Кеңес заманында ақшаның да, байлықтың да еш қадір-қасиеті болған жоқ. Ол кезде ақшаға көп нәрсені сатып алуға болмайтын. Қазір ақшаға бәрін алуға болады. Сондықтан ба, бүгінгі адамдардың мінез-құлқы да кеңес заманындағы адамдардан басқаша. Ақша үшін арын, тәнін сататындар шықты. Тіпті, газеттерде өздерінің бүйректері мен бауырларын ақшаға сатамыз деген жарнамаларды да оқыдық. Осыған орай, қазіргі пенделер үшін байлық бақытқа жеткізер басты қадам деген түсінік орын алғандай.
Мақсатқа қалай жетуге болады?
Бүгінде бай-бақуатты болуды армандамайтын адам жоқ шығар. Бірақ та, байлық екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Рас, нарыққа алғаш көшкен жылдары кездейсоқ байығандар және қолындағы биліктерін пайдаланып, қазына мүлкін ұрлау арқылы дәулетті атанғандар шықты. Дегенмен, қазір ондай жолмен байлыққа жету қиын. «Секрет» бестселлерінің авторы үйсіз қаңғыбастан миллионерге айналған Джо Виталенің айтуынша, мақсатқа жетудің құпиясы бар және (далее…)
