Архив рубрики «Ақша»

Ақшаңызды құнсызданудан қорғаудың амалы

Осыдан бір айдай бұрын 1 АҚШ доллары 425 теңге еді, содан кейін теңге бағамы 525-ке жетіп, қазір аздап төмендеп, 515-тен сатылуда. Сөйтіп бір айдың ішінде теңге 100 пунктке бірден құлдырады. Өкініштісі сол, теңгенің құнсыздануынан ешкім қорғай алмайды және мемлекет тарапынан да ешқандай кепілдік жоқ. Сондықтан жинап жүрген азын-аулақ ақшасын құнсызданудан сақтау әркімнің өз жеке басының ісі болып табылады.

Құнсызданудан қорғанудың тәсілі – әртараптандыру

Ақшаның құнсыздануы нарықтық қоғамда болмай қоймайтын құбылыс және бұл әлемнің барлық елдерінде бар. Осыған орай, ақшаны құнсызданудан қорғаудың амалын да адамдар ерте кезден ойластырып, тәжірибе жүзінде сынақтан өткен амал-тәсілдерді іріктеп алып, қолданып жатады. Мен сіздің назарыңызға  өзім тәжірибе жүзінде қолданып жүрген сондай тәсілдердің бірін  ұсынамын.

Бұл тәсіл инвестициямен көп уақыттан бері айналысып келе жатқан тәжірибелі инвесторға емес, негізінен оны жаңа бастап жүрген адамға арналған. Оның қолайлылығы сонда: сіздің ақшаңыз ұдайы ақырындап болса да өсіп, көбейеді және ақшаңызды жоғалтып алу қаупі барынша азаяды. Яғни, ең қауіпсіз, сенімді және қолжетімді тәсіл.

Прочитать остальную часть записи »

2022 жылы адамзатты не күтіп тұр?

Әр дәуірде болашақты болжап, жеке бір елді немесе тіпті, барша адамзатты не күтіп тұрғанын қолға қойғандай айтып беретін көріпкелдер болған. Сондай көріпкелдердің бірі 16 ғасырда Францияда өмір кешкен Мишель Нострдамус. Ол соңында болашақта адамзат баласын және жекелеген елдерді не күтіп тұрғанын астарлап түсіндіретін өлеңдер қалдырған. Көріпкелдің жазғандарын дәл түсіндіре алатын адамдар аз, дегенмен центурии аталатын төрт шумақты өлеңдерді өздерінше талдауға талпынатындар қатары аз емес.

Үш күн қараңғы түнек болады

Мыңдаған жылдарға арналған көріпкелдің болжамдарында 2022 жылға арналған болжам да бар. Бұл жылы адамзат үшін Жер планетасы нағыз сынақ орнына айналмақ. Табиғатты ластап, ойларына келгенді жасаған екі аяқты пенделерді жер ана жазалауды қолға алады. Бұл жылы табиғат апаттары әр өңірде көп болмақ.

Сондай табиғат апаттарының бірі Еуропаны түгел қамтитын қатты дауыл. Ең күшті соққыны Франция алады дейді көріпкел. Табиғат апатынан келетін зиян шаш етектен. Сонымен бірге, жапон аралдарында қатты жер сілкінісі болып, адамдарға үлкен зардап шеткірмек. Жер сілкінісі көріпкелдің пайымынша, қазан айында болады деп күтілуде.

Прочитать остальную часть записи »

Ақшаның азабы

Осыдан екі ғасыр бұрын өмір кешкен орыстың ұлы ақыны Александр Грибоедовтың «Ақылдың азабы» деген шығармасы болған. Ол кездің адамдары ақылдан азап шексе, қазіргі ақша билеген нарық заманында адамдар ақшадан азап шегеді дегенге сенуге бола ма? Өкінішке орай, бұл шындық. Рас, ақша тікелей мағынсында адамдарға азап тартқызып жатпаса да, ақшаның молдығынан пенделер ақылдан айрылып, өздеріне залал келтіретін істер жасауда.

Беташарға 50 миллион теңге

Таяуда әлеуметтік желіде бір байшыгештің баласының үйлену тойында беташарға бір-бірімен жарысқан адамдар 50 миллион теңге салғаны туралы бейнеролик жарияланды. Буда-буда ақшаны жайылған орамалға тастап жатқан байлықтан бастары айналған пенделер осы әрекеттері арқылы өздеріне, өздерінің болашақтарына қаншалықты залал келтіріп жатқанын мүлдем сезбеген сияқты.

Беташарға ақша салғанда тұрған не бар? –деген сауал туындауы мүмкін. Айтайын. Ең алдымен, бұл бүгінде азын-аулақ жалақымен жан бағып, пәтер жалдап, қалт-құлт тірлік кешіп жатқан қалың қара халықтың (олар жалпы қазақстандықтардың кем дегенде 40-50 пайызын құрайды) ашу-ызасын туғызғаны анық. «Ашынған Құдайын

Прочитать остальную часть записи »

Кредит өсімі 2000 пайыз

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева ұлттық банк басшылығының назарын аударған мәлімдемесінде екінші деңгейлі банктердің қарапайым халықтың қанын теспей сорып, аяусыз тонап жатқандығын айтады. 145 мың теңгеге дейінгі микрокредиттерді банктер 2 мың пайыздан артық өсіммен қайтарып алады екен. 2000 пайыз дегенге ой жүгіртіп қараңызшы. Бұл енді ешбір ақылға сыймайтын өсім ғой.

Ақша тапшылығынан құтылудың  оңай тәсілі

Бүгінде адамдардың көбі, әсіресе қазақтар ақша қажеттігі мәселесін шешудің ең оңтайлы жолы деп таныс біреулерден қарыз алуды немесе банктен кредит алуды санайды. Қарыз алуға үйреніп алған адам сәл ақшаға қажеттілік туа қалса банкке немесе ақшасы бар таныстарына жүгіреді. Осылайша олар мойындарына мол қарызды жинап алып, бар тапқандарын сол қарызды жабуға жұмсаумен тірлік кешеді.

Прочитать остальную часть записи »

Ақшаны қорлау – Алланы қорлау

Әлеуметтік желіде бір қазақ келіншегі әжетханадан шығып келе жатып, қалтасынан бір буда ақша шығарып: «мен дәрет алып отырып та ақша табамын, ақша деген не, ол жәй қағаз» деп ақшасын далаға лақтырып жіберген видеосы жарияланды. Әлгі келіншектің  бұл әрекеті көптеген адамдардың ашу-ызасын туғызып, жұрттар өз пікірлерін жазды.

Ақша – Алланың қуаты

Ақша деген біздер ойлағандай, айырбас құралы немесе түрлі суреттер мен әшекейлер салынған қағаздан жасалған жансыз зат емес, ол – Алланың қуаты. Ал кез-келген қуат тірі жанға күш береді. Мәселен, электр қуатын алайық, ол арқылы заттарды көтеріп, түсіруге, тамақ пісіруге, тоңазтқыш ретінде пайдалануға, кір жуып, үйді тазартуға да болады. Яғни, электр қуаты қуат ретінде көп нәрсені атқара алады.

Прочитать остальную часть записи »

Кредит алу – өзіңді құрдымға құлату

Адамдардың көбі бүгінде ақша тапшылығы мәселесін шешудің ең сенімді және жеңіл жолы – банктерден кредит алу деп түсінетін болды. Кредит алып той жасайды, кредит алып, үй сатып алады, кредитке бала оқытады, кредитпен басқа да мәселелерін шешіп  жатады. Осылайша, кредитке үйреніп алғандар ақшаны үнемдеу, оны дұрыс пайдалану дегенге мүлдем көңіл бөлмейді.

Бес адамды атып өлтірген борышкер

Күні кеше бүкіл елді шулатқан қанды оқиға орын алды. «Центркредитбанктен» несие алған борышкерге сот орындаушылары келіп, үйді босатуын талап еткенде үй иесі аңшы мылтығымен бес адамды сұлатып салған. Бар өмірі алдындағы өрімдей жас бес жігіт қас пен көздің арасында мәңгіге көз жұмды.

Прочитать остальную часть записи »

Ақша – азғындық құралы

Пәлсапалық ұғыммен алып қарасақ: ақша айырбас құралы және оны жақсы да, жаман да деп айтуға болмайды. Ақшаны түрлі қайрымдылық шараларына, баспана, киім, көлік, басқа да қажеттіліктерді алуға пайдалануға болады. Сонымен бірге, ақшаға адам өлтіретін қару сатып алуға, жезөкше қыздарды жалдап алып, зинақорлық жасауға, пара беріп, заң бұзуға, тіпті  киллер жалдап, кісі өлтіртуге де болады. Қазір жасыратыны жоқ, ақшаны жақсы ниеттерге емес, жамандыққа пайдаланушылар қатары көбейіп кетті.

Ақша адамның санасына қандай өзгерістер әкеледі?

Менің балалық және жастық шағым социалистік қоғам аталатын кеңес заманында өтті. Ол кезде білім, денсаулық, баспана алу – бәрі тегін болатын. Коммуналдық қызмет бағасы да өте төмен еді. Жалпы, киім-кешек, азық-түлік – бәрі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда арзан болды. Мысалы, сіз 50-60 тиынға кез-келген асханадан тойып тамақ іше алатынсыз.

Прочитать остальную часть записи »

Байлыққа жетудің басты қадамы – инвестиция

Ақша билеген қазіргі нарық заманында абй-бақуатты болсам деп армандамайтын адам кемде-кем. Бірақ та, сол адамдардың 90 пайызының арманы орындалмайтын қиял ғана болып қалып жатады. Неге? Өйткені, ол адамдар инвестициямен айналысып, бақуатты болсақ, шіркін деп қиялдаумен бар шаруаны бітіреді, яғни нақты іспен айналыспайды.

3,5 жылда 14 есе өскен депозит

Осыдан үш жарым жыл бұрын, атап айтқанда 2018 жылдың сәуір айында Астанада тұратын бір таныс жігіттің үгіттеуімен 1000 евро салып, шетелдік Виста депозитін ашқан едім. Мың евроның ол кездегі бағамы 440 мыңдай болатын. Сол тұста еңбек демалысына шығып, екі айлық көлеміндегі сыйақы алып, шала байып қалған тұсым еді. Алдында жинаған азын-аулақ ақшам да болатын.

Прочитать остальную часть записи »

Бұл жобадан табатын 4 түрлі пайдаңыз

Сайтымызда өткен аптада  Дивидендо атты жаңа инвестициялық жоба туралы мақала жазған едім. Бүгін сол жоба туралы кеңірек тоқталған мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмын. Шынын айтқанда бұл жоба алғаш ойлағанымдай емес, біршама күрделірек және мақсат мәні де толымдырақ болып шықты. Енді осы жайында жан-жақты баяндай кетейін.

Жобаға кімдер қатыса алады?

Интернетте бүгінде жаңадан ашылып, ақшаға қарық қыламыз деп уәдені үйіп-төгетін бизнес жобалар аз емес. Өкінішке орай, олардың көпшілігі адамдардың ақшаларын алдап алып, түрлі сылтаумен жабылып қалып жататын арзанқол жобалар. Содан мезі болған адамдар мұндай жарнамалары жарияға жар салған жобаларға онша көңіл бөле қоймайды.

Прочитать остальную часть записи »

DIVIDENDO – ақшаңызды екі еселеңіз

Нарық талабы бойынша қандай нәрсеге ұсыныс бар,  ақша тапқысы келген кәсіпкер жұртшылыққа соны ұсынады. Сонау кеңес заманынан басталған қаржы пирамидалары әлі күнге дейін өңін, мәнін өзгертіп өмір сүріп келеді. Олардың жаңа заманға бейімделгені сонша, қазір кейбір пирамидаларды қаржы пирамидасы деп санауға да болмайтындай.

Бизнеске қажетті ең басты нәрсе – тапқырлық

Егер сіз бизнеспен айналысып, бәсекелестерден оза шауып, мол пайда тапқыңыз келсе, онда тапқыр болуыңыз  шарт. Халықты қызықтыратын және бұрын болмаған жаңа жобалар сізге қысқа мерзімде қомақты табыс әкеледі.  Капиталистік қоғамда бірнеше ғасыр бойы өмір кешіп келе жатқан Батыс елдерінде тапқыр бизнесмендер жетіп артылады. Олардың ауадан ақша жасайтын тапқыр жобалары таңдай қаққызарлық.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика