Не ексең, соны орасың

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қасиетті Құранда «Егер кімде кім біреуге жақсылық жасаса, оған соншалықты жақсылық бар, жамандық жасаған адамға да соншалықты жамандық тиесілі. Алланың әрнәрсеге күші басым» деген аят бар. Мұның өзі «не ексең, соны орасың» деген халық нақылымен үндесіп жатқандай. Яғни, жақсылық жасасаң, Алла тарапынан жақсылыққа кенелесің, ал жамандық жасасаң, жазасын алып, тауқыметке тап боласың.

Карма иога.

Карма иога деген иоганың бір саласы бар. Онымен айналысатын адамдар кармасын, яғни іс-әрекетін жақсарту арқылы өмір жолдарын ашып, бұл дүниеде де, о дүниеде де игілік табу шараларын жасайды. Мұны мынадай мысал арқылы түсіндіруге болар еді. Егер сіз өзіңіз өмір сүріп жатқан мемлекеттің заңдарын сақтап, құрметтеп, оны бұзбасаңыз, тыныш, жайлы тірлік кешесіз.

Ал заңды бұздыңыз екен, бірден құқық қорғау органдары тарапынан қуғынға ұшырап, заңда қарастырылған баптар бойынша жасаған әрекетіңізге сай жазаңызды аласыз. Мұның өзі «екі жердегі екі – төрт» деген сияқты қарапайым ақиқат болса да, екінің бірі оның мәнін түсіне қоймайды. Түсінбегені емес пе, заңды бұзып, сотталып, тар қапаста тауқымет тартып жататыны.

Сіз түрмеде болып көрдіңіз бе? Құдай оның бетін аулақ қылсын. Мен журналист ретінде қызмет бабымен әлденеше мәрте түрмеде болдым. Сыртын биік қоршаумен қоршаған, тек төбеден аспан ғана көрінетін сұп сұр бетондардан тұрғызылған сұрғылт жайлар мен сұрғыл киім киген қабақтары қатыңқы сүреңсіз пенделердің бейнелеріне қарап, мұнда қуаныш деп аталатын құбылыстың мүлдем жоқтығын сезінгендей боласың. Түрмеде жұмақтағыдай өмір кешетін ұрылар туралы кинолардың бәрі ойдан шығарылған ертегі ғана.

Шындығында түрмедегі тәртіп темірдей қатаң. Мені ертіп жүрген майор шеніндегі офицер жақындай бергенде қарсы келе жатқан сотталушылар солдаттай тік тұра қалып, «сотталушы пәлен нөмірлі пәленшемін» деп дауыстайды. Мұнда адамдардың қашан тамақтанатыны, қашан ұйқыға жататыны, қай уақытта немен айналысатыны бәрі алдын ала белгіленіп қойылған. Түрме тәртібі мен кестесін ешкім бұза алмайды.

Адамдар неге өздеріне залал келтіреді?

Міне, сондай темірдей тәртіп орнатылған тар қапаста тауқымет тартқан пенделердің бар армандары бостандыққа шығып, өз қалауларынша еркін өмір сүру болады екен. Бірақ өкініштісі сол, олардың көбі бостандыққа шыққасын көп ұзамай тағы да заң бұзып, түрмеге түсіп жататын көрінеді. Яғни, мұндай адамдарды ақылды деп айту қиын. Сотталатынын, тар қапасқа қамалатынын біле тұра сондай қадамға баратындар туралы солай демеске лажың жоқ.

Сол сияқты Жаратқанның заңын бұзып, айналасындағыларға жамандық жасап жататындар да оншалықты ақылды адамдар еместігі анық. Өйткені олар сондай әрекеттері арқылы өз өмірлерін қиындатып алатынын ұқпайды. Яғни, «жамандық жасаған адамға соншалықты жамандық тиесілі» деген Алланың заңын олар қаперлеріне алғысы келмейді. Мемлекеттің заңын бұзамыз деп тар қапасқа қамалып, тауқымет тартатын қылмыскер сияқты, Жаратқанның заңын бұзушылар да өмірде ауру-сырқау, түрлі бақытсыздықтар түрінде алдынан шығатын жаман әрекеттерінің салдарынан қашып құтыла алмақ емес.

Жаратқанның заңын бұзбай, айналаңыздағылармен жақсы қарым-қатынаста болып, қолыңыздан келгенше жұртқа жақсылық жасасаңыз, оның бәрі күні ертең өзіңізге жақсылық болып оралмақ. Егер өзіңізге жаныңыз ашыса және бақытты болғыңыз келсе, онда Жаратқанның заңымен жүріңіз, яғни, тек жақсылық жасаңыз, жамандықтан аулақ болыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика