Архив рубрики ‘Дін’

102Дін туралы түрлі пікірлер, түсініктер бар. Материалистік ғылым дін атаулыны түгел адамның табиғаттың алдындағы дәрменсіздігінен туған ойдан шығарылған түсінік деп санайды. Тіпті, дін жолымен жүретін адамдардың өздерінің арасында дін дегеніміз не, оның мәні, мақсаты қандай деген мәселелерге көңіл бөлмейтіндер көп.

Ойдан шығарылған секталар мен діни ағымдарды былай қойғанда, бүгінде адамзат баласы ұстанып жүрген бес дәстүрлі діннің мән-мақсатына назар аударып қарайтын болсақ, адамның бойындағы ізгі қасиеттерді дамытып, жамандықтан жеріндіру екендігін бағамдаймыз.  Жалпы дін атаулы ешқашан жаман бол деп айтпайды.

Ислам діні – имандылықтың негізі

Ислам дінінің тарата айтар болсақ қырық парызы бар екен, соның бірі – ілім-білім үйрену. Ілім-білім болғанда кәдімгі (далее…)

шәйтанРесейде Мәскеудің діни академиясының бұрынғы қызметкері Кураевтің павославие шіркеуін жемқорлық пен гомосексуализм жайлаған деп айыптауына байланысты жанжал өріс алуда. Оның айтынша, Қазандағы діни семинарияның басшысы оқушы бозбалаларды зорлап келген.

Дін қызметкерлерінің арасындағы күнакарлықтар

Осыдан біраз жыл бұрын мешіттің сол кездегі имамының үстінен намазхандар арыз жазып, Алматыдан арнайы тексеруші келді. Ол жиын өткізіп, сонда әлгі имамның мәселесі талқыға түсті. Діни (далее…)

исламКеңес заманында намаз оқу, ораза ұстау надандықтың белгісі саналса, бүгінде оқыған, жақсы қызмет атқаратын жастар арасында намаз оқитындар қатары көбейді. Өзім тұратын Көкшетаудағы орталық мешітке жұма күні барсаң намазға келген адамдар мешітке сыймай, тіпті далада тұрып оқитын кездері көп.

Намазды не үшін оқиды?

Ұлы Буддаға ақыл сұрай келген бірнеше адамға білгісі келген нәрселерінің әртүрлі екендігіне қарамастан ол шәкірттерінің көзінше бірдей жауап береді. Будда әлгілердің бәріне «түйсіну керек» деп ақыл беріпті. Мұны естіген шәкірттері ұстаздан «әлгі (далее…)

дінКүні кеше Парижде болған лаңкестік әрекеттен кейін әлемнің көптеген елдері  осы әрекетті жасаған ислам лаңкестерін тағы да айыптады. Бұның алдында да әр жолы осындай лаңкестік болған сайын саясаткерлер, қоғамдық ұйымдар экстремистерді айыптап, өз пікірлерін білдіріп жататын.

Исламның жаулары

«Жақсы болмақ мың күнде, жаман болмақ бір күнде» демекші, ислам дінінің бейбітшіліксүйгіш, адамдардың бойындағы ізгілік қасиеттерді дамытуға ықпал ететін жағымды құбылыс ретінде ғасырлар бойы қалыптасқан бар абырой-беделін кейінгі кезде (далее…)

әулиеИслам дінінің діңгегі саналатын Құранды көбіміз білгенімізбен, хадис туралы жете біле қоймайтынынымыз рас. Хадис пайғамбардың сөзі немесе дін исламға, имандылыққа қатысты айтылған ұлағатты сөздер деп түсінетіндер бар, тіпті хадистер бұрмаланған, сондықтан оны пайдалануға болмайды деп санайтындар да жоқ емес. Шын мәнінде хадис дегеніміз не және ол қайдан шыққан, ислам дініндегі оның рөлі мен қызметі қандай деген мәселелер туралы Науан хазірет атындағы  мешіттің имамы, дінтанушы Серік Халықов баяндайды.

Сұрақ: Хадистер қайдан шыққан және оның ислам дініндегі орны туралы не айтасыз?

Жауап: Егер тілдік ұғымына қарайтын болсақ, хадис деген – жаңа немесе – сөйлеу деген мағынаны білдіреді екен. Шариғат (далее…)

исламМеккеге қажылыққа барып, мұсылмандық парыздарының бірін өтеу исламды ұстанатын әрбір пенденің арманы. Жыл сайын Құрбан айты қарсаңында қажылық парызын өтеу үшін 2 миллиондай адам Меккеге келеді екен. Биылғы жылы қажылық парызын өтеуге келгендер күтпеген апатқа тап болып, Арафат тауына бара жатқандар мен қайтып келе жатқан қалың топтың түйісуі салдарынан 717 адам тапталып қаза тапса, 800-дей адам ауруханаға түскен.

Меккедегі мұндай апат бірінші рет болып отырған жоқ

Қажылық парызын өтеуге келгендер арасында қалың нөпірдің табан астында қалып, тапталып өлу оқиғалары биыл бірінші рет болып отырған жоқ. Мұндай қайғылы апаттар үнемі қайталанып (далее…)

әулиеИслам дінінің басты діңгегі – Құран. Көбіміздің әдемі өрнектелген қасиетті кітапты көргенімізбен, ол туралы жете біле қоймайтынымыз рас. Науан хазірет атындағы Ақмола облыстық орталық мешітінің наиб имамы, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, исламтанушы Серік Халықов ислам дінінің қасиетті кітабы – Құран Кәрім туралы баяндайды.
Сұрақ: Құран қашан, қалай түсті, онда қандай мәселелер қамтылған, оның сипаты, мән-мазмұны жайлы айтсаңыз.

Құран Пайғамбарымызға уахи түрінде түсті.

Жауап: Ислам дінінің қасиетті кітабы – Құран Кәрім Пайғамбарымызға кітап түрінде емес, уахи (аян) түрінде 23 жылдың ішінде түскен. Аян деген адамға ұйқыдағы кезінде берілетіндііг белгілі, бірақ Құран Пайғамбарымызға ұйқыда жатқан кезінде емес, ояу кезінде түскен. Оның ерекшелігі де (далее…)

сектантКеңестер Одағы қирғаннан кейін темір шымылдық алынып, шет елдерден алдымен түрлі ақпарат, сонан кейін шет елдік тауарлар ағылды. Босаған үлкен ақпарат алаңынан өз үлестерін қармап қалуға құлшынған түрлі діни ағымдардың уағызшылары да асқан белсенділікпен жұмыс істеуге кірісті. Коммунистердің тұщымсыз бірсарынды ақпараттарынан әбден мезі болған жұрт алғашында шет елдік ақпараттардың бәрін қомағайлана қабылдаған.

Жалған пайғамбарлар

Сол тұста шет елдердің өзінде жұмысына тиым салынған түрлі діни ағымдардың жетегіне ерушілер қатары көп болды. Тіпті, шет елдік жалған пайғамбарларға еліктеген ТМД елдерінің аумағынан шыққан «пайғамбарлар» мен «әулиелер» де жер-жерден шыға бастады. Украинада Киевтің (далее…)

діни бұрмалаушылықтарЖер шарында бүгінде 7 миллиардтай адам болса, соның 5 миллиардтайы бес дәстүрлі дінді ұстанады екен. Олар: ислам, христиан, иудей, буддизм және индуизм. Бұл діндердің бәрінің мыңдаған жылдық тарихы бар және қасиетті кітаптары, қалыптасқан діни шарттары бар. Яғни, бұл діндердің бәрін Алладан келген ақиқат жол деп айтуға болады.

Діндегі сабақтастық неден көрінеді?

Веда ілімі бойынша, кез-келген қоғамда дамудың үш сатылы жүйесі болады. Олар: 1 – карма канда, яғни тәни әрекеттер арқылы келетін даму, 2 – гьяна канда, яки философиялық ой-толғаулар негізінде даму, 3 – упасана канда, немесе бһакти – бұл Аллаға махаббатпен құлшылық ету арқылы қол жеткізетін даму сатысы.

Бұл үш даму сатысы жоғарыда аталған бес дәстүрлі діннің бәрінде бар. Енді соған кеңірек тоқталып (далее…)

әулиеДәстүрлі діндердің бәрінде де діннің тазалығын сақтап, оны қарапайым жұртшылыққа түсіндіретін ғылыми институттар бар. Ол христиан дінінде – исихазм, иудей дінінде – каббала, буддизмде – дзен буддизм, индуизмде – бһакти иога деп аталады. Ислам дінінде бұл міндетті сопылық мектебі мойнына алған.

Пайғамбарымыз дүниеден өткеннен кейін ислам дінінде түрлі қайшылықтар пайда болды. Алғашқы төрт халиф: Әзіреті Әбубәкір, Әзіреті Осман, Әзіреті Әли және Әзіреті Омар билік құрған тұста қайшылық өршіп, тіпті ол қарулы қақтығыстарға дейін барды.
Әзіреті Омар қайшылықтарды жою мақсатында оқымысты ғалымдарды жинап барша мұсылмандарға арналған жол – мәзхабты құрды. Бұл діни ұстанымдағы қайшылықтарды біршама тыйғанымен, бәрібір пікір қайшылықтары сақталып қалды. Дін исламның тазалығын сақтап, оны қарапайым жұртшылыққа түсіндіру, беделін көтеруді сол тұстан бастап сопылар мектебі мойнына алды.

Жаратқанға бастайтын жол.

Пірге қол тапсырып, Аллаға жеткізетін жолға түскен шәкірттің басты қаруы – медитация, яғни Алланың атын зікір ету болып табылады. Ертедегі сопылық мектептің бір ұстазының: «дауыстап қайталаған зікірден іштей қайталаған жүз есе артық, ал ойша қайталау іштей қайталғаннан жүз есе (далее…)

Яндекс.Метрика