Зердесіз адам – бақытсыз

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

маскүнемдікАдамдар неге қателік жасайды және  бір жасаған қателіктерін неге қайталайды және сондай қателік жасаған адамдардың тауқымет тартып жатқандарын көре тұра неге сондай теріс әрекетке барады? Бұндай көзге көрініп тұрған қателіктер жасап, бақытсыздыққа ұрынып жатудың ең басты және негізгі және бірден бір себебі – зердесіздіктен.

Зерде деген не?

Біздің бүгінгі аспан мен жерді, жердің астындағыларды түгел зерттеген ғылым адамның өзін, оның психологиясын толымды зерттемейді, соған орай бұл жөніндегі толымды білімдері де жоқ. Адам психологиясын  дін, оның ішінде дәстүрлі  діндер ғана зерттейді.

Бһагавад Гитада зерде ақылдан да, сезімнен де (чувства, ум, разум) биік тұратыны айтылып, оның үш функциясының барлығы тұжырымдалады. Ең алдымен, зерде пайдалы және залалды әрекетке талдау жасап, анықтайды. Екіншіден, зердесы бар адамда жады (память) және ерік күші болады. Кез-келген нәрсеге «мынау маған ұнайды» немесе «ұнамайды» деп баға беріп, сол тұрғыда қарайтын ақылдан өзгеше, зерде әрнәрсеге «пайдалы» немесе «залалды» деген тұжырымда қарайды.

Осыған орай, зердесі бар адам міндетті түрде бірдеңе жасар алдында оның ең алдымен пайдалы жағына назар аударады. Пайдасыз болса, тіпті өзіне қатты ұнап тұрса да оған жуымайды. Ал ақыл деңгейіндегі адам әрнәрсеге ең алдымен ұнамды, не ұнамсыз деген өлшем тұрғысынан қарайды.

Мысалы: ақыл деңгейіндегі адамға темекі тарту ұнайды екен, оның денсаулыққа зиянына көз жұмыып, темекіні күндіз-түні бұрқылдататын болады. Ал зерделі адам темекінің залалы мен пайдасын таразыға салып, залалының көптігін білген соң ақы берсең де темекі тартпайтын болады. Зерделі, не зердесіз адамның айырмасы осында.

Байлық, мансап, даңқ адамға бақыт әкеле ме?

Ертеректе, сонау 90-шы жылдары теледидардан «Байлар да жылайды» деген телесериал көрсетілген еді. Капиталистік қоғамда өмір сүріп жатқан біздер байлардың да тауқымет тартып, бақытсыз күн кешетінін көріп те, естіп те жүреміз. Өйткені, байлық көбейген сайын ол адамға рахатпен бірге, қауіп-қатер, түрлі қиындықтар түріндегі тауқыметтер де әкелетіні белгілі.

Бай адам ең алдымен, байлығына байлық қосқысы келеді. Бұл оңай шаруа емес, яғни оған көп күш, уақыт жұмсау қажет болады. Содан кейін сол байлықты сақтау да оңай шаруа емес. Өйткені, байлыққа сұғын қадайтындар қай жерде де аз болмайды. Ақырсында, сол байлық адамды жақын туыстардан, дос-жараннан аулақтатып, оқшау тірлік кешуге мәжбүрлейді.

Мансап адамның бойындағы өркөкіректікті арттырып, өзін өзгелерден биікпін деп санауға мәжбүрлейді. Осыған орай ондай адамдар әдетте қарамағындағыларға шекесінен қарап, дөрекілік көрсетеді, әділетсіздік, тіпті қиянат жасап жатады. Сөйтіп, ондай адамдар өзгелерден оқшау қалып, біреулердің жеккөрінішіне ұшырайды.

Даңқ та адамның өзін өзгелерден биік санауын туғызып, бойында өркөкіректік, тәкаппарлық, өзімшілдік сияқты жаман қасиеттердің орнығуына ұшыратады. Ал бұндай қасиеттер оны айналасындағылармен жақындатпайды, керісінше аулақтата түседі.

Мынау бес күндік ғұмырда бақытты болу үшін айналаңыздағылармен жылы және достық қатынаста болу шарт. Күнде біреумен ұрыссып, әлдекімдерді ренжітіп жүріп  адам өзін ешқашан бақытты сезіне алмақ емес. Арақ-шарап ішу, зинақорлыққа салыну – бәрі де адамды уақытша қызыққа байлап, денсаулығына бір залал келтірсе, айналасындағылармен қатынасын және бұзбақ. Бұндай жағдайда адамның бақытты болуы еш мүмкін емес.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика