Биылғы жылдың 1 тамызында «Цифрлы ақша туралы» Ресей федерациясының заңы күшіне енді. Сөйтіп, ресей ақша нарығына цифрлы рубльді айналымға шығарды. Цифрлы ақша туралы осы орайда түрлі пікірлер айтылып жатыр. Оның жағымды, пайдалы жағы да, әсіресе қарапайым халық үшін үлкен залалды жақтары да бар дейді сарапшылар. Енді осы мәселеге жан-жақты тоқтала кетейік.
Цифрлы ақша туралы мәселенің көтерілгеніне біраз жылдар болған. Багам аралдары бірнеше жылдан бері цифрлы ақшаны қолданып келеді. Ал Гренада, Сент-Китса және Невиса, Антигуа, Сент-Льюс, Сент-Винсент мемлекеттері өткен жылы ақша нарығына цифрлы ақшаны айналымға қосты. Көріп отырғанымыздай, цифрлы ақшаны айналымға енгізіп жатқан елдердің бәрі ұсақ мемлекеттер. АҚШ және Батыс елдері сияқты дамыған мемлекеттер әзірге бұндай ақшаны айналымға енгізген жоқ.
Ресей цифрлы ақшаны енгізуге биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап кіріскен. Сол кезден бастап ресейлік 15 банк цифрлы ақшаны айналымға ақырындап енгізе бастады. Ал тамыз айында цифрлы ақша бұл елдің ақша нарығына төлем құралдарының бірі ретінде толық енді. Ресейдің бұндай қадамға баруы әлемдік санкция әкелген ауыртпалықтардың зардабынан дейді сарапшылар. Елде қазір валюта мөлшері азайып, шетел валютасын, оның ішінде АҚШ долларын қолдануға шектеулер қойылды. Цифрлы ақша ресейдің барлық аймақтарында және барлық мекемелерінде қолма-қол және аударымды ақшамен бірдей қолданылмақ.
(далее…)






