Архив рубрики ‘Дін’

дінДәстүрлі діндердің бәрінде адамдардың жасауы тиіс діни парыздары бар. Аты айтып тұрғандай парызды орындау міндет. Сол міндеттерді орындау адамға не береді және діни парыздарымызды қалай орындап жүргендігімізді қайтіп біле аламыз? Өкінішке орай, адамдардың көбі діни парыз дегеннің не екендігінен және оны орындау адамға не беретінінен бейхабар.

Біліммен жасалған іс пен білімсіз жасалған істің айырмасы қандай?

Қандай істе де өз ісін жақсы білетін тәжірибелі маманның атқарған жұмысы мен тәжірибесіз адамның істеген шаруасының арасында ат пен түйедей айырма болады. Басқаны былай қойғанда, тіпті тамақ пісіргенде де кәсіби аспаздың пісірген асы мен жәй адамның дайындаған тамағының арасында үлкен айырма болатыны белгілі.

(далее…)

Бұрмалаушылықтар барлық дәстүрлі діндерде бар. Ислам дініндегі бұрмалаушылық пайғамбарымыз (с.а.с) дүниеден өткеннен кейін іле-шала пайда болды. Бұрмалаушылықтың шығуына ең алдымен, адамдардың дін ілімін жете меңгермегені, яғни надандықтары себеп болады.

Бүтін дінді бөлшектеу

Пайғамбарымыз дүниеден өткен соң көп ұзамай бүтін ислам діні екіге жарылды. Пайғамбардың күеу баласы Әзіреті Әли мен оның ұрпағының жақтастары өздерін шиитр деп атап, алғашқы діни бастаудан бөлініп шықты. Пайғамбарымыздың ізімен ергендер сүнниттер аталды. Осылай бүтін ислам діні екіге бөлінді.

(далее…)

суфизмТаяуда Фейсбукте бір қазақ тобына блогымда жарияланған сопылық ағым туралы жазылған мақаланы орналастырған едім. Менің сол мақалама байланысты біраз адамдар теріс пікірлер жазды және көп ұзамай топ әкімшісі мақаламды алып тастады.
Бұған осыдан бірнеше жыл бұрын Сматулла қари деген біреу ұйымдастырған жария зікірші дейтін өздерін сопымыз деп жариялаған біреулердің теріс әрекеттері себеп болды. Яссауи жолын жалғастырушылармыз деп сопылық ағымға жұрт арасында жеккөрініш туғызған, ол аз десеңіз еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндірген жария зікіршілердің басшылары ұзақ мерзімге сотталды.

Ислам дінін жиіркенішті етіп көрсету кімге керек?

Теледидардан 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Иоркте болған лаңкестік әрекетке арналған фильмді көрдім. Бортында 96 жолаушысы бар лайнерді 5-6 адамнан тұратын ислам экстремистері басып алып, Вашингтонға бағыттайды. Ойлары мемлекеттік маңызы бар бір нысанды жою болады.

(далее…)

Діннің шығу тарихына ой жіберіп қарасақ, ол  адамзат баласымен бірге жасасып келе жатқанын аңғаруға болады. Дін жүздеген мың жыл бұрын тас ғасырында өмір сүрген жартылай тағы адамдарда да болған. Археолог ғалымдарымыз ежелгі дәуірде жерленген адамдарды жерлеу рәсімдеріне қарап, олардың қандай діни шарттарды ұстанатынын анықтайды.

Жалған пайғамбарлар.

Бүгінде адамзат негізінен бес дәстүрлі дінді, атап айтқанда: ислам, христиан, иудей, буддизм және индуизм діндерін ұстанады. Сонымен бірге, дәстүрлі емес діндер де жетерлік, сондай-ақ жоғарыда аталған дәстүрлі діндерден бастау алатын түрлі ағымдар да көп. Өткен ғасырда өмір сүрген «Саентология шіркеуінің» негізін салушы Рональд Хаббард «байығың келсе, жаңадан дін (далее…)

«Аңсар» кеңес беру, оңалту орталығы қоғамдық бірлестігінің директоры, теолог Асқар Сабдин ислам діні туралы өз ойын ортаға салады.
Сұрақ: ислам діні қандай дін?
Жауап: Бұл сауалға бірер ауыз сөзбен жауап беру мүмкін емес. Дегенмен, қысқаша айтар болсақ, бұл – бес парыз. Ең алдымен, Аллаға иман келтіру, яғни сену. Содан кейін бес уақыт намаз оқу, ораза ұстау, қайыр-садақа беру және хажға бару. Бұлардың бәрі – мұсылман баласы үшін парыз, яғни орындалуы тиіс міндет болып табылады. Егер мұсылманмын деген адам осы бес парызын дұрыс орындап жүрсе, оның бойында барлық адами, ізгі қасиеттер орнықпақ.

Ислам дінінің тән саулығына пайдасы.

Мәселен, намаз оқу үшін сіз жуынып- шәйінасыз. Бұл – тазалық. Әзірбайжандық бір ғалым бес уақыт намаздың дене жаттығуы екендігін, оның түрлі аурулардан сақтайтынын ғылыми негізде дәлелдеп, еңбек жазды.

Дәрет алып жуынып-шәйіну тән тазалығын сақтайды, яки гигиеналық жағынан таза жүруге, сол арқылы денсаулығын бекемдеуге көмектеседі. Ал намаз оқу барысында жасалатын дене қимылдары да адамды түрлі дерттерден сақтайды екен. Бұның бәрі намаздың адамға берер (далее…)

Пайғамбарымыз (с.а.с) дүниеден өткеннен кейінгі аса қиын кезеңде жаңа құрылған мұсылман мемлекетінің тізгінін қолына алып, жаңа дін исламды жан-жақтан төнген түрлі қатерлерден сақтап қана қоймай, оны әлемге таратуға үлкен үлестерін қосқан төрт халифаның бірі – хазірет Әли атанған Әли ибн Әбу Тәліп ибн Әбдүл-Мүтталіп ибн Хашам ибн Әбди Манап ибн Құсайи еді. Ол хижра жыл санағынан жиырма жыл бұрын дүниеге келген Пайғамбарымыздың (с.а.с) ағасы Әбу Тәлібтің кенже ұлы болатын.

Пайғамбарымыздың (с.а.с) тәрбиесінде болуы.

Балалары көп болғандықтан, оларды асырау қиын болғандықтан туыстары Әбу Тәлібтің балаларын өз тәрбиелеріне алады. Әли осылайша Пайғамбарымыздың (с.а.с) тәрбиесінде өседі. Ол он жасқа толғанда бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с) бен жұбайы Хадиша анамыздың намаз оқып отырғанын көріп қайран қалып сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с) бұның жаңа дін (далее…)

Ислам дінінің тарихына ой жіберіп қарайтын болсақ, сопылық ағымы өз бастауын сонау сахабалар заманынан алатындығын бағамдаймыз. Құраннан барлық сауалдың жауабын табуға болады дейді. Осыған қарап, ислам діні кейбіреулердің айтатынындай, тек этикалық нормалар жинағы емес, ол барша тіршілік туралы түсінік беретін әмбебап ғылым.
Барша адамдардың ғалым болмайтыны сияқты кез-келген мұсылман дін ілімінің білгірі бола алмайды. Ғалым болу үшін сіз аспирантураға түсіп оқып, ғылыми жетекшінің көмегімен белгілі бір тақырыпты зерттеп, жаңалық ашуыңыз шарт. Содан кейін сізге ғылым кндидаты немесе докторы атағы беріледі. Сол сияқты ислам діні ғылымында да сопылық ағымы аспирантураның міндетін атқарады.

Сопылық ислам дінінің ағымы ма, әлде құрамдас бөлігі ме?

Бүгінде ислам дінінің бөлшектеніп, түрлі теріс ағымдардың көбеюіне орай, ислам діні ғылымы, яғни сопылық та өзінің бұрынғы маңызын жоғалтып алды. Осыған орай, сопылық туралы оларды теріс ағым деп түсіндіретін теріс көзқарас қалыптасуда. Бұған сондай-ақ, сопылық ағымы (далее…)

Саентология шіркеуі деген атпен көп елдерге таралған, дінге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, шындығында қалтаны қалыңдатуды басты мақсат еткен ұйымның негізін қалаған Рональд Хаббард деген жалған пайғамбар «байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген екен.
Жаңадан дін ойлап тапқан Хаббард миллионер болды. Құранда аяттарды арзан бағаға сатпаңдар деген аят бар. Дін атын жамылып, ақша табуды көздейтіндер Мұса пайғамбардың заманында да болған. Қазір де жетерлік және болашақта та бола беретін сыңайлы. Шындығында дінді бұрмалаушылық дәл сондай діни шарттардан пайдасы үшін бас тартатын немесе бұрмалайтын адамдардың тарапынан шыққандығы анық.

Сайтан санасын улағандардың әрекеті.

Қазақ «адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» дейді. Сайтан санасын улаған пенделер өздерін түзу жолдамыз, бәрін кереметтей етіп жасап жатырмыз деп ойлайды. Шындығында олардың теріс әрекеті өздеріне де, өзгелерге де еш пайда әкелмейді.

Фейсбуктегі бір топта өзін ислам дінінің білгірі санайтын біреу «хадис Құранға қайшы» деп жазды. Мен оған «Құран Алланың сөзі болса, хадис пайғамбардың сөзі, сонда ол Құранға қалай (далее…)

исламДін дегенді көп адамдар өмірден, ғылымнан аулақ этикалық нормалардың жиынтығы сияқты нәрсе деп санайды. Барлық дәстүрлі діндерде жаман әдеттен аулақ болып, жақсы істер істеу жайы айтылады. Мәселен, ислам дінінде зина жасама, арам тамақ жеме, өтірік-өсектен аулақ бол дене тәрізді тиымдармен бірге, қайрымдылық, жомарттық, кішіпейілдік, шыншылдық сияқты жақсы қасиеттерді бойға сіңіру керектігі тұжырымдалады.

Дін барлық ғылым-білімнің қайнар көзі.

Шындығында дін – барлық ғылым-білімнің қайнар көзі және бастау негізі. Альберт Эйнштеин сияқты ұлы ғалымдардың өзі Құранның аяттарын оқып, ондағы ақиқаттың ғылыми түсінікпен негізделгенін мойынадғаны осыны айғақтайды. Яғни, дін дегеніміз тек жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуді насихаттайтын идеологиялық құрал емес, барша ғылымның қайнар көзі десек, ақиқаты осы болады.
Дін ілімін жетік меңгерген мұсылман ғұламаларының ақылға сиымсыз небір керемет істер жасайтындығы жайлы ел арасында сақталған әңгімелер аз емес. Сондай ғұламалардың бірі Хазіреті (далее…)

Бүгінде барша әлем халықтары негізгі бес дәстүрлі дінді ұстанады. Олар: ислам, христиан, иудей, индуизм және буддизм. Ал осы дәстүрлі діндерден басқа діндердің бәрі – секталар. Яғни, жалған пайғамбарлардың ойдан шығарған теріс ағымдары. Өкінішке орай жалған пайғамбарлар да, олар ойлап тапқан теріс ағымдар да жыл санап көбейіп барады.

Адам өмірінде діни нанымның алатын орны зор.

Қазір бір ғана Қазақстанның өзінде бес мыңнан астам мешіт бар екен. Көкшетауда орталық мешітке жұма күндері намазға барған адамдар сыймай, далада тұрып намаз оқиды. Намаз оқитындардың көбі жастар. Осыған қарап, діннің адамдардың, оның ішінде жастардың өмірінде үлкен маңызды орын алатынын бағамдау қиын емес.
Кеңес заманында мектепте адамдардың құдайға сенуінің себебі табиғаттың тылсым сырларын білмегендіктен, дәрменсіздіктен туған жай деп оқытатын. Ол кезде көзі ашық адам атеис, яғни дінсіз болуы қажет деп санайтын. Ал бүгінде есімі елге танымал ғалымдардың арасында дін жолын ұстанатындар көп. Мұның себебі неде?
Ғылым, білім дамып, қанша биіктерге жеттік десек те, біздер табиғаттың, қоғамның алдында әрдайым дәрменсіз болып қаламыз. Ғылым дамыған сайын жұмыссыздық, соның салдарынан туған кедейшілік, түрлі (далее…)

Яндекс.Метрика