Сұрақ: Бүгінде Құранның мән-мағнасы көптеген тілдерге аударылды. Осыған орай, Құранды басшылыққа алып, сондағы нұсқаулармен тікелей жүру қажет деп санайтын уаххабшылар сияқты діни ағымдар шықты. Бұл туралы не айтасыз?
Жауап: Арабтың тілі өте бай. Тіпті, бір сөздің 15-20 мағына беретін жайлары да кездеседі. Сондықтан да, Құранды тікелей қабылдап, оның мән-мағынасын дәл түсінеміз деу мүлдем қате. Қазіргі таңда Құранның исламтанушы ғалымдар 10-20 пайыздайын ғана түсіндіре алады. Ал қалған 80-90 пайызы бізге жұмбақ күйінде қалып отыр. Шын мәнінде Құранның мән-мазмұны шексіз терең.
Құранның мағынасы шексіз.
Оның ішкі және сыртқы мағынасы бар. Сыртқы мағынасына қарап түсіндіру толық түсінік болмайды. Мәселен, шкафтың алдынан қарасақ, ол жалпақ болып көрінеді, ал жанынан қарасақ, ол жіңішке сияқты көрінеді. Шкафқа дәл сипат беру үшін оны жан-жағынан, яғни алдынан да, бүйірінен, артынан, төбесі мен табанынан назар аударып, содан кейін барып сипаттауымыз қажет (далее…)
