һарекет ету арқылы осы адами тіршілік нысанына берілетін сирек мүмкіндікті пайдаланып қалуы керек. Сонда ғана ол тіршіліктің сан алуан нысандарында туу мен өлім айналымынан сытылып шығып үйіне, Құдайға қайта оралады.

Мистер Фейл: Бақи медитация адамдарға көмектеседі деп ойлаймысыз?

Wрqла Прабһупfда: Олар медитацияның шын мәнінде не екенін де білмейді. Олардың медитация деп жүргендері — жәй ғана сайқымазақтық, яғни свfмqлар мен йогqлар дейтіндердің алдап-сулап ақша табуы ғана. Медитация адамдарға көмектесе ме деп сұрауыңызға қарағанда, медитацияның не екенін білетін болдыңыз ғой, солай ма?

Мистер Фейл: Ештеңеге алаңдамай, ойды шоғырлау — ақылды тыныштандыру ғой.

Wрqла Прабһупfда: Сонда ойды не нәрсеге шоғырлау керек?

Мистер Фейл: Білмеймін.

Wрqла Прабһупfда: Көрдіңіз бе, медитация туралы көп айтса да, медитацияның шын мәнінде не екенін ешкім де білмейді. «Медитация» деген сөзді қолданғандарымен, медитацияның жөнін білмейтін мұндай суайттар жалған насихатпен жұртты алдап жүр.

Мистер Фейл: Әлде, медитация адамдарды дұрыс ойлауға үйретуімен құнды ма?

Wрqла Прабһупfда: Жоқ. Шынайы медитация дегеніміз — ақылымыздың Құдайтану санасына шомған күйіне жету. Ал егер Құдайдың кім екенін білмесеңіз, қалайша ойыңызды Оған шоғырлай аласыз? Оның үстіне, бұл замандағы адамдардың ақылдарының мазасыздығы сонша, олар ақылдарын шоғырлауға қабілетсіз. Менің олардың медитация дейтіндерін көргенім бар: олар ұйықтап, қорылдағаннан басқа ештеңе де бітірмейді. Өкінішке орай, Құдайтану немесе «жантану» дегенді желеу етіп, Веда білімінің беделді кітаптарына сүйенбей, өз медитацияларын ойлап шығаратын көптеген суайттар осылайша жұртты алдап-арбаудың тағы бір түрімен айналысуда.

Мистер Фейл: Ал Успенский, Гурджиев секілді ұстаздарға қалай қарайсыз? Кезінде олар да Батысқа сіздікіне ұқсас ілім әкелген болатын.

Wрqла Прабһупfда: Олардың ілімдерінің Веда үлгісіне сәйкес келетінін-келмейтінін анықтау үшін егжей-тегжей зерттеп білуіміз керек. Медицина ғылымы мен басқа да кез келген ғылым саласы секілді, Құдайтану ілімі де ғылымға жатады. Тіпті, әр түрлі адамдар баян етсе де, Құдайтану ілімі өзгермеуге тиіс. Екіге екіні қоссақ бес те емес, үш те емес, тек төрт болып шығады. Ғылым деген, міне  осы.

"Кітап дүкенінен" сіз ағылшын тілін жедел үйрететін аудиокурсты және "Веда кітапханасы" сериясымен ақпараттық, танымдық кітаптарды алуыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы кіріп алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика